Белгілі продюсер, актриса Баян Алагөзова алғаш рет ешкімге айтпаған жан сырын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мамский әңгіме” подкастына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өнер иесінің алғашқы жүктілігі 20 жасында өткен. 

“Тұрмысқа 19 жасымда шықтым. 20 жасымда жүкті болдым. Үш рет құрсақ көтердім. Айсәуленің алдында бір бала шетінеп кетті. Айсәуле – екінші перзентім. Тұңғыш баламның жүрегі отыз алты аптаға жақындағанда тоқтап қалды. Өте ауыр болды. Бұл менің алғашқы күйзелісім еді. Ол кезде өте жас болдым. Физикалық тұрғыдан өте ауыр болды, өлген баланы босану үшін он күндей жүрдім. Дәрігерлер мені дайындады",– деп еске алады сол күндерді.

Сондай-ақ продюсердің айтуынша өлген баланы жатырдан тазалау үшін қаладағы ешбір емхана қабылдамаған көрінеді. 

"Бұл оқиғаның болғанына – 29 жыл. Ол кезде медицина дамымаған кез. Ешқандай дәрігер жауапкершілік алғысы келмейді. Дәрігерлер ата-анамнан "егер бірдеңе бола қалса, ешқандай шағым түсірмейміз", деп қолхат жаздырып алды. Кесарь тілігін жасауға болмайды, өйткені инфекция түсуі мүмкін. Сол үшін он күн бойы дәрі салды. Кейін санап шықсам, сол кезде жамбасыма күніне қырыққа жуық екпе салған екен. Оңай емес, өлген баланы он күн бойы ішімде көтеріп жүрдім, сол үшін инфекция тарамасын деп екпе сала берді. Сосын он күннен кейін босандым. Бірақ үш айдан кейін Айсәулеге қайта жүкті болдым", – дейді Баян Мақсатқызы.

Еске салайық, продюсер 1 миллион доллар қарызынан қалай құтылғанын жазған болатынбыз. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.