ПоәК 042. 18-24 03/02 2015 №1 басылым 11. 09. 2015ж


Жұту құбылыстарының бұзылуы мына төмендегідей



жүктеу 1.25 Mb.
бет7/8
Дата22.09.2017
өлшемі1.25 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Жұту құбылыстарының бұзылуы мына төмендегідей:

  1. ауырсынып жұту

  2. қиналып жұту

  3. жұтудың мүлдем болмауы.

Ауырсынып жұту кезінде малдың шайнау уақыты өте көпке созылады, жұту мерзімінде қобалжып, мойнын созып, басын шайқап және келесі азыққа деген зауқы жоғалып, азықты мүлдем қабылдамай қояды. Мұндай құблыстар жұтқыншақ пен өңештің кілегей қабықтары қабынғанда пайда болады.

Қиналып жұту және мүлдем жұта алмау кезінде ауыз және танау құыстарынан азық қоспасы шығып тұрады, сонымен бірге ауыздан сілекей, ал танаудан ақпа араласып ағып тұрады. Жұту процесінің бұзылуы жұтқыншақ пен өңештің ауруларында, осы айтылған ағзалардың бітелуінде, салдануында, түйілуінде, бұлшық еттерінің тырысып тарылуында білінеді.

Күйіс қайыру- күрделі рефлекторлы физиологиялық акт, тек қана күйіс қайыратын малға, соның ішінде сиырға тән. Күйіс қайыру дегеніміз мал ңрң азықты жылдам қабылдап, мес қарынға түсіргеннен кейін олардын жібіп, жұмсаруынан соң, кері ұсақтап жақсылап шайнайтын биологиялық процесс.

Малда тәулігіне 6-8 күйіс қайыру мерзімі болады, әр мерзімінің ұзақтығы 40-50 минут.

Малдың күйіс қайыру процесін зертеу үшін, мал азықтанғаннан кейін қанша уақыт өткен соң күйсейді, тәулігіне неше рет күйіс қайырады, күйістің ұзақтығына және оның азықты қаншалықты шайнап жұтуына мән береді. Деңі сау малда күйіс қайыру азықты қабылдаған соң 20-30 минуттен кейін болады.

Күйіс қайыру процесінің бұзылу түрлері.


  1. Баяу күйіс қайыру – сау малдың күйіс қайыру мерзіміне қарағанда сәл баяу болады, күйіс қайыру азық қабылдағаннан кейін кешірек келеді;

  2. Сирек күйіс қайыру -тәулік бойына 1-2-3-ке дейін күйіс қайыру санының азайып кетуі;

  3. Қысқа күйіс қайыру -дегеніміз әрбір күйіс қайыру мерзімінің 30 минутқа дейін қысқаруы;

  4. Әлсіз күйіс қайыру -малдың күйіс қайыру қимылының бәсендеуінен оның азықты ұнатпай жәй және үзліс жасап шайнауы;

  5. Ауырсына күйіс қайыру- малда мазасыздану ыңырсу құблыстарымен өтеді.

Кекіру- мұндай физиологиялық акт тек қана күйіс қайыратын малға тән, бұл мес қарынға жиналған газдарды ауыз арқылы сыртқа шығару құбылысы.Газдарды сыртқа шығару кезінде, әр түрлі дыбыстар пайда болады, қабылдаған азықтың құрамына байланысты олардың өзіне тән иістері болады.

Кекірудің бұзылуы және оның түрлері:



  1. сирек және әлсіз кекіру- малдың ұлтабаралды қарындарының жиырылу қызыметінің нашарлауынан болған ауруларда және өңештің тарылуынан болады.

  2. Қатты және жиі кекіру-кезеңінің бұзылуы бұл мес қарында газдардың көптеп пайда болуын көрсетеді. Ал мүлдем кекіру болмай қалуы негізінен өңеш бітеліп қалған немесе мес қарынның жұмыршақ қарынға өтер тесігі бітеліп қалған уақытта болады,соның салдарынан мес қарынның шектен тыс кебуі туындайды.

Құсу-бұл құбылыс барлық малда патологиялық белгіге жатады. Клиникалық баға беру үшін, алдымен құсықтың неден пайда болуын, жиілігін, мезгілін,мөлшері мен құрамын, түр-түсін,иісін,рН және ондағы қоспаларға көңіл бөледі.

Құсықтың құрамын лабораториялық зерттеу арқылы малдың қарын сөлін және ұлтабарлы қарындар жынын зерттеген әдістермен анықтайды.

Төлдердің эмбриональды жетілуі кезінде жағдайдың дұрыс болмауы себепті, дұрыс жетілмеген төл өмірге келіп, әртүрлі ауруларға жиі шалдыққыш келеді. В.П.Шишков, В.Т.Самохин ғалымдарының зерттеулер нәтижесіне қарағанда төлдерде жиі кездесетін аурулар көбінесе жұқпалы емес аурулар екені көптеген деректерден мәлім. Жалпы төл ауруларының келтіретін зияны жұқпалы емес аурулардың келтіретің зияны 96-98% бөлігін алады.

Безрукова А.Н.,Утянова А.М., Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетті Бактериологиялық зерттеулерге нәтижесі көрсеткендей, асқазан- ішек ауруларының пайда болуында Enterobacteriacea туыстығы бактерияларының алатын ролі зор және олардың үлесіне бөлініп алынған өсінділер шамамен 90 % сәйкес келтіні анықталды.

Жаңа туған төлдерді, әсіресе жасанды жолмен тамақтандыратын төлдерді ұстағанда тазалыққа қатаң қарау керек. Бұзауларды еміздігі бар арнайы ыдысқа құйылған таза, жаңа сауылған, жылы сүтпен тамақтандыру керек. Бұзауларды тамақтандыру ережесін сақтамаса асқазан ішек ауруларын тудыру мүмкін.

Енесінен бөлінген жас бұзаулардың өсуінің тоқтауы, қосымша салмақ қоспауы олардың жаңа жағдайына бейімделуіне байланысты. Бұл кезенде жас бұзаулар ене сүтінен және жайылым шөбінен айырылып, шөпті- сүрлемді және жем беріп өсіретің қолда ұсталатын жағдайға көшіріледі.

Бұл жағыдайда орталық нерв жүйесінің де үлкен әсері бар. Енесінен бөлгеннен кейін дербес тіршілік етуге тура келетіндіктен жас бұзауларға, әсіресе алашқы айда қиындау соғып, жаңа жағдай олардың өсу интенсивтілігіне әсерін тигізеді.

Сондықтан да А.В.Черекаев (1975) етті ірі қара шаруашылығында бұзауларды енесінен бөлгенен кейін 40-60 күнді өсу және жетілу кезеңі деп есептеуді ұсынды. Өйткені бұл кезеңде жас бұзаулар организмінің жағдайы бөлгенге дейінгі жағдайға сәйкес келмейді, бұрынғы азықтандыру мен күтіп- бағу жағдайы ұқсамайды.Осының барлығы жас бұзаудың өсу интенсивтілігін төмендетеді.

Жас малдарда аурудың патогенетикалық даму механизмдерін анықтау жəне осының негізінде емдеу мен алдын алудың тиімді əдістерін табу қазіргі уақытқа дейін толық шешімін таппаған ветеринарияның маңызды ғылыми-тəжірибелік мəселелерінің бірі болып табылады. Солардың қатарына бұзаулардың ас қорыту ағзаларының ауруларын жатқызуға болдады . Ас қорыту жолдарының аурулары жас төлдерде, соның ішінде бұзауларда жиі кездесетін патологиялардың бірі. Статистикалық мəліметтерге сəйкес, соңғы 5 жылда Алматы облысы шаруашылықтарында жас төлдердің аурулары 2007-2010 жылдар аралығында 62,2-69,3% болса, оның ішінде диспепсия 80,2-91,8%-ды көрсеткен. Ас қорыту жолдары мен тыныс алу ағзаларың ауруларының алдын алу жəне емдеудегі бірқатар жетістіктерге қарамастан, аурудың патогенезін анықтау, салыстырмалы балау жəне емдеуде біраз қиындықтар бар.

Ас қорыту жүйесінің анатомо- физиологиялық ерекшелктер күйіс қайыратын малдардың төлдерінде толығырақ зерттелген. Оған себеп, күйіс қайыратын малдардың төлдерінің арасында олар туа салысымен, ең бірінші ас қорыту жүйесінің әртүрлі ауруларға шалдығуы жиі кездеседі.Жаңа туған төлдерде уыз алдыңғы қарыншаға түспей,бірден өңеш науасы арқылы ұлтабарға түседі. Оларда өңеш науасының еттері жақсы жетілген. Уызды қабылдаған, немесе анасын еме бастаған кезде науаның шеткі еттері қатты жирылып, ол жерде өңештің жалғасы ретінде түтікше пайда болады.Сондықтан да қабылдаған ас месқарынға түспей бірден ұлтабарға барады [11].

Жаңа туған 7-10 күндік төлдердің ұлтабарының көлемі олардың мес қарны мен тақия қарнын бірге алғандағы көлеміне екі есе артық болатын көрінеді. Олардың үш айлық жасында, төлдердің қатаң азықтарды қабылдауларынан байланысты, Месқарны ұлғая келіп, ұлтабардан бірнеше есе үлкен болып шығады.Міне, сондықтанда, төлдердің бірінші күнгі жастарында оларға уызды, сүтті уақытында, дұрыстап беру өте қажет. Еміздік арқылы сорған кезде ауыз қуысының, тілдің, жұтқыншақтың рецепторлары қозып,өңеш науасына дұрыс қалыптасуына әсер етеді де, қабылдаған ас ұлтабарға түсіп дұрыс қорытылады.

Ал асығыс, көп мөлшерде азықты берген кезде, өңеш науасы қалыптасып үлгермегендіктен уыз, не сүттің кейбір бөлігі әлі қалыптасып үлгермеген, қызмет бабы жоқ месқарынға түсіп, онда шіріп, әртүрлі ауруларың пайда болуына бірден-бір себеп болады.Уызды, не сүтті аздап, асықпай берудің тағы бір пайдасы ол азық ауыз қуысы бездерінің сілекеймен жақсы араласып, ұлтабарда пайда болатын фермент-химозиннің әсеріне толық бапталады да, одан пайда болған қослыстрды организм өз қажетіне пайдаланады.

Жаңа туған төлдердің қанында антитела жоқ. Бірақ анасың уыз сүтімен ішектер арқылы қанға гамма- және бета-глобулиндер, антителалар – аглютиндер,преципитиндер, гемолизиндер және комплементтерді байланыстыратын заттар жеткізіледі.Олар организмнің резистенттік қаблетін, ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.Міне, сондықтанда жаңа туған төлге сапалы уызды уақытында, дұрыстап берудің маңызы өте зор.

Уыздың құрамында бактериолизин мен лизоциминің блуы оның бактериоцидті қаблетілігін артыра түседі.Егер, жаңа туған төлдің ішектері тек қана жоғарыда айтылған организмге қажетті заттарды ғана емес,микроорганизмдерді де өткізетінің еске алсақ,онда уыздың организмнің бактериоцидттік қабілетін артыруы бірден бір қажет екені өзінен-өзі түсінікті.

Жаңа туған төлдер организмінде зат алмасу процесі өте белсенді және интенсивті түрде жүреді.Ол жас организімнің өте жедел өсуіне тікелей байланысты.

Организмде зат алмасу реттеп отыруды витаминдердің маңызы өте зор.Олардың жеткіліксіздігі организмде жүретін физиологиялық процестердің бұзылуына,өсуінің тежелуіне,әртүрлі аурулардың пайда болуына апарып соғады.

Міне,осындай жоғарыда келтірілген, жаңа туған төлдер организімінде болатын құбылыстар, оларды реттеуші,бағыттаушы нерв жүйесінің толық жетілуімен тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн.

Бақылау сұрақтары:


  1. Төл диспепсиясы

  2. Ауыз қуысының қабынуы-Stomatitis catarrhalis.

  3. Жұтқыншақтың қабынуы – Pharryngitis.

  4. Өңештің қабынуы- Oesophagitis.

  5. Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы.

  6. Бұзаулардың месқарнының оқтын-оқтын кебуі.


Негізгі әдебиеттер

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005

4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006

Қосымша әдебиеттер

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988

2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979

3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары / Қожанов, К. – 2005. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_212

5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. // Қожанов, К.– 2006. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_92
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен №15 Дәріс
Модуль 3 Ас қорыту жүйесінің аурулары

Тақырыбы: Төлдердегі асқазанның , ішектердің аурулары.
Жоспар:


  1. Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы.

  2. Аурудың дамуы және негізгі себептері мен ветеринариялық іс шаралар.

Ауыл шаруашылықт жануарларында ас қорыту жүйесінің аурулары төлдердің арасында басқа жүйелердің ауруларына қарағанда жиі кездеседі. Оның себебі ас қорыту жүйесінің ағзалары басқа жүйелердікіне қарағанда сыртқы ортамен үнемі байланыста болып тұрады. Ас қорыту жүйесінің ауруларының себептері жиі малдардың қоректенуімен тікелей байланысты. Сондықтанда ол аурулар тамақтандырудың дұрыс болмауынан жиі болып тұрады. Олар: рационның құрамының дұрыс болмауы;төлдерді бір азық түрінен екінші түріне кенеттен ауыстыру;рационның құрамында бөгде заттардың – пестицидтердің болуы.



Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы. Бұл ауру ішек пен қарынның кілегей қабығының ғана емес, одан да терең орналасқан қабаттарының қабынуымен сипатталады. Қарынның, ашы және тоқ ішектердің қабатының жарақаттануы гастроэнтероколит деп аталды.

Қабынудың түрлеріне қарай қатаральді, геморрагиялық,крупозды, фибринозды, дефтериялық болып бөлінеді.Бұл ауру бұзауларда сүтке қосымша басқа да азықтар жей бастаған уақытта жиі кездеседі.



Себептері.Қоректендіру уақытын қадағаламау, тамақ жейтін, су ішетін жердің ластығы, дене шыңықтырудың жоқтығы, суықтық пен ыстыққа ұшырауы- осының бәрі бұл аурудың пайда болуына әсерін тигізеді.

Қарындар ауруларын жиірек тудыратын себептерге уақтылы тамақтандырмау, сапасыз азықтар, азықтардың темір-тесектермен ластануы, шырынды азықтан құрғақ азыққа және керісінше тез ауыстыру, ылғс бір түрлі азықтармен-жеммен, сыра қалдықтарымен жане қойыртпағымен не қатқыл, дерекі , нәрсіз азықтармен азықтандыру жатады. Қарындардың жиырылу қызметін бұзатын рефлекстерді қатпаршақтың, ұлтабардың барорецепторларын, аш ішектің химорецепторлерін ұзақ және әдеттегіден қаттырақ қоздыру әсерлері, сонымен қатар тақия қарынның жарақаттан ауырсыну реакциясы тудыруы мүмкін. Қарындар жиырылуының рефлекторлы түрде босаңсуы малдың буаз күндерінде, ортаның қызуы көтерілгенде және басқа да үрейлердің әсер етуінен пайда болуы мүмкін. Қарындар ауруларын тудыратын негізгі себептер қатарына олардың жиырылу қызметінің бұзылуын жатқызады. Олардың механо, термо және хеморецепторлары күшті тітіркенуден өзгергенде мес қарынның жиырылуы әлсірейді, күйіс қайтаруы бұзылады, соның салдарынан месқарындағы азықтың қорытылуы нашарлайды, рН өзгеріп қышқылданады, микробтардың әсерінен жын ыдырайды да уыттар құрылады. Уыттар және басқа да ферментация әсерінен пайда болған жадығаттар мес қарында, ұлтабарда және ішектерде денеге сіңіп организмге зияндық әсерін тигізеді. А.А.Фадеев, Л.В.Панышев және В.В.Полякин қарындардың жиырылу процестерінің бұзылуын дистония деп атауға ұсыныс енгізді. Басалқы дистонияға мес қарынның мынадай аурулары (іш кебудің жіті және созылмалы түрлері; атония және гипертонияның жіті және созылмалы түрлері; жіті гипертония; парез), тақия қарынның (жарақаттан пайда болған ретикулит және ретикулоперитонит) және қатпаршақтың (ластануы) жатады. Қосалқы түріне жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару және жүйке жүйелері ауруларының салдарынан пайда болатын дистониялар жатады. Қосалқы түрі негізгі аурулардың қосымша белгілері ретінде қаралады. Дистонияның қай түрі болмасын, мес қарынның жиырылу күшінің бұзылу деңгейін, дәлірек, руминография әдісімен, тұспарлап қолмен анықтайды. Қарындар жиырылуының бұзылуын жай, шартты түр ретінде гипертонияға, гипотонияға және атонияға бөледі. Егер мес қарынның жиырылуы күшейсе, оны гипертония, бәсеңдесе гипотония,ал жиырылуы сезілмеген жағдайда атония деп атайды.

Ас қорыту жүйесінің анатомо- физиологиялық ерекшелктер күйіс қайыратын малдардың төлдерінде толығырақ зерттелген. Оған себеп, күйіс қайыратын малдардың төлдерінің арасында олар туа салысымен, ең бірінші ас қорыту жүйесінің әртүрлі ауруларға шалдығуы жиі кездеседі.Жаңа туған төлдерде уыз алдыңғы қарыншаға түспей,бірден өңеш науасы арқылы ұлтабарға түседі. Оларда өңеш науасының еттері жақсы жетілген. Уызды қабылдаған, немесе анасын еме бастаған кезде науаның шеткі еттері қатты жирылып, ол жерде өңештің жалғасы ретінде түтікше пайда болады.Сондықтан да қабылдаған ас месқарынға түспей бірден ұлтабарға барады.

Жаңа туған 7-10 күндік төлдердің ұлтабарының көлемі олардың мес қарны мен тақия қарнын бірге алғандағы көлеміне екі есе артық болатын көрінеді. Олардың үш айлық жасында, төлдердің қатаң азықтарды қабылдауларынан байланысты, Месқарны ұлғая келіп, ұлтабардан бірнеше есе үлкен болып шығады. Міне, сондықтанда, төлдердің бірінші күнгі жастарында оларға уызды, сүтті уақытында, дұрыстап беру өте қажет. Еміздік арқылы сорған кезде ауыз қуысының, тілдің, жұтқыншақтың рецепторлары қозып,өңеш науасына дұрыс қалыптасуына әсер етеді де, қабылдаған ас ұлтабарға түсіп дұрыс қорытылады.

Ал асығыс, көп мөлшерде азықты берген кезде, өңеш науасы қалыптасып үлгермегендіктен уыз, не сүттің кейбір бөлігі әлі қалыптасып үлгермеген, қызмет бабы жоқ месқарынға түсіп, онда шіріп, әртүрлі ауруларың пайда болуына бірден-бір себеп болады. Уызды, не сүтті аздап, асықпай берудің тағы бір пайдасы ол азық ауыз қуысы бездерінің сілекеймен жақсы араласып, ұлтабарда пайда болатын фермент-химозиннің әсеріне толық бапталады да, одан пайда болған қослыстрды организм өз қажетіне пайдаланады.

Жаңа туған төлдердің қанында антитела жоқ. Бірақ анасың уыз сүтімен ішектер арқылы қанға гамма- және бета-глобулиндер, антителалар – аглютиндер,преципитиндер, гемолизиндер және комплементтерді байланыстыратын заттар жеткізіледі.Олар организмнің резистенттік қаблетін, ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.Міне, сондықтанда жаңа туған төлге сапалы уызды уақытында, дұрыстап берудің маңызы өте зор.

Уыздың құрамында бактериолизин мен лизоциминің блуы оның бактериоцидті қаблетілігін артыра түседі.Егер, жаңа туған төлдің ішектері тек қана жоғарыда айтылған организмге қажетті заттарды ғана емес,микроорганизмдерді де өткізетінің еске алсақ,онда уыздың организмнің бактериоцидттік қабілетін артыруы бірден бір қажет екені өзінен-өзі түсінікті

Жаңа туған төлдер организмінде зат алмасу процесі өте белсенді және интенсивті түрде жүреді.Ол жас организімнің өте жедел өсуіне тікелей байланысты.

Организмде зат алмасу реттеп отыруды витаминдердің маңызы өте зор. Олардың жеткіліксіздігі организмде жүретін физиологиялық процестердің бұзылуына,өсуінің тежелуіне,әртүрлі аурулардың пайда болуына апарып соғады.

Міне,осындай жоғарыда келтірілген, жаңа туған төлдер организімінде болатын құбылыстар, оларды реттеуші,бағыттаушы нерв жүйесінің толық жетілуімен тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн.

Механикалық, физикалық, химиялық,факторлар рецепторларды қатты тітіркендіргенде месқарынның жирылу процесі әлсірейді.Малдың күйс қайыруы бұзылады да, ас қорыту процесі нашарлайды.

А.А.Фадеев, Л.В.Панышев және В.В.Полякин қарындардың жиырлу процестерінің бұзылуын дистония деп атауға ұсыныс енгізді.Басалқы дистонияға мес қарынның мынадай аурулары (іш кебудің жіті және созылмалы түрлері: атония және гипертонияның жіті және созылмалы түрлері,парез), Тақия қарынның (жарақатан пайда болған ретикулит және ретикулоперитонит)және қатпаршақтың ластануы жатады.

Месқарынға түскен астың ашуы физиологиялық процесс.Қалыпты жағдайда олар ұлтабарға,ішекке өтіп организімге сіңеді. Ал месқарының жоғарғы қапшығына жиналатын газдың бірталай бөлігі малдың кекірігі арқылы тысқа шығарылып отырады.Тез және оңай ашитын азықтар месқарынға көп түскенде түзілген газдар шығып үлгермейді де олар шоғырланып, месқарынның қабырғасын кереді.

И.П.Салминің тұжырымы бойынша жіті тимпония даму үшін, бір мезгілде үш патогендік факторлар әсер етуі керек: мес қарында сұйық жынның мөлшерден артық жиналады,қарындар жіті арония қүйінде болуы және газдың мол құралуы. Мал шаруашылығында азықты өте көп мөлшерде жеп қойғанда азық жыны мес және тақия қарындарының,кейінгі бөлімдері - жалбыршақ қарын,ұлтабар; сонан соң ішектерге тез арада өтіп кетеді де олар жынға толған сон баро және хеморецепторлар тітіркенеді.Соның нәтижесінде қарындардың жиырлуы- созылуы қызметтер рефлекторлы түрде тежеледі де жіті атония дамиды.

Ас қорыту жүйесінің аурулары төлдердің арасында басқа жүйелердің ауруларына қарағанда жиі кездеседі. Оның себебі ас қорыту жүйесінің ағзалары басқа жүйелердікіне қарағанда сыртқы ортамен үнемі байланыста болып тұрады.Ас қорыту жүйесінің ауруларының себептері жиі малдардың қоректенуімен тікелей байланысты.

В.П.Шишков, В.Т.Самохин ғалымдарының зерттеулер нәтижесіне қарағанда төлдерде жиі кездесетін аурулар көбінесе жұқпалы емес аурулар екені көптеген деректерден мәлім. Жалпы төл ауруларының келтіретін зияны жұқпалы емес аурулардың келтіретің зияны 96-98% бөлігін алады.

Безрукова А.Н.,Утянова А.М., Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетті Бактериологиялық зерттеулерге нәтижесі көрсеткендей, асқазан- ішек ауруларының пайда болуында Enterobacteriacea туыстығы бактерияларының алатын ролі зор және олардың үлесіне бөлініп алынған өсінділер шамамен 90 % сәйкес келтіні анықталды.

Жаңа туған төлдерді, әсіресе жасанды жолмен тамақтандыратын төлдерді ұстағанда тазалыққа қатаң қарау керек. Бұзауларды еміздігі бар арнайы ыдысқа құйылған таза, жаңа сауылған, жылы сүтпен тамақтандыру керек. Бұзауларды тамақтандыру ережесін сақтамаса асқазан ішек ауруларын тудыру мүмкін.

Енесінен бөлінген жас бұзаулардың өсуінің тоқтауы, қосымша салмақ қоспауы олардың жаңа жағдайына бейімделуіне байланысты. Бұл кезенде жас бұзаулар ене сүтінен және жайылым шөбінен айырылып, шөпті- сүрлемді және жем беріп өсіретің қолда ұсталатын жағдайға көшіріледі.

Бұл жағыдайда орталық нерв жүйесінің де үлкен әсері бар. Енесінен бөлгеннен кейін дербес тіршілік етуге тура келетіндіктен жас бұзауларға, әсіресе алашқы айда қиындау соғып, жаңа жағдай олардың өсу интенсивтілігіне әсерін тигізеді.

Сондықтан да А.В.Черекаев (1975) етті ірі қара шаруашылығында бұзауларды енесінен бөлгенен кейін 40-60 күнді өсу және жетілу кезеңі деп есептеуді ұсынды. Өйткені бұл кезеңде жас бұзаулар организмінің жағдайы бөлгенге дейінгі жағдайға сәйкес келмейді, бұрынғы азықтандыру мен күтіп- бағу жағдайы ұқсамайды.Осының барлығы жас бұзаудың өсу интенсивтілігін төмендетеді.

Б.М. Анохин, В.М. Данилевский, 1991; Г.А. Ноздрин, А.И. Леляк,1996; И.Н. Жирков, И.И.Братухин, 2000 зерттеулер нәтижелеріне қарағанда жаңа туған төлдердің аурулары арасында жиі кездесетіні диспепсия ауруы. Онымен сүт бағытындағы фермаларында бұзаулар арасында таралуы 80-95% екенін көрсетеді.

Қазіргі заман білім деңгейі азықтандыру арқылы қойлардың өсу кезінде әртүрлі ұлпалары мен мүшелерінің жетілуін біршама
Бақылау сұрақтары:


  1. Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы.

  2. Аурудың дамуы және негізгі себептері мен ветеринариялық іс шаралар.


Негізгі әдебиеттер

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005

4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006

Қосымша әдебиеттер

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988

2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979

3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары / Қожанов, К. – 2005. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_212

5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. // Қожанов, К.– 2006. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_92
Б) зертханалық сабақтар:
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған «Жануарлардың ішкі аурулары, клиникалық балаумен» ІІ пәнінен №1 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Техникалық қауіпсіздік. Сумен жылулықпен емдеу
Сабақ мақсаты: Сабақ барысындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізіге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықпен жұмыс істеуді сақтау.

Зертханалық сабақтың тақырыбына қатысты клиникалық дәйектемелерді, тапсырмаларды орындау барысында үйретілетін зертханалық зерттеу әдістемеліктерімен байланыстыра бағалауды меңгеру.



Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Зертханалық сабақтың тақырыбына қатысты зерттеу


Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:
Тапсырма №1

Студенттерге аурулар кезінде дұрыс жүргізуді үйрету


Тапсырма №2
Мазмұнды бейінелейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.
Тапсырма №3
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған «Жануарлардың ішкі аурулары, клиникалық балаумен» ІІ пәнінен №2 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Электр тоғымен емдеу
Сабақ мақсаты: Сабақ барысындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізіге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықпен жұмыс істеуді сақтау.

Зертханалық сабақтың тақырыбына қатысты клиникалық дәйектемелерді, тапсырмаларды орындау барысында үйретілетін зертханалық зерттеу әдістемеліктерімен байланыстыра бағалауды меңгеру.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет