ПоәК 042. 18-24 64/02- 2015ж. №1 басылым 11. 09. 2015ж


Бактериялық, вирустық және сарысулық препараттар



жүктеу 1.69 Mb.
бет5/13
Дата19.09.2017
өлшемі1.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Бактериялық, вирустық және сарысулық препараттар


Бактериялық, вирустық және сарысулық препараттар - Оған: вакциналар, анатоксиндер, адам иммуноглобулині, сарысулар мен гетерологиялық иммуноглобулиндер, бактериофагтар, эубиотиктер, аллергендер жатады.

Жұқпалы ауруларының алдын алу, емдеу және аллергиялық диагностикасында қолданылады. Аллергиялық жұқпалы емес аурулардың диагностикасы мен емдеуде арнайы аллергендер тобы қолданылады.



ҚОСЫМША: Жасуша құрамындағы  органикалық заттар. Олардың құрылысы мен атқаратын қызметі Органикалық қосылыстар тірі организм жасушасының 20-30%- ын құрайды. Оларға биологиялық полимерлер — нәруыздар, нуклеин қышқылдары және кемірсулар, майлар мен бірқатар маңызды молекулалар — витаминдер, гормондар, пигменттер, органикалық қышқылдар, аминқышқылдары, нуклеотидтер, спирттер, т.б. жатады. Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің органикалық құрамы жағынан айырмашылықтары бар. Мысалы: өсімдіктер жасушасында күрделі көмірсу — полисахарид, жануарларда — нәруыз бен майлар, ал микроорганизмдерде нәруыздар басым болады. Осылай бола тұрса да, өр түрлі жасушаларда осы органикалық заттар тобы өзара ұксас қызмет атқарады. Көмірсулар. Көмірсулар немесе сахаридтер — жалпы формуласы Сn2On) болатын органикалық заттар. Көптеген көмірсулардың құрамындағы сутек атомдарының саны өттек атомдарынан екі есе кеп болады, сондыктан да бұл заттар көмірсулар деп аталған. Жануарлар жасушаларында көмірсулар мөлшері көп емес, 1—2%-дан 5%-ға дейін (бауыр жасушаларында) болады. Өсімдік жасушалары көмірсуларға бай, олардың құрғақ салмағының 90%-ын көмірсулар құрайды (жүзім жемісі, карбыз). Көмірсуларды ұарапайым және күрделі деп бөледі. Қарапайым көмірсулар моносахаридтер деп аталады. Молекуласындағы кеміртек атомының санына байланысты моносахаридтер триоза (3 атом), тетроза (4 атом), пентоза (5 атом) және гексоза (6 көміртек атомы) деп аталады. Көмірсулар, негізінен, екі түрлі қызмет атқарады: құрылымдық және энергетикалық. Мысалы, целлюлоза өсімдік жасушаларының қабырғасын түзеді, ал күрделі полисахарид хитинді буынаяктылардың сыртқы қаңқасының негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Хитин саңырау құлақтар үшін де құрылыстық қызмет атқарады. Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді. Гормондар деп қан мен лимфаға немесе қандай да бір қуысқа шығу жолдары арқылы бөлінетін ішкі секрециялық бездер қызметінің өнімдері аталады.

Химияның жетістіктері арқасында гормоналды заттар тек қана ішкі секрецияның белгілі бір бездері қызметі өнімі ретінде ғана емес, табиғатта кеңірек кездесетінін атап көрсетті. Мысалы, экстрогендер сияқты арнайы заттар тек қана әйел жыныс бездері ғана емес, ерлер жыныс бездерімен де өндіріледі. Одан әрі, құрылымы мен әрекеті бойынша оларға ұқсас қосылыстар әр алуан өсімдіктерден табылған (хмель, картоп, қызылша және т.б.). 4,4-диоксидифенил (I) сияқты қарапайым қосылыстардың жоғары экстрогенді белсенділігі бар.

Гормондармен бірге жануарлар талшықтарының көптеген биологиялық заттары әср етеді, олар: адреналин, серотонин, ангиотензин, гистамин, кинетин және т.б.

Пәнді игеру барысында жиі қолданылатын анықтамалық терминдер:

биостимулятор - организмдегі зат алмасу процестерін күшейтуге қолданылатын, мал немесе өсімдік тектес ткандік зат;

гормондар - организмнің көптеген өмірлік қызметтеріне реттеуші әсері бар, ішкі секреция бездерімен немесе синтетикалық жолмен алынатын биологиялық белсенді заттар;

      антибиотиктер - микроорганизмдерден, өсімдіктерден және жануарлардан бөлінетін, антимикробтық, антипротозойлық және антигельминттік әсері бар химиялық заттар;

      ферменттер (энзимдер) - организмде өтетін биохимиялық процестерге каталитикалық әсер етуші биологиялық агенттер;

      азық (азықтық заттар, өнімдер) - қорытылған үлгідегі тағамдық заттардан тұратын және азықтандыру кезінде қалыпты физиологиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, жануарлардың денсаулығына зиян әсерін тигізбейтін және олардан сапалы өнім алуға ықпалын тигізетін, олар өндірістік өңдеу жолымен алынғанда тікелей және жанама (кері әсерлі) өнімдерге, микробиологиялық және химиялық жолмен алынғанда жасанды өнімдерге жататын; шығу тегі өсімдік, жануарлар, минералды өнімдердің жиынтығы;



азықтық қоспалар - азықтағы қоректік заттардың сандық және қатынастық деңгейін реттейтін, және де жануарлардың жоғары өнімділігін қамтамасыз етуші, қорытылған үлгідегі тағамдық заттардан тұратын азық өнімдерінен тұратын, рационға кіретін кез келген қосымша заттар;

      премикстер - рациондарды, құрама азықтарды және белоктық-минералдық концентраттарды толықтыру мақсатында, және де мал ауруларын алдын алуға немесе емдеуге қолданылатын, микроқоспалары және толықтырғыштары қажетті ірілігіне дейін ұсақталып туралған арнайы (спецификалық) аралас заттар;

      ветеринариялық препаратты өндірістік бақылау - ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтау үшін сапасы туралы (паспорт) құжатын толтыру мақсатында, дайындаушы кәсіпорында - өндірістік бақылау бөлімімен (бұдан әрі - ӨББ) жүргізілетін ветеринариялық препаратты зерттеу жұмысы.
Бақылау сұрақтары:
Негізгі әдебиеттер

1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.

2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.

2 Қосымша әдебиеттер

1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010

Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.

2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009

Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987

3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008

4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.

5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/

3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/


«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен №6 Дәріс
Модуль 1 Ветеринариялық биопрепараттар мен диагностикалық заттардың биологиялық анықтамасы
Тақырыбы: Тірі микроорганизмдер немесе олардың генетикалық түрлендірілген нұсқалардың жануарлар популяциясында айналыста болу қабілетіне сипаттама
Жоспары:


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет