ПоәК 042. 18-24 64/02- 2015ж. №1 басылым 11. 09. 2015ж


Құстардың вирусты – инфекциялық ауруларына қолданылатын биопрепараттар



жүктеу 1.69 Mb.
бет11/13
Дата19.09.2017
өлшемі1.69 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Құстардың вирусты – инфекциялық ауруларына қолданылатын биопрепараттар



КІРІСПЕ: Адам жəне жануарлардың бұрын қиын жолмен жазылатын ауруларының терапиясы үшін пайдаланылатын жаңа фармацевтік жəне ветеринарлық препараттарды өндіруді жүйелі түрде өсіру мақсатында медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның мүмкіндіктері кеңеюде. Осы жөнінде инфекцияға, қатерлі ісік жəне басқа да ауруларға қарсы адам организмінің қорғаныштық күштерінің деңгейін бақылайтын табиғи қосылыстар зерттелуде. Дамыған мемлекеттерде антибиотиктер, инсулин, интерферондар жəне интерлейкиндер, вакциналар мен моноклональды антиденелерді өндіру тұрақты жолға қойылған. Қазақстанда медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның даму тенденциясы нығаю үстінде. Республика экономикасының осы бағыттағы жетістіктеріне жету үшін жоғарғы дəрежелі мамандар қажет. Медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның əдістерінің көмегімен диагностикалық жəне дəрілік препараттарды жасаудың медико-биологиялық жəне ветеринарлық-биологиялық тəсілдерінің стратегиясын; практикалық денсаулықты сақтау жəне ветеринарияда пайдаланылатын, олардың ішінде гормондар, интерферондар, интерлейкиндер, антибиотиктер, антиденелер, вакциналар сияқты қазіргі дəрілік заттардың өндірістік деңгейдегі өндірілуінің негізін. Қазіргі заманғы биотехнологияның əр түрлі салаларындағы медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның орны жəне олардың міндеттері. Медициналық жəне ветеринарарлық биотехнологияның даму кезеңдері. Биотехнологиялық фармацевтік жəне ветеринарлық препараттарды жасаудағы негізгі ыңғайлы тəсілдер. Медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның объектілері – микроорганизмдер, вирустар, жануарлар ұлпалары мен клеткалары. Медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияда рекомбинанттық ДНҚ əдістерін қолдану (микробиологиялық гендік-инженерлік өндіріс)Гендік инженерияның анықтамасы, гендік инженерия əдістерін пайдалана отырып микроорганизмдер штамдарын жəне биологиялық ырықты қосылыстар. Инсулин. Денсаулық практикасы үшін инсулин алудың екі тəсілі: шошқа инсулинін адам инсулиніне айналдыру (жартылай синтездік əдіс); гендік- инженерлік жолмен адам инсулинін алу. Гендік-инженерлік адам инсулинін кең көлемде өндірудің концептуалды жолдары: Антибиотиктер. Антибиотиктердің жаңа түрлерін жасау: жаңа штамм- продуценттерді іздеу; қазіргі антибиотиктерді химиялық u1084 модификациялау; Адам жəне жануарлардың иммундық жүйесін ырықтандыру үшін, грипп, А гепатиті жəне олардан басқа бірқатар аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы үшін интерферондар мен интерлейкиндерді басқа да цитокиндермен бірге пайдалану. Онкологиялық ауруларды емдеу үшін интерферондар мен интерлейкиндерді пайдалану. Ортопоксвирустарға қарсы вакциналар – адам жəне жануарлар патогендері . АИВ жəне В гепатиті вирустарына қарсы тірі поливалентті вакцина: АИВ І, В гепатиінің вирусына жəне ортовирустарға қарсы гуморальдық жəне клеткалық иммундық жауаптың қалыптасуы. Жұқпалы ауруларды қоздырушы микроорганизмдерді генотипирлеу жүйелері. Табиғи аналогтарын анықтау үшін рекомбинантты антигендерге қарсы моноклональды антиденелерді пайдалану. Иммунологияның негізгі қағидалары. Иммунобиотехнология.
Антиденелердің құрылысы мен қызметі. Гибридомдар, олардың қасиеттері жəне алу жолдары. Моноклональды антиденелер. Моноклональды антиденелерді қолдану салалары – медициналық жəне ветеринарлық диагностика, терапия. Вакциналарды жасау.


  1. Жаңа антибиотиктердің негізгі кластары; қасиеттері; əсер ету механизмі;терапевтік мақсатта қолданылуы.

  2. Антибиотиктерді өндіру технологиялары. Жаңа антибиотиктерді іздеудің негізгі жолдары.

  3. Гибридомдар мен моноклональды антиденелер алудың технологиялық схемалары.

  4. Медициналық жəне ветеринарлық практикада моноклональды антиденелерді қолдану.

  1. Интерферон. Интерферондарды алу.

  2. Қазіргі заманғы иммунобиотехнологияның негізгі бағыттары.

Антиген-антидене реакциясы.

Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды шығару кезiнде қойылатын талаптар

            Жануарлар үшiн шығарылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттардың қауiпсiздiгi үшiн қысталаң болып табылатын өндiрiстiк операцияларға арналған үй-жайлар мен жабдықтарды шығарылатын өнiмнiң қауiпсiздiгiн бақылау мен қамтамасыз етудi жүзеге асыратын бөлiмше тиiстi түрде растауға тиiс. Әрбiр технологиялық учаске үшiн өндiрiс регламентiне сәйкес тиiстi тазалық сыныбы белгiленуi тиiс.       Микроорганизмдерден жұмыс басқа үй-жайлардан бөлек бөлмелерде жүргiзiлуге тиiс. Микроорганизмдермен жұмыс жүргiзiлетiн үй-жайлар дайындық операциялары жүргiзiлетiн үй-жайларға қатысты келеңсiз қысымы болуға тиiс.      Өнiмдi құюға арналған үй-жайлардың өнiмнiң стерильдi құйылуын қамтамасыз ететiндей жағдайы болуы тиiс.            Өнiммен жанасатын технологиялық жабдықтың бөлiктерi онымен реакцияға түспеуi, препараттың белсендiлiгiне ингибирлеушi әсер ететiн заттарды бөлiп шығармауы немесе абсорбцияламауы, өнiмнiң қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiндей дәрежеде әсер етпеуi тиiс. Жағармай заттары мен салқындатқыш сұйықтықтар өнiммен жанаспауы тиiс.         Химиялық, фармакологиялық құралдар, дәрiлiк өсiмдiктер, минералдан алынған шикiзат, күрделi субстанциялар, биологиялық тiндер, ферменттер, жануарлар, жануарлар мен өсiмдiктерден алынған, микробиологиялық синтез өнiмдерi және басқа да қосылыстар дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды дайындауға арналған шикiзат болып табылады, оларға қойылатын талаптар Техникалық регламенттер мен нормативтiк құжаттарда анықталған.

      Дәрiлiк фитошикiзатты дайындау сатысында мiндеттi радиациялық бақылау жүргiзiледi. Дәрiлiк өсiмдiктердi сұрыптау, технологиясында көзделген оларды өңдеу және зертханалық бақылау өңезденудiң, улы өсiмдiктердiң және олардың зақымданған бөлiктерiнiң (қаракүйе, шала, жорғалайтын ақ мия, түрлi-түстi вязель, қырықжапырақты софора және басқалар) болуына жол бермейдi. Сүт - шикiзат, сүт сарысуы, казеин, ет, бауыр, паренхиматозды органдар, қан, эндокриндi шикiзат және шикiзат ретiнде биологиялық препараттар алуға арналған жануарлардың басқа да тiндерi мен органдары денi сау жануарлардан алынуы тиiс. Дрожь, ашытқылар, ферменттер (пепсин, панкреатин, трипсин және басқалары), пробиотикалық дәндер қауiпсiздiгiн оларды дайындаушылар қамтамасыз етедi, ал олардан дайындалған өндiрiстiк ашытқылар, стерильдi ерiтiндiлер, микроорганизмдердi өсiруге арналған қоректiк орталар қауiпсiздiгiн - дайындау және бақылау үй-жайларына, жабдықтарына, технологиялық процестерiне қойылатын техникалық талаптар кешенiмен және арнайы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi сақтаумен қамтамасыз етiледi. Дәрiлiк заттар мен биопрепараттарды шығару кезiнде пайдаланылатын қолданбалы ингредиенттерге (желатин, сахароза, глюкоза, сүт сарысуы, тұз, лимон қышқылды натрий, натрий бензоаты) қойылатын талаптар құрамында уытты элементтердiң, антибиотиктердiң, микотоксиндердiң, пестицидтердiң қалдық көлемiнiң, радионуклидтердiң және микробиологиялық көрсеткiштердiң болуы бойынша республикада қолданылатын санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен белгіленеді.

Дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды шығару (дайындау) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және келiсiлетiн нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады. Тiрi микроорганизмдермен немесе олардың генетикалық түрлендiрiлген нұсқаларымен жұмыс iстеу кезiнде олардың жануарлар популяциясында айналыста болу қабiлетi, патогендiк қасиеттердiң реверсиясының ықтималдығы және патогендiк микроорганизмдермен генетикалық ақпарат алмасу мүмкiндiгi ескерiлуi тиiс.       Микроорганизмдер, оның iшiнде шетелден алынғандары, жануарларға арналған иммунологиялық дәрiлiк заттарды шығару мен олардың сапасын бақылауға арналғандар Ветеринарияда пайдаланылатын микроорганизмдер штамдарының коллекциясына депозитке алынуы тиiс.

Өндiру сатысында ластанудың алдын алу жөнiндегi шараларды көздеу керек. Басқа дәрiлiк заттарды шығару үшiн пайдаланылатын аймақтарда микробиологиялық тектес дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды дайындауға жол берiлмейдi. Қоректiк ортаны таңдау кезiнде ортаның селекциялығы, ашықтығы және зарарсыздандыруға жарамдылығы ескерiлуi керек. Онда уытты және аллергендi қасиеттерi бар заттар болмауы тиiс. Ветеринариялық дәрiханада жануарларға арналған дәрiлiк заттарды дайындау кезiнде есiрткi заттары, психотроптық, күшi әсер ететiн және улы заттар пайдаланылмайды. Ветеринариялық дәрiханаларда биологиялық препараттарды дайындауға жол берiлмейдi.

      Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды шығару кезiнде пайдаланылатын өлшеуiш аспаптар мен жабдықтарда бүкiл пайдалану уақыты iшiнде сақталатын техникалық паспорттары болуы тиiс. Оларды калибрлеу (салыстырып тексеру) кезеңi белгiленуi, құжатталуы және жоспарлы тәртiппен жүргiзiлуi тиiс. Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды орау және таңбалау "Орауға, таңбалауға, заттаңбалауға және оларды дұрыс басуға қойылатын талаптар" техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес жүргiзiледi.

     .


     Егер адам ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды орауды ғана жүзеге асыратын болса, орамда қосымша өндiрiс объектiсiнiң атауын, оның мекен-жайын және орауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаның атауын, оның мекен-жайын және "Оралған" деген жазуды көрсетедi. 1 миллилитрге дейiн (құтылар) және 5 миллилитрге дейiнгi (ампула) құрайтын бастапқы орамдарға дәрiлiк заттың атауын, сериясының нөмiрiн және жарамдылық мерзiмiн ғана көрсетуге жол берiледi. Осындай бастапқы орамда мiндеттi түрде қайталама орамға салынуы тиiс.

      Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды сақтау, босату (өткiзу) және тасымалдау физикалық-химиялық, биологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық қасиеттерiн ескере отырып, сондай-ақ көлiктiң осы түрiнде қолданылатын талаптарды ескере отырып, олардың сақталуын қамтамасыз етуi тиiс, жануарларға арналған дәрiлiк заттардың белгiленген жарамдылық мерзiмi iшiнде препаратқа арналған нормативтiк құжаттаманың талаптарына сәйкес орындалуы тиiс.            Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды қабылдауға, сұрыптауға, сақтауға, жинақтауға, босатуға және тиеп түсiруге арналған үй-жайларға бөгде адамдардың кiру мүмкiндiгi болмауы тиiс. Жануарларға арналған дәрiлiк заттар, биологиялық препараттар сақталатын қоймалық үй-жайларда термометрлер, гигрометрлер немесе псирометрлер болуы тиiс, оларды үй-жайдың iшкi қабырғасының ортасына, жылытатын аспаптар мен есiктерден алыс орналастырады. Осы аспаптардың көрсеткiштерiн күн сайын жауапты адам арнайы журналда тiркеп отыруы тиiс. Бақылаушы аспаптар белгiленген тәртiппен сертификатталуы және калибрленуi тиiс.       Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды республиканың нарығында орналастыруды және сатуды жүзеге асыратын адамдарда осы қызмет түрiне лицензиясы, тиiстi үй-жайлары және өнiмнiң нақты түрлерiне арналған нормативтiк құжаттарға сәйкес өнiмдi сақтау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн жағдайлары болуы тиiс.



Құстардың вирусты – инфекциялық ауруларына қолданылатын биопрепараттар

Биопрепараттарды жалпы инфекциялық аурулардың алдын алу шарасы ретінде вакцина түрінде қолданады, ол жануар, құстардың әртүрлі ауруларға қарсы иммунитетін құрайды. Мысалы, колибактериоз, сальмонеллез, микоплазмоз, Ауески, Марек, ларингорахеит ауруларына қолданылатын биопрепараттар.



Колибактериоз – өткір және аса өткір түрде өтетін, ішкі органдардың кілегейленуімен, пневмания, перитонит, энтерит және сальпингит түрінде байқалатын құстардың жұқпалы ауруы. Қоздырғышы – E.coli. Ауру құстарда әлсіздік, іші өту, дем алуы нашарлау, диареа байқалады.Бұл ауруда Субтикол биопрепараты қолданылады.

СУБТИКОЛ - биопрепараты екі белгілі колибактерин және биоспорин биопрепараттың үйлестігімен байланыстырып жасалған және синергетикалық эффект көрсетеді. Субтикол биопрепараты ішек бөліктерінде жоғары адгезиялық активтілікпен мінезделеді, сондай-ақ патогендік микроорганизмдердің көпшілігінің антогонистік активтілігін жояды.

Сальмонеллез - құстарда өткір және аса өткір түрде өтетін құстардың жұқпалыауруы. Қоздырғышы – Salmonella typhimurium. Ауырған құстарда аз қозғалады, әлсіздік, ринит, коъюктивит, тауық пен күркетауықта терілері көгереді, айдарлары да көгереді, үйрек пен қазда басында ісіктер байқалады.

Микоплазмоз – созылмалы түрде тыныс алу органдарының ауруларымен сипатталатын құстардың инфекциялық ауруы. Қоздырғышы – Mycoplasma gallisepticum. Ауырған құстарда анемия, қоңдылығының төмендеуі, ілсіреу, ринит, дем алаысы нашарлайды, жөтелу байқалады. Бұл аурларды емдеу кезінде Гала – Вет биопрепараты пайдаланылады.




ГАЛА-ВЕТ биопрепараты құстардың инфекциялық аурулары (асқорту жолдарының өткір және созылмалы түрде өтетін аурулары , сальмоннеллез, микоплазмоз, колибактериоз жане т.б.) кезінде қолданылады. Дайындау әдісі: изотоникалық ерітіндіде натий хлоридін еріту ушін кристалды порошок формасында шығарылады. Флакон түрінде шығарылады, әр флакон 160 мг, бұлшық ет ішіне егеді.



ГАМАВИТ биопрепараты құстардың инфекциялық аурулары кезінде қолданылады, 100 мл флакон турінде шығарылады.

Ларинготрахеит - герпесвирус тудыратын құстардың жұқпалы ауруы. Қоздырғышы - вирус. Ауру құстарда арықтау, шаршау, жөтел және тағыда басқа белгілер байқалады. Сондай – ақ балапандарда созылмалы коъюктивит болады.

Бронхит – коронавирустар тудыратын балапандарда тыныс алу органдарының зақымдануымен, ал тауықтарда герминтативті мүшелердің зақымдануымен сипатталатын инфекциялық ауру. Қоздырғышы – вирус.

Ньюкасл ауруы - өткір формада өтетін контагиозды тауық туыстықтығының инфекциялық ауруы. Барлық жастағы құстар ауырады. Қоздырғышы - парамиксовирустар. Ауру құста арықтау, демалысы қиындайды, қырылдаған дыбыс шығарады, жөтеледі, айдарлары көгереді, тұмсығынан сұйықтық бөлінеді, нәжісі қан аралас, аяқтары, мойыны, қанаттары салданады, ақсайды, қанаттарының біреуі салданып, салбырап қалады.

Марек ауруы – онкогенді герпесвирус В тудыратын құстардың инфекциялық ауруы. Қоздырғышы – вирус. Ауру құс ақсайды, тепе-теңдігін сақтамайды, парез, аяқ,қанат,мойындарының салдануы, зоб, көзінің түсі өзгеріп, көрмейді және тағы басқа белгілер байқалады. Осы ауруларда Иммунобак биопрепараты қолданылады.

ИММУНОБАК биопрепараты - құстардың инфекциялық ларинготрхеит, бронхит, Ньюкасл ауруы, Марек аурулары кезінде қолданылады. Банка түрінде, әр банкада 400 грамм түрінде болады.

ИММУНОФАН биопрепараты - бұл препарат ішек жолдарын емдеу, кешенді алдын алу, вирусты, бактериалды, инфекциялық ауруларды алдын алу мақсатында құстарға вакцина түрінде қолданылады. 1 мл-лік ампулалар түрінде шығарылады, ерітінді ішке қабылданады.
Бақылау сұрақтары:
Негізгі әдебиеттер

1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.

2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.

2 Қосымша әдебиеттер

1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010

Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.

2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009

Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987

3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008

4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.

5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/

3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/


«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен №10 Дәріс


Модуль 2 Биопрепараттардың ветеринариялық іс шараларда қолданылуы
Тақырыбы: Ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық, дәрілік заттар мен биологиялық препараттарға қатысты басты қағидалар
Жоспары:

  1. Ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық, дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың қолдану алдындағы жарамдылығын анықтауға зертханалық негіздемелер

  2. Организмнің иммунитеттің қорғаныс факторларының арнайы механизмі

Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттардың айналымы оны өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды, сатуды, қолдануды, (пайдалануды), жоюды қоса алғанда, мiндеттi түрде ветеринариялық қадағалауға жатады.

Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды шығару кезiнде үй-жайлардан шығатын бүкiл ауаның тиiстi түрде өңделуiн және жұқпалы агенттердiң болмауын қамтамасыз ету қажет. Микроорганизмдерден жұмыс басқа үй-жайлардан бөлек бөлмелерде жүргiзiлуге тиiс. Микроорганизмдермен жұмыс жүргiзiлетiн үй-жайлар дайындық операциялары жүргiзiлетiн үй-жайларға қатысты келеңсiз қысымы болуға тиiс. Стерильдi жұмысқа арналған үй-жайлардың неғұрлым жоғары қысым деңгейi болуы тиiс.

      Дәрiлiк заттар мен биопрепараттарды шығару кезiнде пайдаланылатын қолданбалы ингредиенттерге (желатин, сахароза, глюкоза, сүт сарысуы, тұз, лимон қышқылды натрий, натрий бензоаты) қойылатын талаптар құрамында уытты элементтердiң, антибиотиктердiң, микотоксиндердiң, пестицидтердiң қалдық көлемiнiң, радионуклидтердiң және микробиологиялық көрсеткiштердiң болуы бойынша республикада қолданылатын санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және гигиеналық нормалармен анықталады.

      Тiрi микроорганизмдермен немесе олардың генетикалық түрлендiрiлген нұсқаларымен жұмыс iстеу кезiнде олардың жануарлар популяциясында айналыста болу қабiлетi, патогендiк қасиеттердiң реверсиясының ықтималдығы және патогендiк микроорганизмдермен генетикалық ақпарат алмасу мүмкiндiгi ескерiлуi тиiс.

Өндiру сатысында ластанудың алдын алу жөнiндегi шараларды көздеу керек. Басқа дәрiлiк заттарды шығару үшiн пайдаланылатын аймақтарда микробиологиялық тектес дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды дайындауға жол берiлмейдi. Қоректiк ортаны таңдау кезiнде ортаның селекциялығы, ашықтығы және зарарсыздандыруға жарамдылығы ескерiлуi керек. Онда уытты және аллергендi қасиеттерi бар заттар болмауы тиiс.

Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды сақтау, босату (өткiзу) және тасымалдау физикалық-химиялық, биологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық қасиеттерiн ескере отырып, сондай-ақ көлiктiң осы түрiнде қолданылатын талаптарды ескере отырып, олардың сақталуын қамтамасыз етуi тиiс, жануарларға арналған дәрiлiк заттардың белгiленген жарамдылық мерзiмi iшiнде препаратқа арналған нормативтiк құжаттаманың талаптарына сәйкес орындалуы тиiс.

Жануарларға арналған дәрiлiк заттардың, биологиялық препараттардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн үнемi кәсiпорын қызметiнiң осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкестiгiне iшкi тексерулер жүргiзiлуi тиiс.

Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды республиканың нарығында орналастыруды және сатуды жүзеге асыратын адамдарда осы қызмет түрiне лицензиясы, тиiстi үй-жайлары және өнiмнiң нақты түрлерiне арналған нормативтiк құжаттарға сәйкес өнiмдi сақтау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн жағдайлары болуы тиiс.


  1. Организмнің иммунитеттің қорғаныс факторларының арнайы механизмі

Иммунитет туралы ғылым - иммунология осы заманғы биологияның ең жедел дамып келе жатқан саласы. Иммунологияның жетістіктері молекулалық биология, генетика, биохимия, биофизика, мал және егін шаруашылықтарының барлық салаларына, медицина мен ветеринарияға  игіліктi ықпал етіп отыр. Тарихи тұрғыдан иммунология инфекциялық патологияның негізінде қалыптасты. Сондықтан ескі немесе классикалық иммунологияны инфекциялық; иммунология деп атайды. Ал енді молекулалық биология, генетика, трансплантологиямен байланысты иммунологияны инфекциялық емес, немесе жаңа иммунология деп атап жүр. Бұл ғылымды осылайша жіктеу тым жасанды. Негізінде иммунология - ортақ мақсаты мен өзіндік әдістері (методикалары) бар бipтұтac ғылым. Оның серология, аллергология, иммуно­химия, иммуногенетика, өсімдіктер иммунитеті, жануарлар иммунитеті т.б. салалары бар. Сол сияқты медициналық және ветеринариялық иммунология қалыптасты. Ветеринариялық иммунология барлық ветеринариялық ғылымдармен тығыз байланысты. Оның негізгі бір мақсаты жануарлардың жұқпалы ауруларының иммунологиялық механизмдерін зерттеп, сол арқылы жұқпалы ауруларды балау, емдеу және дауалау жұмыстарын жүргізу болып табылады [1,2,3,4].

Иммунитет (әлует) латынның immunitas (міндеттен босану) деген сөзінен шыққан. Ол - организмнің генетикалық болмысы үшін бөгде заттардан, оның ішінде зардапты микробтардан қорғану қабілеті. Иммунитет организмнің iшкi ортасының тұрақтылығын (гомеостаз) және оның қызметінің біртұтастығын қамтамасыз ететін микробтан бастап адамға дейінгі бүкіл тіршілік иелеріне тән қасиет. Иммунитеттің қалыптасуына бүкіл организм біртұтас жүйе ретінде қатысады. Бұл - тipi табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуының, табиғи сұрыптаудың паразит пен оның иесінің өзгергіштігінің нәтижесі. Жоғары сатыдағы организмдердің арнайы иммунитет органдары бар. Эволюциялық жолмен үш түрлі: конституциялық, фагоциттік және лимфоидтық иммуногендік жүйелер қалыптасты.

Конституциялық жүйе немесе конституциялық иммунитет иммунитеттің ең ежелгі түpi. Ол күллі  тіршілік иелеріне ортақ ал микробтар мен өсімдіктерде иммутететің бірден-бір түpi. Фагоциттік жүйе немесе фагоциттік иммунитет, омыртқасыз жануарларда пайда болды. Ал омыртқалы жануар­ларда иммунитеттің үшінші ең жетілген түрі - лимфоидтық жүйе пайда болды.

Иммунитеттің конституциялық жүйесі. Конституциялық иммунитет жануарлардың әpбip түріне тән қасиет болған соң ертеректе түрлі (орысша -видовой) иммунитет деп аталды. Жан-жақты алып қарағанда бұндай имму­нитет бip түрге ғана тән емес, әpбip жеке жануардан бастап барлық токсономиялық топтарға, тіпті ең жоғарғы токсономиялық бірлік - типке дейін қатысты. Сондықтан конституциялық иммунитет мынандай топтарға ажыратқан дұрыс.

Таксондар иммунитеті Ол туа біткен табиғи төзімділікті жануар­лардың әрбір түрінен бастап ең жоғары токсономиялық топтарына (отряд, класс, тип, т.б.) қатысты қарастырады.

Түр iшіндегi иммунитет. Бip түрге жататын әр түрлі нәсілдің (адамға қатысты) немесе тұқымның (малға қатысты, орысша - порода) иммунитеті.

3. Индивидуумнің (жеке жануардың, не адамның) иммунитеті.


Таксондар иммунитетіне, мысал үшін тұтас бip типтің иммунитетіне,буын аяқтылардың барлық дерлік вирустар мен риккетсияларға табиғи төзімділігін жатқызуға болады. Ал кластың иммунитеті аусыл кезінде байқалады. Аусылдың вирусына құстар класының өкілдері түгелдей төзімді де, бұл ауруға 6 отрядты құрайтын сүтқоректілер класының өкілдері шалдығады. Әpбip түрге тән иммунитет табиғатта жиі кездеседі. Мысалы, жылқы обаның сиырға, итке, шошқаға тән вирустарына өте төзімді. Сиыр маңқамен, инфекциялық анемиямен ауырмайды. Топалаңмен жануарлардың көптеген түрлері ауырады, бipaқ олардың бейімділік дәрежесі әр түрлі.  Мысалы үй қоянына инфекциялық  процесс қоздыру үшін топалаң микробының екі-ақ спорасын тepi астына жіберу жеткілікті болса, ит үшін бip миллион спора қажет.

Түр  ішіндегі иммунитет көптеген жұқпалы аурулар кезінде байқалады. Қойдың алжир тұқымы топалаңға шалдықпайды. Обаға иттің боксер, бульдог, терьер тұқымдары төзімді де, неміс овчаркасы, лайка, тазылар бейім болады. Арнайы бip зерттеуде бip бұқадан тараған ұрпақтарының 62 %-ы туберкулезге шалдыққаны, ал дәл осындай жағдайда басқа бұқадан өpбiгeн жануарларда ауру мөлшері 40% болғаны анықталған.

Жеке жануарлардың иммунитеті кез келген инфекцияда байқалады. Қандай бip жұғымтал аурудың жаппай білінген кезінде де барлық мал 100 % ауруға шалдықпайды. Сондықтан жануарлардың жеке ерекшеліктері иммунитетке де қатысты. Өсімдік шаруашылығында ежелден бepi мәдени өсімдктердің ауруға төзімді сорттарын шығаруға көп көңіл бөлінеді. Мал шаруашылы­ғында  селекциялық жұмысты жүргізгенде бұл мәселе назардан тыс қалып келеді.

Қaзipгi уақытта жануарлардың туа біткен иммунитеттің ұрпакққа берілу қасиетінің тек кейбір ерекшеліктері ғана белгілі болып отыр. Жануарларды будандастырған кезде алынған ұрпақ ауруға төзімділігі жағынан өзінің ата-анасынан аспайды, яғни бұндай жағдайда гетерозис құбылысы байқалмайды. Конституциялық иммунитет Мендель заңдары бойынша келесі ұрпаққа бip жағдайда доминантты, ал екінші жағдайда рециссивті белгі ретінде беріледі.

Бруцеллезге қарсы туа біткен иммунитет қоянда доминанттық тип бойынша ұрпақ қуалайды. Иттің оба вирусына төзімділігі бастапқыда рециссивті белгі ретінде тұқым қуалайды да, егер белгілі бip жүйе бойынша бұл қасиетті бекіте түскен жағдайда, кейбір генетикалық линияда доминантты белгі ретінде тарайды.

Ұрпаққа берілетін микробтарға қарсы иммунитет сүт қоректі жануарларда көбінесе жеке гендермен, немесе гендердің кішкентай ғана топтарымен басқарылады. Сондай-ақ организмнің бұл қасиеті полигенді (көп гендер арқылы) болуы да ықтимал екені айқындалып отыр.

Сонымен, конституциялық иммунитет тұқым қуалайды, ол иммундеуге тәуелді емес, бүкіл  өмір бойы болатын қасиет және инфекциядан қорғанудың ең бip сенімді түpi. Жалпы алғанда иммунитеттің бұл түpi абсолютті десе де болады, бipaқ кей жағдайда оны жеңуге де болады. Мысалы, табиғи жағдайда тауық топалаңға, ал бақа cipecпeгe шалдықпайды. Л. Пастер тауықты суық суға батырып, оған топалаң жұқтырған. Ал термостатта жылытып ұстағанда бақада cipecпe ауруына бейімділік пайда болады.

Пробиотик ретінде қолданылатын микроорганизмдер болу керек:

· патогенді емес, уытты емес, мутагенділіктің болмауы;

· технологиялық, яғни өндірістік жағдайда жеңіл дақылданып осы кезде өзінің биологиялық активтігін тұрақты сақтау, антибиотикке полирезистентті.

Пробиотикалық препараттарды бір штамм, бір түрдің консорциумы, сондай-ақ микроорганизм симбионттың сор – бентпен, ферментпен, иммуномодулятормен және тағы басқа бірігуі негізінде жасайды.

Организмнің әртүрлі биотоптарында нақты түрдің микроорганизмдері және белгілі бір мөлшерде болады. Осы микроорганизм симбионттардың бірігуі организмнің колонизациялық тұрақтылығын, эубиоз жағдайын қамтамасыз етеді. Сондықтан пробиотпктерді микроорганизмдер қауымдастығы негізінде жасау толығымен орынды [4].

Көбінесе пробиотиктер бифидобактериялар мен лактобациллалардың негізінде жасалады. Оларды дақылдау үшін көміртегі көзі ретінде көмірсулар, бикарбанат, көміртегі диоксиді, азот көзі ретінде цистеин қажет. Сондай-ақ дақылдау ортасына казеин құрамындағы дайын амин қышқылдары (аланин, лизин, аргинин), ашытқы автолизатының құрамында пурин және пиримидинді негіздер, рибофлавин және биотин, минералды тұздар (Mg, Mn және басқалар), глюкоза немесе лактоза енгізіледі.

Дақылдандыру орталарын дайындау үшін қолданылатын шикізаттар адамға қауіпсіз болуы керек. Негізгі субстрат – майсыздандырылған сүт, гидролизденген сүт.

Биореакторда ферментация ұзақтығы 10-15 сағатқа жуық, үрдіс микроорганизмдер дамуының логарифмдік фазасының соңында – стационарлық фазасының басында, олардың ең биологиялық активтігі кезінде тоқтатылады.

Микроорганизм – симбионттар биомассасы сепараторда концентраияланады, әрі қарай сақтау кезінде ортаны ұстап тұратын компоненттер (желатин, сахароза, майсыздандырылған сүт) енгізіледі, ампулалар мен флакондарға құйылады, лиофилизацияланады.

Дайын препарат бөтен микрофлораның болмауына, өмір сүруге қабілетті микроорганизм – симбионтта санына, тест – штамдарға олардың антагонистік белсенділігіне тексеріледі.

Тірі бифидобактериялар негізінде емдік алдын алу препараты алғаш 1956 жылы Германияда жасалды. Қазіргі уақытта препарат ретінде тамақтық және қоректік қосымшада көптеген әртүрлі пробиотиктер қолданылады:

· бифидумбактериялар (моноштамм B. bifidum);

· бифукол (B.longum, E .coli M17);

· бифилиз (B. bifidum, + лизоцим);

· бифидумбактерин – форте ( B. bifidum + сүйікті көмірлі сорбент),

· лактобактерин (Lb .fermentum);

· апилак ( lb. acidophilus 3 штамы);

· Наринэ (Lb. acidophilus 1 штамы);

· гастрофарм (Lb . delbrueckii);

· симбифлор (Lb . acidophilus,Str. Thermophilus, B. longum. E. coli),

· биофермин (Lb. rhamnosus), Lb. casei, B. subtilus, Str. faecalis, Lb. acidohhilus);

· биоспорин ( B . subtilis) және тағы басқалар[5].

Бақылау сұрақтары:
Негізгі әдебиеттер

1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.

2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.

2 Қосымша әдебиеттер

1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010

Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.

2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009

Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987

3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008

4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.

5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/

3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/

«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен №11 Дәріс
Модуль 2 Биопрепараттардың ветеринариялық іс шараларда қолданылуы
Тақырыбы: Ветеринариялық мақсаттағы биологиялық препараттар, дәрілік заттарды қолданудан кейінгі жануарларда, жануарлар өнімін қолданған адамдарда және қоршаған ортадағы асқынулардың болуын анықтайтын негізгі факторлар
Жоспары:


  1. Организмнің иммунитеттің қорғаныс факторларының арнайы механизмі.

  2. Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
    umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
    umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
    umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
    umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
    umkd -> Ќазаќстан республикасы
    umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
    umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
    umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет