ПоәК 042. 18-24 03/02 2015 №1 басылым 11. 09. 2015ж



бет6/8
Дата22.09.2017
өлшемі1.25 Mb.
#1460
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары:

  1. Ас қорыту, сіңіру қызметтеріне қарай аурудың жіктелуі;

  2. Қарындар аурулары;

  3. Ас қорыту жүйесі ауруларынң басалқы және қосалқы себептері.


Негізгі әдебиеттер

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005

4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006

Қосымша әдебиеттер

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988

2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979

3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары / Қожанов, К. – 2005. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_212

5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. // Қожанов, К.– 2006. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_92

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен №13 Дәріс


Модуль 3 Ас қорыту жүйесінің аурулары
Тақырыбы: Алдынғы қарыншақтарының аурулары
Жоспар:

  1. Күйіс қайтаратын малдың қарындарының аурулары;;

  2. Қарындардың жіті гипотониясы және атониясы;

  3. Қарындардың созылмалы жіті гипотониясы және атониясы;

  4. Мес қарынның азыққа толып кетуі;

  5. Мес қарынның жіті кебуі;

  6. Мес қарын бүртіктерінің қабыршақтануы;

  7. Жалбыршақ қарынның бітелуі.

Мес, тақия және қатпаршақ қарындарының жиырылуының бұзылуларымен сипатталынатын дерт. Гипотонияда олардың жиырылу күші әлсіреп саны азаяды ал, атонияда жиырылу қызметі тоқтайды.

Себептері. Қарындардың өз бетімен дамитын гипотониясы және атониясы, ірі қарада жиірек, ешкілерде сирегірек, шырынды азықтан қатқыл құрғақ, клетчаткасы көп азықтарға кенеттен ауыстырғаннан пайда болуы мүмкін. Жарылмаған дәнді дақылды құрғақтай бергенде өте қауіпті. Сонымен қатар көбінесе – буаз, арық және көп мезгіл серуендетілмеген әлсіз малдар арасында жиі кездеседі.

Қарындардың жіті түрде өтетін қосалқы гтпотониясы. Басқа ағзалардың қалыптан ауытқыған рефлекстерінің әсер етуінен пайда болады. Мысалы: ұлтабар сұйық, жұмсақ, әсіресе қышқыл, жалбыршақ қарын мен ұлтабарға шайнамай-ақ, тез өтіп кететін, азықтармен толып кеткенде, қарын қатпаршасы бітелгенде, желін қабынғанда, жүйке зақымданғанда, дене қызуы көтерілгенде т.б жағдайларда пайда болады.

Дамуы. Жоғарыда келтірілген факторлар қарындардың қозғыштық қабілетін азайтып жиырылуын нашарлатады, соның салдарынан күйіс қайтаруы бәсеңдейді не мүлдем тоқтайды, жындардың кейінгі ағзаларға ауысып кетуі баяулайды, заттардың сіңіріліуі және микробиальдық ферментациялық процесстері бұзылады. Жынның мес, тақия, жалбыршақ қарындарда кідірілуі микрофлора құрамын өзгертіп, Рн- 6,3-5,8 ге дейін төмендетеді. Осындай өзгерістер барысында құралған улы заттар денеге сіңеді де организмді уландырады, соның нәтижесіде

Күйіс қайыратын малдың ұлтабаралды қарындары төрт бөлімнен құралған /ірі қара мал, түйе қой ешкі/. Алдынғы үш бөлім: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және малдың негізгі қарны – ұлтабардан тұрады.

Осы қарын бөлімдері қызметінің өзгерістері жиі болып тұрады сондықтан, оны зерттеудің клинкалық маңызы зор. Мес қарын негізінен күйіс қаыратын малда сол жақ аш бүйірінде бел омыртқаның астыңғы аш бүйірде орналасқан.

Мес қарынды зерттеу: клиникалық тексеру әдістері руминография. Сол жақ жамбастың және сол жақ аш бүйірі шұңқырының маңын қарау арқылы оның пішінінің өзгеруін, аш бүйірінің азыққа толу немесе толмауын анықтау, сонымен бірге оның жиырылуын білу.

Негізінде барлық сау малда азық қабылдағанға дейін сол және оң жақ құрсақ қуысы бірдей болу керек.мес қарында шектен тыс азық және көп газ пайда болғанда малдың сол жақ аш бүйірі томпаяды.

Мес қарынды іштей сипау малдың тік ішегі арқылы жүргізіледі. Мес қарынды тыңдау екі түрлі әдіспен жүргізіледі, зерттеушінің өз құлағымен тыңдауы және арнайы аспаптарды пайдаланады /стетоскоп, фонендоскоп/. Сау малда бастапқыда шартылдаған, қытырлау т.б дыбыстар естіледі. тимпаниялық дыбыс естіледі. руминографтын 5/минуттық дәйегін оқу қажет. Руминография әдісімен: гипотония, жарақатты ретикулит, мес қарын зақымдануы, остеофлюорозды, остеодистрофия ауруларын анытауға болады.

Мес қарын жынын зерттеу. Мес қарын жынын арнайы аспап зондты қолдану арқылы 100 мл мөлшерге дейін алады. Малды кемінде 2-2,5/сағат аш ұстау керек те, жынды алар алдында жақсы азықты алдына қойып, тәбетін арттыру керек. Мес қарын жынының физикалық-химиялық қасиеттеріне баға беріледі:


  • органолептикалық жағдай;

  • Рн;

  • Микроорганизмдер санын.

1мл жында 200-500 мың инфузорийлер болады, қалыпты жағдайда. Клиникалық тәжірибеде мес қарын жынын бактериологиялық зерттеудің маңызы өте зор, сонымен қатар ондағы ұшпалы май қышқылдарын, жалпы және аминді азоттық қалдықтарын целлюлозалитикалық қышқылдылықты және т.б анықтайды.

Жұмыршақ қарын. Жұмыршақ қарын құрсақ қуысының төмеңгі жағында орналасқан, оның алдыңғы жағы 6-7 қабырғаға жетіп, көк етте /диафрагмаға/ жанама орнаасқан, ал артқы жағы семсер тәріздес өсінді шеміршек үстінде жатыр. Жұмыршақ қарынды зерттеу қиынға соғады, өйткені өзінің орналасу және тұрған жерінде қалың қабырға мен төс сүйегінің тұруы өте қиындық тудырады. Жұмыршақ қарынның қызметінің бұзылуы ірі қара малда онда әртүрлі өткір бөтен заттардың болуы әсерінен жарақатты ретикулит жиі кездеседі. Жарақатты ретикулитті тексеру әдістері:

- төс сүйегінің шеміршек аумағына жұдырықпен қысым түсіру;

- 10 шы қабырға аралығының сол және оң жағынан бір мезетте басу;

- шоқтық терісін жинау;

- малды ылдиға қарай жүргізу;

- зондпен алдыңғы қарын бөліктеріне ауа жіберу.



Қатпаршақ қарын. Оң жақ 7-10 қабырға аралығына жанамалай орналасқан. Қатпаршақты тыңдау үшін малдың иық-жауырын сызығының сол жақ 7-10 қабырға аралық маңайын тыңдау. Қатпаршақты тесу сол жақ 8-9 қабырға аралығының алдыңғы жағынан, иық жауырын сызығына сәйкес жерінде жүргізіледі. Ол үшін инені 8-10 см тереңдікке енгіземіз. Иненің қатпаршаққа енгенін, оның ішінен бөлінген сұйықтың түсі көкшіл-жасыл, құрамында азық қалдығы болғанда ғана білеміз.

Күйіс қайыратын малдың ұлтабарын зерттеу. Ұлтабар оң жақ қабырға аралығында құрсақ қуысына жанамаланып, кеуде төс сүйегінен бастап 12 қабырғаның төс шеміршегі тұсында орнаасқан. Егер ұлтабарда ісіну және қабыну болса, онда сипау арқылы оның ауырсынуын байқаймыз. Мысалы: ұлтабар кеуіп кетекен кезде атимпаникалық, ал ұлтабар шектен тыс азыққа толғанда бәсең дыбысты байқаймыз. Тыңдағанда жұмсақ шуылддар, сұйық заттар орналасқан сияқты болып естіледі, ал ұлтабар қабынғанда немесе зақымданғанда шуылдар күшеюі немесе әлсіреуі мүмкін.

Жылқы, шошқа және ет қоректі жануарлар қарнын зерттеу.

Жылқы қарынын зерттеу. Жылқы қарынын зерттеу, тек қана жалпы клиникалық әдістермен зерттеліп қана қоймай, сонымен қатар қарынға зонд енгізу және онан алған сөлді тексеру арқылы жүргізеді. Жылқы қарнын негізінен жалпы клиникалық зерттеу ешқандай нәтиже бермейді, өйткені оның орналасқан жері зерттеушіге қиын соғады. Сондықтан клиникалық практикада көбінесе зондтпен тексеруге көңіл бөлініп, онан алған мәліметтерге мән беріледі. Мысалы: қарын зақымданғанда өзіне тән өзгерістерді байқауға болады: есінеу, ұйқышылдық, әлсіздік, сылбырлық, тәбеті болмауы, жоғары ерінін сыртқа айналдыру, қатты таңдайдың кілегейлі қабығының ісінуі, абыржуы және кеңістікте өзін-өзі ұстау қабілетінің өзгеруі болады.

Қарын сөлін зонд енгізу арқылы алып тексеру. Бұл әдіс барлық зерттеулер ішіндегі ең тиімді әдіс түрі, өйткені осы зерттеу арқылы асқазан ішек ауруларына дер кезінде дәл диагноз қойып, ауруды білуге болады. Қарын сөлін алу үшін жуан танау-қарын зонды пайдаланылады, ал алған сөлді жинау үшін ауызы кең, резеңке және шыны тығынды, үлкен екі шыны ыдыс керек. Бірінші резеңке тығынды ыдысты зондқа қосады, ал екінші ыдысты арнайы құрал Комовский сорғышына жалғайды. Қарын сөлін алу үшін екі түрлі әдіс қолданылады. Бір дүркіндік және фракциялық. Бір дүркіндік тәсілде қарын сөлін бір рет алады., бірақ 45минут қоздырғыш азық бергеннен соң алынып тексеріледі. Мұндай әдістер өте сирек қолданылады. Ал фракциялық әдісте қарын сөлінің бірінші бөлігін қоздырғыш азық бергеннен 45 /минут өткеннен кейін алып, ал қалған 5 бөлігін, 20 / минут сайын алып тексереді. Алынған қарын сөлінің физикалық-химиялық қасиеттерін анықтап, сонан соң микроскопиялық зерттеу жүргізеді.

Қарын аурулары кезінде әртүрлі қоспалар болуы мүмкін: сілекей, қан, ірің т.б. сау жылқының қарын сөлі тұнбасын микроскоппен зерттегенде бірен-сараң лейкоциттер мен эпителиальды торшалар ал, қарынның кілегейлі қабығы қабынғанда бұл торшалар көбейеді де эритроциттер болуы мүмкін.

Зондты пайдаланбастан бұрын, оны вазелин майымен майлап, сонан соң танау қуысының төменгі бөлігі арқылы танау қарын зондын енгізеді.

Сөл бөлу қызметі нашарлағанда қышқылдың HCI қасиеті күшеюі, азаюы, болмауы, гиперацидті, гипоацидті, анацидті, субацидті, инертті болып бөлінеді.



Шошқаның қарнын зерттеу. Шошқа қарыны құрсақ қуысы сол жақ бүйірінің бүкіл төменгі бетін алып жатыр. Шошқа қарнын зерттеудің негізгі әдістері: қарау, сипау, перкуссиялау және тыңдау. Зонд рентген сәулесін пайдалану. Ересек малдың тері асты майларының қалың болуынан және тыныш тұрмау себепті өте қиынға соғады. Шошқа қарнының зақымдануын немесе ауырғандығының бір белгісі малдың құсуы.

Ет қоректі жануарлардың қарнын зерттеу. Иттердің мысықтардың және басқа да ет қоректі жануарлардың қарнын зерттеу, негізінен шошқаны зерттегендей. Ал ит, түлкі және қара түлкі қарындарына зонд енгізуге және одан алынған қарын жынын лабораторияда зерттеуге болады. Тереңдетіп сипау.

Құстардың қарынын (бөтегесін) зерттеу. Құстардың безді қарнын жалпы клиникалық әдістермен зерттеу өте қиынға соғады, етті қарынды сол жақтан сипап көріп, онда бөгде зат бар жоғын анықтауға болады. Қарын сөлінің: физикалық-химиялық, микроскопиялық зерттеу.

Тұз қышқылының жетіспеуін анықтау. 5 мл қарын сөліне 1-2 тамшы 0,5% спирттің диметиламидобензол ерітіндісін қосамыз да оны 0,1 HCI ертіндісімен титрден өткіземіз, яғни қызғылт түске дейін, 100 мл қарын сөліне кеткен титр саны HCI жетіспеуі болып табылады.

Қосымша: малдың өт пигменттерін анықтау;

Қарын сөліндегі қанды анықтау;

Пепсиннің азық қорыту қабілетін анықтау;

Қарын сөліндегі лейкоциттерді анықтау.
Бақылау сұрақтары:


  1. Күйіс қайтаратын малдың қарындарының аурулары;;

  2. Қарындардың жіті гипотониясы және атониясы;

  3. Қарындардың созылмалы жіті гипотониясы және атониясы;

  4. Мес қарынның азыққа толып кетуі;

  5. Мес қарынның жіті кебуі;

  6. Мес қарын бүртіктерінің қабыршақтануы;

  7. Жалбыршақ қарынның бітелуі.


Негізгі әдебиеттер

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005

4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006

Қосымша әдебиеттер

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988

2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979

3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары / Қожанов, К. – 2005. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_212

5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. // Қожанов, К.– 2006. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_92

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен №14 Дәріс


Модуль 3 Ас қорыту жүйесінің аурулары

Тақырыбы: Төл аурулары : Алдынғы қарыншақтарының аурулары
Жоспар:

  1. Диспепсия

  2. Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы.

  3. Ауыз қуысының қабынуы-Stomatitis catarrhalis.

  4. Жұтқыншақтың қабынуы

  5. Өңештің қабынуы - Oesophagitis

Ас қорыту жүйесінің аурулары төлдердің арасында басқа жүйелердің ауруларына қарағанда жиі кездеседі.Оның себебі ас қорыту жүйесінің ағзалары басқа жүйелердікіне қарағанда сыртқы ортамен үнемі байланыста болып тұрады.Ас қорыту жүйесінің ауруларының себептері жиі малдардың қоректенуімен тікелей байланысты.Сондықтанда ол аурулар тамақтандырудың дұрыс болмауынан жиі болып тұрады.Олар: рационның құрамының дұрыс болмауы;төлдерді бір азық түрінен екінші түріне кенеттен ауыстыру;рационның құрамында бөгде заттардың – пестицидтердің болуы.



Төл диспепсиясы-жаңа туылған төлдердің ас қорыту және зат алмасу процестерінің бұзылу салдарынан организімнің сусызданып, улануымнен сипаталатын ауру. Диспепсия- жаңа туылған төлдер мен бұзаулардың іш өтуімен, организмнің сусыздануымен және интоксикациямен сипатталатын асқорыту жүйесінің жұқпалы емес аууры. Бұл ауру төлдерде жеңіл және ауыр формада өтеді, ауырып тұрған бұзауларға дер кезінде медициналық емдік көмек көрсетілмесе ауру летальді түрде аяқтаалды. Диспепсия ауруының мал шаруашылығына өте зор шығын әкеледі, жануар өлімге ұшырап, мал басы саны кемиді, ауруды емдеуге шығын шығады, аурудың дамуы кезінде мал басы өзінің салмақ дәрежесін жоғалтады. Сонымен бірге диспепсияға шалдыққан бұзаулар мен торайлар салмақ қосуында және дамуында басқа сау бұзауларға қарағанда артта қалады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше бұл ауру полиэтиологиялық аурулар қатарына жатады.Төлдердің диспепсиясы асқазан-ішек жолының секреторлық, моторлық және сорғыштық функциясының бұзылуымен сипат алатын ауру. Жаңа дүниеге келген бұзауларда диспепсиямен қатар басқа да асқазан-ішек жолының аурулары кең тараған, бірақ солардың ішінде диспепсия таралуы бойынша бірінші орында.Диспепсия көбіне жануарды күтіп-бағу және азықтандыру режимі бұзылған,азық рацион құрамы өзгерген, санитарлық жағдайы белгілі талаптарға сай келмеген және аналық сиырлардың мастит ауруы шығып отырған шаруашылықтырда жиі орын алады.Ауруға шалдыққан төлдердің іші өтіп, организмі уланып, сусызданады, жағдайлары нашарлап, жабырқайды, басын төмен салбыратып, жата береді. Асқорыту функция бұзылып, бұзаудың іші өтеді. Диспепсияға бұзаулар туа салысымен шалдығады. Ауруға шалдыққан бұзаулар жай түріне шалдықса 1-3 күннен соң жазыла бастайды, ал ауру токсикалық формада көрінсе 4-5 нүнге созылады. Ауруға диагнозды клиникалық белгілеріне, патоморфологиялық өзгерістеріне және жүргізілген бактериологиялық зерттеу нәтижелеріне негіздеп қояды.

Себептері. Ауру көп себепті аурулардың қатарына жатады.Негізгі себептерінің бірі ол ұрықтандырылған аналық малды уақытында онан төл алуға дұрыс дайындамау. Әсіресе туарға дейінгі үшінші жартысында аналық малдың азық мөлшерінде протеиннің, витаминнің, минералды затардың жетіспеушілігі өсіп қалған ұрықтың нашар дамуына көп әсер етеді. Ондай аналық малдан толық жетілмеген төл алынады және олар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына ұрынғанда оған қарсы тұра алмай, әр түрлі ауруларға шалдықыш келеді.Онымен қоса ондай аналық малдың уыз сүтінің биологиялық қаиеттері төмен болады.Төл организіміне иммундық заттардың ең бірінші рет осы уыз сүті арқылы келетін ескерсек, онда өмірге жаңа келген төл организіміне сапалы уыз сүтінің қажеттігі күмән тудырмаса керек.Уыз сүтінің сапасы аналық малдың емшектерінің ауру, сау екндігіне де тікелей байланысты.Тәжірбиеде емшектері қабынып ауыратың сиырлардан алынған бұзаулардың ішінде диспепсияның ауыр түрімен ауруы жиі тіркелетің дәлелденген.

Ауыз қуысының қабынуы-Stomatitis catarrhalis. Ауыз қуысының кілегей қабығының қабынуы көбінесе катаральды түрінде жиі кездеседі.Жайылмалы түрінде ұрттың , тілдің, таңдай мен еріннің кілегей қабықтары қабаттаса қабынуы мүмкін;ал шоғырланған түрінде жекелей қызыл иектің, тілдің,таңдайдың қабынуларын ажыратуға болады.Сондай-ақ аурудың барысында жіті және созылмалы түрлерін;шығу тегі жөнінде- басалқы және қосалқы түрлерін ажыратады.

Себептері. Аурудың басалқы түрінің себептерін механикалық, физикалық, биологиялық, және химиялық факторларға бөлуге болады.Көбінесе өсімдік азықтарының өткір, катты заттармен, немесе бөгде заттармен жарақатану мүмкін; ауыз қуысын тексерген кезде дұрыс қолданылмаған тәсілдер: төлдер тісі шыға бастағанда,не олар ауысарда;дұрыс өспеген азу тістерде жарақатануы мүмкін;улы өсімдіктер қабылдағанда, таза емес азықтарды,әсіресе улы өаттармен өңделген, немесе саңырауқұлақ тәрізді заттармен жарақаттанған азықтармен тамақтандырғанда жиі кездеседі.Емшектері ауру малдардың сүтімен қоректенген төлдердің де ауз қуысы қабынуы мүмкін.

Аңықтау. Ауыз қуысының кілегей қабығын қарау арқылы аурудың түрін ажырату онша қиындыққа түспейді.Тек аурудың басалқы және қосалқы түрлерін ажырата білуге көңіл аудару керек.

Жұтқыншақтың қабынуы – Pharryngitis. Ауруың негізінде жұтқыншақтың, жұмсақ таңдайдың кілегей қабықтарының, лимфа фоликулаларының, жұтқыншақ еттері мен оның маңайындағы лимфа түйіндерінің қабынуы жатады.Қабыну түрлеріне байланысты катаральді,крупозды,дифтериялық, жаралы және флегмонозды түрлерін ажыратады.

Себептері. Аурудың негізгі себептеріне жататын олардың механикалық жарақатануы.Ол тамақтардын қатқыл бөлігімен, бөгде заттармен,қатты зонд қолданғанда,жарақатануы мүмкін. Келесі бір себеп физикалық әсерлер: Ыстық-суықтын әсері, Тамақты ыстықтай беру, қыста мұздаған су, қар, мұз аралас тамақтарды қабылдау, ыстық ауамен дем алу. Химиялық заттардың тітіркендіруі де әсер тигізбей қоймайды. Оған жоғары концентрациялы дәрілер, рацион құрамына байқаусызда қосылып кеткен химиялық заттар және т.б. жатады.

Аурудың қосалқы түрі қоңы төмен, арықтаған төлдерге аурудың себептері қайталанып әсер еткенде дамиды.



Аңықтау. Аурудың тән белгілерін, әсіресе жұтқыншақтың ішін қарап, сыртын сипалағанда алынатын деректерге көңіл аударған жөн. Мүмкіншілік болғанда ферингоскопты қолдану керек.

Өңештің қабынуы- Oesophagitis. Өңештің біртұтас,не жеке бөліктерің қабынуы.Пайда болуына байланысты басалқы және қосалқы түрлері болады.

Себептері. Аурудың басалқы түрі төлдерді ыстық тамақпен азықтандырудан, тітіркендіргіш дәрілерді дұрыс пайдаланбаудан, азықтардың тікенегінен, бөгде заттардың енуінен, зондты дұрыстап қолданбай зақымданудан,бөгелек құртының әсеріненжәне сыртқы механикалық зақымданудан барып дамиды.

Аңықтау.Сыртқы клиникалық белгілер және жиналған мәлеметеріне сүйене отырып аңықтайды.

Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы. Бұл ауру ішек пен қарынның кілегей қабығының ғана емес, одан да терең орналасқан қабаттарының қабынуымен сипатталады.Қарынның, ашы және тоқ ішектердің қабатының жарақаттануы гастроэнтероколит деп аталды.

Қабынудың түрлеріне қарай қатаральді, геморрагиялық,крупозды, фибринозды, дефтериялық болып бөлінеді.Бұл ауру бұзауларда сүтке қосымша басқа да азықтар жей бастаған уақытта жиі кездеседі.



Себептері.Қоректендіру уақытын қадағаламау, тамақ жейтін, су ішетін жердің ластығы, дене шыңықтырудың жоқтығы, суықтық пен ыстыққа ұшырауы- осының бәрі бұл аурудың пайда болуына әсерін тигізеді.

Бұзаулардың месқарнының оқтын-оқтын кебуі. Бұл ауру алдыңғы қарыншалардың кебуінің әсерінен ас қорыту процесінің бұзылуымен сипатталады.Бұзауларды сүтпен қоректендіруден қатаң азықпен тамақтандыруға ауыстыратын мезгілде, 2-3 айлық жасында жиі кездеседі.

Себептері. Егер бұзаулар өз өмірінің бірінші айы ішінде шөп, шырынды азықтар қабылдамаса, ондай азықтарды кешірек бергенде олар бұрын дайындалмаған алдыңғы қарыншақтарға түсіп, әсіресе үлкен қарында ас қорыту процесінің бұзылуына әкеп соғады.Мұнда жағдайда үлкен қарындағы микрофлора және оның жиырылу қабілеті оған түскен тағамдардың қалыпты түрде ыдырауын қамтамасыз ете алмайды. Азық мөлшері құрамының күрт өзгеруі, немесе сапасыз, көгерген, ұн қойыртпақтарымен азықтандыру да осындай аурудың себептері болады.

Азық қорыту жүйесінің зерттеу әдістері.

Азық қорыту жүйесіне клиникалық бағаны жүргізілген зерттеулер нәтижесіне байланысты береді:



  1. азықты қалай қабылдауына және су ішуіне;

  2. ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің;

  3. іштің, асқазан мен ішектердің жағдайына;

  4. нәжіс бөлінуіне;

  5. тік ішек арқылы құрсақ және жамбас қуысындағы ағзалардың зерттеулеріне;

  6. бауырдың жағдайына.

Бұзаудың азық қабылдауын, су ішуін, ауыз қуысын, жұтқыншағын, өңешін және ішін зерттеу.Азық қабылдау және су ішу кезінде болатын патологиялық өзгерісті анықтау үшін, әуелі малдың тәбетін, азықпен суды қалай қабылдауын және ішуін,шайнауын,шөлдеуін,күйіс қайыруын, кекіруін,және құсуын,лоқсуын зерттеу керек.

Тәбет-деген малдың азыққа деген зауқы,оған ұмтылуын қарау арқылы анықтауға болады, ол азықты қабылдау кезінде байқалады.Сол үшін әр малға өзіне тән сапалы жем шөпті беру арқылы,сол малдың азыққа деген зауықын, көңілсіз немесе мүлде қарсы болуын бақылауға болады.Осыған қарап тәбетті төменгідей түрлерге бөледі:



  1. тәбеттің шектен тыс артуы;

  2. тәбеттің азаюы;

  3. тәбеттің мүлдем болмауы.

Сонымен қатар,тәбеттің қалыптан тыс бұзылуы немесе аранының ашылуы байқалады.

Шөлдеу- дегенімізмалдың суға деген мұқтаждығы. Малдың шөлдегенін анықтау үшін бір тәулікте неше рет су ішуін бақылайды.Соған сәйкес ауру малда шөлдеу қасиеті артады немесе кемиді.

Малдың азықты және суды қабылдауын қарау арқылы анықтайды.Ол үшін малдың азықты қандай жылдамдықпен және қаншалықты көлемде қабылдауын, сол кезде еріндерінің,астыңғы жақ және тілдерінің қозғалысына, қалай шайнап жұтуына көңіл бөледі.Сонымен бірге қаншалықты су ішкенің ескереді.

Азықты және суды қабылдаудың бұзылуы негізінен жүйке тамыры жүйесі,тіл,тісі,ерні, кілегей қабығы, бұлшық еттері,жұтқыншақтын зақымдану себептерінен болады.Осы аййтылған өзгерістер малдың азықты жұту және шайнау кезінде байқалды.

Шайнау процесінің бұзылу.Оның әртүрлі ауыр түрлері болады және көптеген ауруарда кездеседі.



  1. Шайнау процесінің бұзылуының жеңіл түрі кезінде мал азықты зауқсыз шайнайды немесе дұрыс шайнамайды және арасында үзліс жасап шайнайды.Мұндай құбылыстар көп ауруларда байқалады және тәбеті нашарлағанда болады.

  2. Шайнау процесінің бұзылуының ауырсынатын түрі-жанға бататын шайнау- малда жиі кездеседі,ол кездеседі мал азықты өте қиналып қабылдайды, ара-арасында үзліс жасап отырады.Мұндай құбылыстар тістердің ауруында дентофлюрозда, қызыл иек және ауыз қуысы қілегей қабығының қабынуында, аусыл,остеофлюроз ауруларында байқалады.

  3. Шайнау процесінің бұзылуының қиналып шайнау түрі флюоорозда және ауыз қуысы ағзаларының ауыр зақымдануында байқалады.Соның ішінде жақ сүйектерінің бұлшық еттері салданғанда және түйілуінде кездеседі. Көптеген малда ерін шылпылдатып азықты қабылдау және шайнауы, негізінен ауыз қуысында шектен тыс сілекей жиналғанда, сонымен қатар жұту процесінің нашарлауында және бұзылуында болды.Мұнда құбылыс қой мен сиырдың флюроздыынада, сиырдың аусыл ауруында,жылқыда-ауыз қуысының кілегей қабығының уылуында, іріңді-күлдіреуікті стоматитте байқалады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет