ПоәК 042. 18-24 03/02 2015 №1 басылым 11. 09. 2015ж



бет5/8
Дата22.09.2017
өлшемі1.25 Mb.
#1460
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары:

1. Тыныс жолдарының аурулары.

2. Өкпе аурулары.

3. Бронхтың қабынуы.


Негізгі әдебиеттер

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005

4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006

Қосымша әдебиеттер

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988

2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979

3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары / Қожанов, К. – 2005. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_212

5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. // Қожанов, К.– 2006. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_92

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен №10 Дәріс


Модуль 2 Ішкі мүшелер ауруларының терапиясы
Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің аурулары
Жоспар:

1. Өкпе аурулары.

- Өкпенің қан кернеп ісінуі

- Өкпенің қабынуы /пневмония/

- Өкпенің крупозды қабынуы;

- Ателактазды пневмония


Крупозды пневмония - өкпенің тез арада едәуір бөліктерін қамтып, дамуы сатылы түрде өтетін фибрин жалқықты қабынуымен сипатталынатын ауру. Бұл кеселмен көбінесе жылқылар мен қойлар ауырады.

Себептері. өкпенің крупозды қабынуын тудыруда негізгі екі түрлі себептерге мағына береді: қоздыртпа микроорганизмдерге және денені, түршігушілік күйінің жағдайына. Жалқық /қақырық/ және зақымданған бөлікті бактериологиялық әдіспен зерттегенде пневмококктар, стафилакокктар, диплококктар және басқа да микроорганизмдер бөлініп алынады. Бұл микроорганизмдер сау малда да болады.

Соңғы кезде көптеген зерттеушілер крупозды қабынбаны организмнің күшті қоздырғыштардың әсер етуіне беретін аллергиялық жауабының бір түрі ретінде пайда болады деп есептейді. Организм мұндай күйге қызып келген жылқыларды тез арада салқындатқанда, жаздың ыстық күндері қойларды тау өзендерінен айдап өткенде салқын жерге кенеттен ауыстырғанда пайда болады.

Дамуы. өкпенің крупозды қабынуы тез дамиды /гиперемиялық қабыну/, бірер сағаттың ішінде-ақ өкпенің үлкен көлемін зақымдап, альвеолалардың қуыстарына қанды-фибринді жалқықтың жиналуымен сипатталынады. өкпенің зақымдалуы алдымен ылғи да алдыңғы бөліктерінен басталады да, сонан соң бірте-бірте төменгі орталық бөліктеріне ауыса береді, кей жағдайларда артқы үстіңгі бөліктері де дерттелінеді. Дерт өкпеге қан не лимфа жолдарымен таралады.

Белгілері. Крупозды қабынба жіті түрде өтеді. Ауру аяқ астынан, алдын-ала сезілетін еш белгісіз басталады, жылқыда жұмыс кезінде пайда болады.

Анықтау. Рентгенмен тексергенде өкпенің алдыңғы астыңғы және артқы жақ жиектерінде үлкен көлемді қатты қарауытқан ошақтар анықталынады.

Лейкоциттердің солға қарай ығысқаны, нейтрофил түрінің көбейгені, лимфоциттердің азайғаны, эритроциттердің тұну жылдамдығы артқаны байқалады.

Емі. Антибиотик 1кг /5000-7000ЕД Норсульфазол 1кг/0,02-0,03г. тәулігіне 3-4рет. Аллергияға қарсы венаға тәулігіне бір рет 5-6 / күн бойы ірі малға 300-400 г натрий тиосульфаты 30% судағы ерітіндісін енгізу керек: Жылқыға ішке тәулігіне 3 реттен 1,5-2г супростин не пипольфен береді.

Организмнің улануы үдесе – венаға қаныққан глюкоза хлорлы натрий, гексаметилентетрамин ерітінділерін енгізеді.

Антибиотиктерді қолданарда ауру жіті түрде өтіп, белгілері жаңадан біліне бастаған кезінде грамм оң микроорганизмдер басым болатынын ескеру керек. Аурудың осы кезеңінде пенициллин және стрептомицин қолданса, ем нәтижелі болады.

Организмнің иммунитетін көтеру үшін гамма – глобулиндер, гамма, бетта – глобулиндер немесе полиглобулиндер енгізіледі. Осы глобулиндердің орынына тері астына тәулігіне 1 рет 1кг салмаққа шаққанда 1-1,5мл / 3-5 күн қатарынан гидролизин Л-103 енгізеді не аузы арқылы тәулігіне 2 реттен 1кг салмаққа 0,005-0,01 / 5-7 күн қатарынан береді.

Аллергияға қарсылық және қан тамырлар қабырғаларының өткізгіштік қасиетін азайту мақсатында ем қолдану барысында төлдерге: тәулігіне 2-3 рет кальций глюконатын 0,25-0,5г, супрастин 0,0025г-0,05г немесе папольфен 0,025г беру ұсынылады.

Бұзаудың бұлшық етіне 1-3мл 2,4% эуфилин ерітіндісін енгізіп, /ол бронх қуыстарын 2-3 минут ішінде-ақ кеңейтеді/, іле шала кеңірдек қуысына 5-10 мл 5% новакаин ерітіндісін жібереді, жөтел рефлексі басылған соң, 5-10мл 5% новакаинде ертіілген күшті әсер ететін мөлшерінде белокты ыдыратқыш ферментті енгізеді, /пепсин не трипсинді 1кг салмаққа шаққанда 1-2мг мөлшерінде/.

Аттелактазды пневмония - Өкпенің кей жерлерінің ауадан солуының нәтижесінен пайда болатын ауру.

Себептері: сапасыз азық, зоогигиеналық талаптардың сақталмауы.

Дамуы. Физиологиялық жетілмеген, әлсіреген, кеуде бұлшық еттері әлсіріеп, өкпелердің сырт жақ жиектеріндегі ауа алмасу нашарлайды. Ал, ауа алмасуы тоқтатылғаннан кейін сол жерлерде альвеолалар босап, солып, ауасыз ошақтар ателактаздар пайда болады. Кейінірек осы жерлер катаральды түрде қабынады да, микробтар өсіпжөніп ауру ұясы пайда болады.

Белгілері. Ателактазды пневмония көп жағдайда белгілері анық білінбей, созылмалы түрде өтеді, Т- өзгермейді, кейде төмендейді.

Анықтау: Рентгенмен тексергенде өкпелердің шет жақ жиектерінде қарауытқан дақтар көрінеді.

Саралау. Созылмалы бронхит, перибронхит, плеврит, өкпе эмфиземасынан.

Емі. Ашудас (аммоний хлорид).

Гипостазды пневмония - өкпеде қан іркілісінен (гипостаз) пайда болатын қабыну. Көбіне ірі қара мен жылқыда пайда болады.

Себептері. Гипостаздық пневмония, көбінесе жүрек қызметін әлсіретіп барып, кіші қан айналу шеңберінде қан іркілісіне әкеліп соқтыратын кейбір індетті немесе жұқпалы емес ішкі аурулардың асқынуынан пайда болады. Жылқы миоглобулинуриясында. Гипостаздық пневмонияды – зақымданған өкпелер бөлікшелері бір-бірімен тез арада қосылып, үлкен ошақтар құрайды (қосылмалы пневмония).


Бақылау сұрақтары:

  1. Өкпе аурулары.

  2. Өкпенің қан кернеп ісінуі

  3. Өкпенің қабынуы /пневмония/

  4. Өкпенің крупозды қабынуы;

  5. Ателактазды пневмония


Негізгі әдебиеттер

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005

4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006

Қосымша әдебиеттер

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988

2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979

3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары / Қожанов, К. – 2005. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_212

5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. // Қожанов, К.– 2006. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_92

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен №11 Дәріс


Модуль 2 Ішкі мүшелер ауруларының терапиясы

Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің аурулары
Жоспар:

  1. Метастазды пневмони.

  2. Аспирациялық пневмония.

  3. Плевраның қабынуы.

  4. Пневмоторакс, гидроторакс.

  5. Өкпенің эмфиземасы.

  6. Тыныс алу жүйесін аурулардан сақтау шаралары.

Метастазды пневмония өкпенің, індет қоздырғыштары организмнің басқа ағзалары мен тіндерінен әкелініп, бөлшектеніп қабынуы. Көбінесе қойлар ауырады. Себебі. Метастазды пневмония көп жағдайларда кейбір індетті, гинекологиялық және хирургиялық аурулардың асқыну барысында организмнің жалпы қарсылық күшінің әлсіреуінен пайда болады.

Дамуы. Қабынба ошағынан өкпелерге індет қоздырғыштары қан және лимфа жолдары арқылы әкелінеді. өкпелер іріңді және іріңді-шірімелі қабынба учаскелері /метастаздар/ пайда болып олар бірнеше тәуліктер ішінде бір-бірімен қосылып, үлкен ошаққа айналады. Егер дерт, тез үдемелі түрде дамыса, ауру малдар тұншығудан не сепсистен тез арада-ақ өліп қалады.

Белгілері. Ауру жіті түрде жіне ауыр өтеді. Аурудың жалпы күйі кенеттен күрт нашарлайды.

Метастаз – үдемеленген мал қатты ентігеді, солғын тартып жөтел пайда болады, өкпелерінен қатаң дем алу дыбысы және ылғалды сырылдар естіледі, перкуссия кезінде метастаздың сырттау орналасқан жерлерінде шектелінген күңгірт дыбыстар анықталынады, тамыр соғу жиілейді, систолалық фкнкциональдық шуыл пайда болуы, екінші үнінің пайда болуы, шел қабаты (тері асты) кеуде, аяқтары ісінеді т.б.

Анықтау. Ауруға тән клиникалық белгілер мен анамнезіне (организмде індетті ошақтың барлығы) негізделінеді, ЭТЖ артады нейтрофильді лейкоциттер көбейеді, эозинопения, рентгенмен тексергенде метастаз болған жерлерде қарауытқан жаңа ошақтар анықталынады.

Емі. Микробтарға қарсы антибиотиктер не сульфаниламидтер қолданылады, тамырға тәулігіне 2-3 реттен глюкозаны гипертоникалық ерітіндісін, кальций хлоридін, гексаметилентетрамин енгізеді. Хирургиялық, гинекологиялық әдістерді пайдаланып, зақымдалынған іріңді ошақтарды емдейді, жараны тексеріп, жатырды спринцовка арқылы жуып шаяды, шуын ажыратады т.б.

Сақтандыру. Іріңді-септикалық үрдістермен қосақталып өтетін індетті, хирургиялық ауруларға шалдықтырмау.

Аспирациялық пневмония. Бронхылармен өкпенің тыныс жолдарына бөтен заттардың енуінен пайда болып, бөлшекті түрде өтетін қабынуы.

Себептері. Аспирациялық пневмония, көбінесе жұтқыншақтың қабыну, организмнің улану, құсу, қарынның кебу салдарынан пайда болады.

Төлдеу кезінде төлдің кеңірдек қуысына қағанақ сұйығының енуі себепкер болады. Дәрінің кеңірдек қуысына дұрыс түспеуінен де пайда болады. Шошқа ашығудан соң ыстық сұйықты ішкен кезде жұтқыншақтың салдануы туады.

Дамуы. Тыныс жолына аздаған сұйық зат немесе әлсіз тітіркендіретіндей дәрі-дәрмектердің ұшқындары енсе, жөтеліп шығара алады. Егер көп түссе және мал рәлсіресе өкпеде катаральды-іріңді пневмония дамып, қабыну іріңді-шіру үрдісімен асқынуы мүмкін. Шұғыл түрде ем жасамаса, сепсистен өліп кетуі мүмкін.

Белгілері. Ауру жіті түрде өтіп, қабыну белгілері тез арада дамиды. Жөтел, сырыл пайда болады. Кей малдар аяқ асты өліп кетуі мүмкін.

Анықтау. Ауру жайында мәлімет, тексеру нәтижелері, клиникалық белгілері.

Емі. Ауыз қуысын 0,1% этакридин 0,05% калий перманганаты, 1% бор қышқылды ерітінділермен жуып шаю.

Өкпенің өлі еттеніп шіруі /гангерена легких/ өкпе тіндерінің іріп-шіріп ыдырауы, өкпе абсцесінен өкпе гангеренасының айырмашылығы мұнда, өкпенің сау учаскелерімен зақымданған жерлерінің араларында шекаралық жолақ /демаркационная линия/ болмайды. өкпе гангеренасы жылқылар арасында жиі, қойларда сирегірек, ал малдың басқа түрлерінде кейде ғана кездеседі.

Себептері. Өкпе гангренасы, көбінесе, аспирациялық не метастаздық пневмониялардың асқынуы салдарынан пайда болады. Бронхопневмонияның ателактазды, гипостазды не крупозды пневмониялардың асқынулары да өкпе гангренасына әкеліп соқытырады, бірақ, бұндай жағдайлар сирек кездеседі. өндіріс газы, түтінмен көп мезгіл дем алу да өкпе гангренасын тудыруға себепкер болады.

Дамуы. Организм әлсірегенде қабынба ошағында іріңдеткіш-шіріткіш микрофлоралар (пневмококктар, стрептококтар, стафилококтар т.б) қарқынды өсе бастайды. Аурудың барысы сәтті өтсе, пайда болған қуыстар сау тіндерден дәнекер жарғақшалар арқылы бөлініп абцесске айналады, кейін сол іріңді ошақ тығыздалынып, не әктеніп, қатайып (петрофикация) кетуі мүмкін.

Белгілері. Ауру ылғи да жіті түрде өтеді. Аурудың бастапқы кезінде дерт қай пневмонияның фонында басталса, сол қабыну түрінің тән белгілері білінеді. өкпе гангренасының тән белгілері ретінде аурудың жалпы күйінің күрт нашарлауы, үдемелі ентікпенің пайда болуы, тынысынан сасық иістің шығуы (өлген малдың шірік иісі). өкпе гангеренасының асқынуы плеврит, пневмоторакс, өкпелерден қан ағу, гемоторакс т.б. ауруларды тудыруға себепкер болуы мүмкін.

Анықтау. Анамнез, нейтроцитоз (көбеюі), лейкоциттердің удан дақтануы, эозинопения, ЭТЖ артқаны, альвеола тіндерінің эластикалық талшықтарының көбейгендері байқалынады.

Емі. Патогенетикалық және симптоматикалық бағытта. Сонымен қатар кеңірдек ішіне тәулігіне 2-3 реттен зарарсыздандыратын дәрілердің судағы ерітінділерін 2% этакридин немесе 10% норсульфазол ерітінділерін енгізу ұсынылады: жылқы мен сиырға бір енгізу мөлшері 100-200мл.

Плевраның қабынуы. Көкіректің ішкі бетін астарлап тұратын сірі қабықтың қабынуы. Ауру көбінесе жылқылар мен шошқалардың арасында жиі кездеседі.

Жіті және созылмалы // басалқы және қосалқы, шектелген және кіріккен, қабыну процессінің сипаты бойынша – құрғақ және жалқықты (ылғалды) түрлерге бөлінеді.

Себептері: малда плеврит басалқы ауру түрінде сиректеу кездеседі. Ал кездескен жағдайда, көбінесе жылқылар арасында байқалынады. Плеврит, көбіне пневмония не пневмоторакстың асқынуынан пайда болады.

Дамуы. Құрғақ плевритте плевраның қай жерлерінде фибринді (белокты талшық), фиброзды (талшықты дәнекер тін) кейде жабысқақ қабыну пайда болады. Жалқықты плеврить плевраның қуысына алдымен ұйымалы не ұйымалы-катаральды жалқықтар жиылып, кейін олардың іріңді жалқыққа айналып кетуімен сипатталынады.

Плеврит қай түрінде өтсе де оның қуысына толған жалқықтар ауыртып, организмді улатып, тыныс алуын қиындатады, газ алмасу процессін және жүрек-қан тамыр жүйесі қызметін бұзады, сөйтіп өліммен аяқталуы мүмкін.



Белгілері. Плевритке тән белгілер ретінде ентікпенің аралас түрі іш арқылы дем алыстың басымдылығы (абдоминальдық) және кеуде қимылы формасының тең еместігі (ассиметрия) білінеді. Аускультация кезінде кеуденің дерттелінген жағынан тыныс дыбыстары мен жүрек үндері бәсеңденіп естіледі.

Анықтау. Диагнозды дәлелдеу үшін плевра қуысын теседі (плеврацентоз) пневмония, гидротораксты ажыратады.

Іріңді плевритте, плевра қуысын тесіп, шаныштатып ине арқылы жалқықты сыртқа шығарады да сол ине арқылы плевра қуысына 0,2% этакридин ерітіндісін 5% норсульфазолдың судағы ертінідісін не антибиотиктер ерітнідісін енгізеді. Жылқыда пневмоторакс тек екі жақтылы ғана болады.



Гидроторакс /грудная водянка/ плевра қуысына қан сары суының жиналуы. Ауру сирек ит пен жылқыда кездеседі. Ауру ораганизм шеменденуімен не жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің кемістігінің белгілері ретінде, пайда болады. Миокардит, миокардоз саладарынан кейде сол кеуде қуысы ағзаларындағы қан және лимфа айналымының бұзылуынан, эхинококк қабының қысып тастауынан пайда болады.

Өкпе эмфиземасы. өкпенің шектен тыс кеңейгенінен көлемінің ұлғаюы. Эмфиземаның альвеолярлық өкпелердің кеңеюі альвеолалар ұлпасының созылуы арқылы дәнекер ұлпасына ауаның еніп жиналуының саладарынан пайда болатын түрлерін ажыратады.

Себептері. Зорығу, шабыс, аңшы иттерде, саңырауқұлақтар әсерінен.

Интерстициальды эмфизема, ауаның тамырлар бойымен өкпе түбіне тез арада тарап, мойын, кеуде маңындағы тері астына жол тауып шығуымен сипатталады.

өлекседегі өзгерістер. Өкпе үлкейген, қырлары жұмырланған, батқан іздер ойылымы, түсі бозарған, кескенде басылып солмайды. Гистологиялық тексеру барысында альвеолярлық далданып айырылу себептерінен ауа қуыстарының бар екендігі, семгені және далдалдардың жіңішкергендігі, өкпе капиллярларының босап, семгені анықталады.

Белгілері. Эмфиземаның қай түрі болмасын белгілері ұқсас өтеді. Интерстициальды эмфизема тыныс алу қызметі кемістігінің үдемелі түрде дамуымен, өкпелердің көпіршіктенуімен, мойын, кеуде, арқа және сауыр маңайларындағы тері астыларына ауаның бар болуымен (қолмен басқанда быжыл сезіледі) сипатталынады.

Сақтандыру шаралары. Зоотехникалық ветеринариялық-санитариялық іс шаралар. Бордақылау зогигиеналық талаптар т.т.


Бақылау сұрақтары:

  1. Метастазды пневмони.

  2. Аспирациялық пневмония.

  3. Плевраның қабынуы.

  4. Пневмоторакс, гидроторакс.

  5. Өкпенің эмфиземасы.

  6. Тыныс алу жүйесін аурулардан сақтау шаралары.


Негізгі әдебиеттер

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005

4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006

Қосымша әдебиеттер

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988

2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979

3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары / Қожанов, К. – 2005. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_212

5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. // Қожанов, К.– 2006. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_92

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен №12 Дәріс


Модуль 3 Ас қорыту жүйесінің аурулары
Тақырыбы: Ас қорыту жүйесінің аурулары
Жоспар:

  1. Ас қорыту, сіңіру қызметтеріне қарай аурудың жіктелуі;

  2. Қарындар аурулары;

  3. Ас қорыту жүйесі ауруларынң басалқы және қосалқы себептері.

Біз ішкі жұқпалы емес аурулардың клиникалық диагностикалық балауы барысында бұл аурудың жүйесімен толықтай танысып өткенбіз. Онда: ас қорыту жүйесіне биологиялық негіздеме бере отырып, аурудың түрлері, аурудың симптомдық белгілері мен танысып өткенбіз.

Яғни. Ас қорыту жүйесі құрылымы, атқаратын қызметі және азықтандыру технологиясына әсер ететін факторлар т.б қарастырылған.

Сонымен қатар ас қорыту жүйелеріндегі ағзалар (ауыз, қарын, ішек, бауыр іш перделері) ауруларының жіктелуін қарастырғамыз. Мысалы: стоматит, фарингит – эндогенді, экзогенді себептер.
І. Ас қорыту жүйесі ауруларының шаруашылықтарға келтіретін экономикалық зияны өте көп: мысалы - өнімділіктің төмендеуі, әртүрлі індетті ауруларға шалдығуына себепкер болады.

- азық рационы, азықтандыру технологиясы;

- азықты дайындаудағы агротехнологиялық талап.

Ішек-қарын ауруларын тудыратын себептердің ішінде олардың үйлесімділік қызметін реттеп тұратын жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы маңызды орын алады. Уақытылы азықтандыру, ережелері пайда болады. Азық құнарлығы: (витамин, минеральды заттар, ас қорыту физиологиясына сәйкес болуы) т.б.

Организмдегі зат алмасудың бұзылуына соқтырмау. Зоогигиеналық талап, азықтық баланс.

Ас қорыту жүйесінің ауруларынң жіктелуі:



  • ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің аурулары;

  • қарын аурулары;

  • асқазан аурулары;

  • ішек аурулары;

  • бауыр мен іш перде аурулары;

  • шаншу белгілерімен өтетін аурулар.

Осы бөлімдерге сәйкес аурулардың мән мағынасын түсіну қажет.

Стоматит. ( ), лингивит, палантитит.

Басалқы себеп – кілегей қабықтың тітіркенуінен пайда болады. Қосалқы себеп – басқа бір аурулардың салдарынан пайда болады.

Себептері. Механикалық, химиялық, биохимиялық, тіс жарғанда және олар алмасқанда.

Кілегей қабықтар. Химиялық зақымдану, жануарлар – лютик, горчица, у қорғасын, папоротник, сүттіген т.б улы шөптерді жегенде пайда болады. Сондай-ақ, химикаттармен өңделген шөпті жегенде және саңырауқұлақтар өсіп кеткен шөппен азықтандырудан пайда болады. Жалпы иммунитет төмендегенде пайда болады.

Анықтау. Ажырату қиынға түспейді: бірақ қосалқы не басалқы түрлерін ажырату үшін малдың клиникалық күй-жайын да есепке алған жөн.

Емі. Ауызды 2% натрий хлоридімен, 3% натрий гидрокарбонатымкен жуып шаяды.

Фарингит. Жұмсақ таңдай, жұтқыншақтың сыртындағы лимфа бездерінің қабыну процесстері, бадамша безінің, таңдай шымылдығының және жұтқыншақ сақинасының шектелінген қабынуларын баспа (ангино) деп аталады.



Себептері: тыныс жолдарының жоғарғы жақ бөлігінде жұтқыншақ сақинасы маңындағы жақсы дамыған лимфа құрылымдар жүйесінде: сапрофит микробтардың алуан түрері, стрептококттар, стафилакоктар, диплококктар, сарциндер, актиномицеттер, пастереллездер т.б.

Дамуы. Қабыну процесіне – микробтар, азық бөлшектері сілекей, шырыштар әсер етеді.

Қабыну жадығаттары, әсіресе, ұлпалардағы белоктардың ыдырауынан пайда болған заттар және уыттар, микробтар тіршілігінен құрылатын қалдықтар лимфа жолдарымен қанға еніп организмнің сезімталдығын күшейтеді, сөйтіп малдың дене қызуы көтеріледі, аймақтық лимфа түйіндері ісініп домбығады.

Кейде мұрын тесіктерінен ақпалар ағады. Сепсиспен не аспирациялық пневмониямен асқынған фарингиттің белгілері қатты жабырқау және бронхопневмонияның белгілерімен толықтырылады.

Күйіс қайыратын малдың қарындарының аурулары.

Қарындар аурулары ірі қара арасында жиірек, ал ұсақ малда сиректеу кездеседі. Қарындардың жиырылу қызметін бұзатын рефлекстерді қатпаршақтың, ұлтабардың барорецепторларын, аш ішектің химиорецепторлерін ұзақ және әдеттегіден қаттырақ қоздыру әсерлері т.б себептер тудырады.

Мес қарыннның Рн өзгереді, микробтар әсерінен жвн ыдырайды да уыттар құрылады да қанға сіңіп, қорганизмге зияндық әсерін тигізеді.

Мес қарын жиырылуының бұзылуын дистония деп атайды.

Қарындардың: - Динамикалық бұзылыстары; органикалық ауруы.




Қарындар аралығындағы тесіктердің безоармен бектілуі.

  • басалқы және қосалқы дистонияла:

  • гипонтония; атония.

Емі. Ас қорыту жүйесі ағзаларының жиырылу – сөл бөлу қызметін арттыру мақсатымен, ерте буаз малдарға тері астына мынадай дәрілерді бөлшектеп енгізеді.

  • карбохолинді ірі қараға 0.001 – 0.003; қойға 0.0002-0.0004; пилокарпин гидрохлоратын – ірі қараға 0.05-0.4; ұсақ малға 0.01-0.04; прозерин не физиостегмин салицилатын.

Холинергиялық дәрілерді берудің алдында, мес қарындағы бығып, тығыздалынып қалған жынды жуып-шаю арқылы не 5% натрий немесе магний сульфат ерітінділерін ірі қараға 400-700г, ұсақ малға 40-80г, беру арқылы сұйылтады.

Чемерица тұнбасы ірі қараға 5-12мл, қой-ешкілерге 2-4мл береді, не тері астына ірі қараға 5мл енгізеді де кейін 20-30 минуттан соң мес қарынның жиырылуы күшейе түседі, күйіс қайыру басталады. Тұнба енгізген жер аздап домбығады, ісінеді.

Қарындардың жиырылужсозылу қызметін жақсарту, азыққа тәбетін ашу және күйісін қоздыру мақсатымен малға ащы азықтар: ірі қараға тәулігіне 2/рет 20-30г ермен, 20-25г горечавка түбірін, 100-150мл, арақ. Ұсақ малға 5-10г ермен, 50-100г жасанды карловар тұзын береді.

Мес қарындағы азық жынын бейтарап ыдырауын тоқтату үшін- ірі қараға күніне 2-3/ рет 500мл суға 1-2 ас қасық тұз қышқылын құйып сұйылтып береді. Ферментациялық процесті қалпына келтіру мақсатымен 20-40 мл қойыртылған сірке қышқылын 500г қант қосылған 2литр суға қосып береді. 

Зат алмасу процесін жақсарту мақсатымен тері астына ЕД инсулин, 3-4-5г натрий кофеин-бензоат және қан тамырына 250-300мл 20-40% глюкоза ертіндісін, 500-600мл 10% натрий хлорид ертіндісін, калций хлорид ертіндісін натрий хлорид ерітіндісімен 1кг/салмағына 0.04-0.06г араластырып енгізеді.

И.П.Салминнің тұжырымы бойынша жіті тимпаниядаму үшін бір мезгілде үш патогеникалық факторлар әсер етуі керек:

- мес қарында сұйық жынның мөлшерден артық жиналуы; қарындардың жіті атония күйінде болуы және газдың мол құралуы.

Тимпания дамуының бастапқы кезінде рецепторлардың керілуден тітіркенгендігінен, мес қарынның жиырылуы күшейіп қатты ауырсынатын түйілуге дейін апарады.

Қарындағы ашу процесін бәсеңдету үшін аузы арқылы 1000мл, 2% ихтиол ерітіндісін, 50-150мл керосинді суға араластырып не 160-200мл тимпанолды 2мл суға қосып береді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет