ПоәК 042. 18-24 64/02- 2015ж. №1 басылым 11. 09. 2015ж


Ветеринариялық биологиялық препараттарды өндірудің жалпы технолоиясы



жүктеу 1.69 Mb.
бет9/13
Дата19.09.2017
өлшемі1.69 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Ветеринариялық биологиялық препараттарды өндірудің жалпы технолоиясы.


  • Ет қоректілердің вирусты инфекциялық ауруына қолданылатын биопрепараттар.

    Антигендер және аллергендердің алынуы, бақылауы және қолдануы

    Антиген


    Р. В. Петров пікірінше (1976) антигендер (грекше anti — қарсы, genus — туыс) генетикалық бөгде хабарлардың барлық белгілері болатын және организмге ентізгенде ерекше иммунологиялық реакциялар туғызатын заттар. "Антиген" деген терминді 1899 жылы венгер зерттеушісі Ладислау ДьйЧ ұсынды. Антигендер молекулалық массасы жоғары (10 қДа-дан кем емес) заттар. Молекула неғүрлым ірі болса. оның антигендігі. яғни тузу қабілеті согұрлым жотары. Бұндай молекулалар коллоид күйінде болады, соныц арқасында олар сорылады және антидене түзілетін жерте жетеді. Кристаллы заттардың антигендік активтігі болмайды.

    Антигендерге микроорганизмдер және оның токсиндері, бөгде белоктар, ферменттер, тканьдердің клеткалық элементтері, сол сиякты өсімдік және жаігуар текті улар жатады. Антигендер сапалы және сапасыз деп екіге бөледі. Толық антигендер организмде антитела түзc алатын және олармен реакцияға түсетін белоктар



    Микробтар антигендері. Микроб клеткасында әр түрлі антигендер капсула, талшық және соматикалық түрде кездеседі. Олардың қүрамы, касиеті және әсері жөнінде бір-бірінен айырмашылғы бар. Мысалы капсулалық антигендер — полисахаридтер не полипептидтер (сібір жарасының қоздыргышы); талшық антигені — белок флагеллин соматикалық полисахаридтерден, полипептидтерден және липидтерден құралган комплекс. Талшық антиген термолабильді 60— 80 С-та ыдырайды; соматикалық термостабильді, 100 С-температурада 2 сататқа дейін қайнатуы көтереді.

    Спецификалық антигеңдердіц капсула, клетка кабыргаларында және талшыктарында болатындығы аныкталган, цитоплазманың, ядро аппаратының және басқа клеткаішілік құрылымдарының антигендері ауруға ерекше төтеп беру қабілетін қолдамайды, яғни олар вакцинага қажетсіз заттар. Микроб клеткасында антигендіктін осылайша бөлінуі — эволюция мен сүрыптау нәтижесі, сыртқы орта антигендерініц беткейлік қүрылымына күшті, ішкі күрылымына әлсіз эсер етеді (И. С. Станиславский, 1971).

    Осы кезде антигендер синтез жолымен алынады, бүлар да вакцина тәрізді иммунитет жасап шығарады. Оларда бөгде, қажетсіз заттар болмайды және қосымша тиімсіз құбылыстар тудырмайды.

    Мал антигендері өздерінің ерекшеліктеріне қарай туа біткен,топтық, ағзалық, ұрыктық, гетерогендік және аутоантигендерге бөлінеді.



    Туа бітксн антигендер әр түрлі жануарлардың өкілдерін иммунологиялық реакпиялардың көмегімен бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді. Антигендердің туа біткен қаситтері тергеу ісінде каны аркылы иесін аныктау үшін қолданылады. Мал дәрігерлік экспертизасында туа біткен антигендерге карсы бағытталган антиденелсрі бар қан сарысулары күдікке алынған еттер мен ет өнімдерінің қандай жануарлардан өндірілгенін аныктау жүмысында қодданылады.

    Топтық антигендер (изоантигендер) — индивидуумдардың түр аралык айырмашыльгқтарына жауапты генетикалық маркерлер (мысалы, эритроциттердің топтықантигендері, трансплантациялық антитендер). Қан құю агзалар мен үлпаларды бір организмнен екіншісіне жамау операииялары екі индивидуумның изоантигендерінің ұқсастыгын қажет етеді.

    Ағзалық антигендер. Оларга иммундық жүйеден гистоген матобарьерлердін көмегімен бөлектенген ағзалардың (мидың, көз жанарының, үрык сүйыгының және т.б) антигендері жатады. Гистогематобарьерлер функцияларының бұзылуы организмнің өз антигендеріне қарсы иммундық жауабын қоздырады. Осы себептен оларды аутоантигендер деп атайды.

    Ұрық антигендері. Ұрық организмінде оның ана қүрсагындағы дамуының әр түрлі сатыларыида жаңа антигендер пайда болып отырады. Бүл антигендердің пайда болуы ұрықтың үлпершекті аңзаларының қалыптасуымен байланысты. Мұндай антигендер ана организміндс үрық ағзаларына қарсы бағытталган антиденелердің жасалуына себепкер болады.

    Аутоаитигендер. Кейбір жағдайларда организм ұлпаларының белоктары (бүйректің. жүректің дәнекер үлпаларының және т. б.) денатурацияға ұшырап, улы химиялық заттармен немесе микробтардың токсиндерімен қоспа түзейді. Мүндай зақымдалған торшалар өз организмі үшін бөгде антигендер болып табылады. Олар организмді өз ағзаларына (ұлпаларына) қарсы антиденелер жасауға мәжбүр етеді. Бұл жағдай аутоиммунды аурулардын дамуына әкеліп соғады.

    Соматикалық антигсндер - грам-тсріс бактсриялардың кабырғасындағы липополисахаридтсрдің бүйірін бойлай орналасып жасушалардың бетіне шығып тұратын полисахаридтсрдің тізбектерін бұл тізбектер іс жүзіндс бактериялардың детерминанталары болып табылады. Кейінгілсрдің ұқсастыктарына карай сальмонсллалар мен эшерихиялар О-топтарға біріктірілген. К-антигендер әдетте соматикалық антигендерді калкандап тұрады, сондыктан О - антигендерді аныктау үшін зерттеуте алынған бактерияларды алдын ала температуралык өндеудсн өткізу ксрек.

    Н-антигсндер. Жылжымалы қасиеті бар бактериялардың Н- антигсндері немесе қылша антигсндері болады. Қылшалар ыстыққа төзімсіз белокты кешеннсн құралады. Грам-теріс бактериялардың толык антигендік (формуласы О : Н : К тізбегі турінде жазылады) Мысалы, Е. соіі 0П1:Н2:К4; 055:Н10:К5 және т.б.. Бұл өрнсктер бслгілі бір коздырғыштын тұракты маркерлары болғандыктан эпидемиологиялық жәнс эпизоотологиялык талдау кезінде лабораториялык жағдайда аныкталады. Микроб өсіндісінің антигсндік құрылымын аныктау максатында агглютинирлеуші монорецепторлы диагностикалык кан сарсысуларының жиынтығын қолданылады.

    Бактсриялардың экзоөнімдерінің антигендеріне олардың жасушаларының белокты метаболиттері, оның ішінде ең жақсы зсрттелген экзотоксиндер жатады. Формальдегидтін әлсіз концентрациясымен өндсгсндс экзотоксиндердін антигендік қасиетгсрі өзгеріске ұшырамай, вакциндік препарат ретінде колданыла алатын анатоксин деп аталатын затқа айналады. Көптегсн микробтардың экзотоксиндері антигснділігі жағынан біркелкі болып кслмсйді. Айталык, CI. perfringcns, CI. botulmum, Staph, aureus микробтарының экзотоксиндсрі бірнеше ссроварианттарға бөлінтсн.

    Жануарлар антигсндері организмнің жасушалары ұлпаларының жәнс сүйықтыктарының - плазманың, қан сарысуының, лимфаның, сүттің және т.б. құрамында болады.

    Түр-тұқымдық антигендер. Әр түрге жататын жануарлардың осы түрге тән антигендсрі болады. Антигендердің түр-тұқымды қасиеттері күдік туғызған ет немесе ет өнімдерінің қандай жануарлардан алынғандығын аныктауға мүмкіндік береді. Дәрігер сараптап бұл мақсатта түр-тұқымдык антигендсргс қарсы антиденелер бар қан сарысуларын қолданылады.

    Аллергия. Аллергия (грекше alios — басқаша, ergon — әсер) — организмнің белгілі бір бөгде затқа жоғары сезімталдыгы. Ол әдетте антигенніц денеге екінші рет енуі кезінде өріс алады. "Аллергия" ұғымын 1906 жылы австралиялық ғалым Пирке үсынған болатын. Ол бұл терминді организмнің өзгеріске үшыраған реактивтігін өзгертетін заттарды аллергендер деп атады. Аллергендер қатарына жануар және өсімдік тектес заттар, липоидтар, күрделі көмірсулар, дәрі-дәрмектер және т.б. жатады. Аллергияны туынды иммупитеттің компоненті деп қарау керек, өйткені ол да баска иммундық реакция­лар сиякты денеге енген бөгде заттарға (аллергендерге) карсы бағытталган организмнің жауабы болып табылады. Аллергиялык реакция-лардың екі түрі белгілі: гиперсезімталдыктың шапшаң түрі (ГШТ) және гиперсезімталдыктың баяу түрі (ГБТ).

    Қан сарысулары, олардың алынуы, қолданылуы, жасалу реті

    Енжар егу дегеніміз ауырып жазылған малдың қан сарысуын немесе гипериммунды қан сарысуын егу және емдеу. Бұл жағдайда мал организміне даяр арнамалы антиденелер енгізіледі, ал белсенді иммундеу кезінде, антиденелерді микроорганизм өзі түзеді.

    Гипериммунды қан сарысуы дегеніміз- арнамалы антиденелері бар қан сарысуы. Мұндай қан сарысуы жылқы, өгіз, қой, шошқа егудің арқасында алынады. Ол үшін аталған мал организміне мөлшерін бірте- бірте арттыра отырып антигендерді белгілі схемамен енгізеді. Егудің нәтижесінде организмде осы антигендерге қарсы антиденелер түзіліп, көбейеді.

    Реконвалесценттердің қан сарысуы дегеніміз- ауырып жазылған малдың қан сарысуы. Жұқпалы аурумен ауырған мал қанында антиденелер пайда болады. Бірақ антиденелер мөлшерінің кемдеу болуы мүмкін. Әдетте ұқсас мал қан сарысуы қолданылады. Кезінде реконвалесценттердің қан сарысуын аусылдан сақтандыру және емдеу үшін қолданған.

    Ауруға қарсы тұратын енжар иммунитет уыз сүтпен де пайда болуы мүмкін. Кейде ауруға қарсы антиденелер жас төлдерге енелерінің ішегі арқылы да беріледі. Бұл жағдайды – колостралдық иммунитет деп атайды. Иммуноглобулиндердің ең көп мөлшері жас төлдерде туылған соң 5 күн өткенде ғана көбейеді.

    Табиғи колостралдық иммунитет жас төлге табиғи түрде ауырып жазылған енесінен беріледі. Ал, жасанды колостралдық иммунитет буаз малды егу нәтижесінде пайда болады. Мысал ретінде шошқа торайларының Ауески ауруына қарсы тұру қасиетін айтуға болады. Антиденелер жатырдағы төлге жатыр арқылы енесінен беріледі. Мысалға ит обасы вирусына, адамның қызылша, шешек ауруларына қарсы антиденелер осылай беріледі.

    Гамма – глобулиндер. Табиғи ауырған малдың қанында, не егуден соң қанда пайда болған антиденелер(иммуноглобулиндер) қан сарысуының гамма – глобулинді фракциясында ғана болады. Сондықтан да ғалымдар гипериммундық қан сарысуын басқа қажетсіз заттардан тазартуды алдына мақсат етіп қойды. Гамма – глобулин осындай тазартылған препарат болып есептеледі.

    Гипериммундық қан сарысуы мен гамма – глобулин ауруды емдеу және аурудан сақтандыру үшін қолданылады. Ауески ауруына , шошқа , ірі қара обасына т.б осындай қан сарысуын қолданады.

    Қан сарысуының пайдалылығы мынандай жағдайға байланысты болады.

    - антидене титріне

    - егу мерзіміне – әдетте препаратты организмге инфекция басталысымен енгізген жөн.

    - қан сарысуы алынатын малдың түріне . Гомологиялық қан сарысуының гетерологиялық қан сарысуымен салыстырғанда әсері күштірек.

    Сонымен бірге гипериммунды қан сарысуы мен гамма – глобулин мал ауруын анықтау үшін қолданылады, яғни вирус түрін анықтайтын серологиялық реакцияларға пайдаланылады.

    Сібір жарасына арналған қан сарысуы

    Препараттың сипаттамасы. Сібір жарасына арналған қан сарысуы сібір жарасының қоздырушысының гипериммундалған культурасы жылқының қанынан алынады және оның түсі жасыл немесе сұр түстес мөлдір түсті флакон түбіне шөгетін тұнбасы бар , ал шайқаған кезде біркелкі массаға енетін сұйықтық.

    Жылқыларды гипериммундеу үшін антиген ретінде Ценковскийдің II – вакцинасын және 12 ден кем емес сібір жарасының қоздырушысының вирулентті штаммын алады.

    Препараттың сапасын көрсететін белгілері: Шығарар алдында қан сарысуының әрбір сериясының стерильдігін , активтілігін , қауіпсіздігін тексереді . 10 күнге термостатқа қойылған қоректік ортаға себілген қан сарысуы стерильді болуы керек . Ал шығарылған қан сарысуының қауіпсіздігін тексеру үшін 5 ақ тышқанға тері астына 0,5 мл , ал 2 теңіз шошқасына 10 мл , 350 – 400 г салмаққа егеді. Жануарлар 10 күнге бақылауға алғанда тірі қалуы керек.

    Шығарылу формасы: Қан сарысуларын флаконда шығарады. Жарамдылық мерзімі шығарылған күнінен бастап 4 жыл , 2 – 15С температурада қараңғы , құрғақ жерде сақтайды.

    Қолдану тәсілі: Сібір жарасына қарсы қан сарысуын алдын алу және емдік мақсатта қолданады. Қан сарысуы егілген жануарларда иммунитет 14 күнге дейін сақталады. Емдік мақсатта тек қана жануар сібір жарасымен ауырған жағдайда ғана қолданады.


    Жануар түрі

    Алдын алу дозасы

    Емдік доза

    Жылқылар мен түйелер

    Мүйізді ірі қара

    Қой, ешкі, бұзаулар мен шошқалар


    15 - 20

    15 - 20


    8 - 10

    100 – 200

    100 - 200

    50 - 20

    Ауырған жануарға қан сарысуын жоғарыда көрсетілген дозада ғана қолданады. Керек болған жағдайда ( егер ауырған жануар жағдайы 5 – 6 сағатта жақсармаса) қан сарысуын сол дозада тағы да қайталап егеді.




    Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
    umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
    umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
    umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
    umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
    umkd -> Ќазаќстан республикасы
    umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
    umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
    umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


    ©kzref.org 2019
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет