Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы алғаш үй тірлігіне араласқан сәтін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Тележурналистің айтуынша, алғаш рет 10 жасында тамақ пісіруді үйренген. 

“10-11 жастамын. Шекемтас ойнайтын кезім. Дишинкам ініммен аяқастынан ауруханаға түсіп, қырсыққанда тура сол кезде әжем белінен шойылып тұра алмай қалды. Сөйтіп, үйдегілердің ас-ауқаты – менің мойнымда. Бір күні бір жапырақ етті жуып-жуып, ойымда ештеңе жоқ, қазанға сала салдым. Ет піскенше, қыздармен ойнап келейін деп тайып тұрдым. Әжем айқайлап шақырса да, естімеген адам ұқсап, ойынның қызығына күмп еттім. Кешқұрым ет пісті-ау деген уақытта келіп, дайын кеспені сала салдым. Үйдегілерді кешкі асқа шақырып, еттен сүйекті ажыратқаным сол еді, құжынаған құрт шықты. Қорыққанымнан сорпаны қоқысқа төге салдым. Сол күні бәріміз аш жаттық”, – деп журналист бала кезін еске алады.

  • "Бандит жігітке тұрмысқа шықтым": Баян Мақсатқызы не үшін криминал фильм түсіруге қызығатынын айтты

  • "300 мың АҚШ долларын бердім": Дильназ Ахмадиева алаяқтарға алданып қалған сәтін еске алды

Сонымен қатар, журналист жасөспірім қыздардың үй тірлігіне араласпайтынын да тілге тиек етті. 

“Сол кезде 10 жастағы балаға үйдің бар тірлігі артылып тұр. Қазір ше?! Өткенде бір келіншек 15 жастағы қызының төсек жинамайтынын айтты. Демек, қалыпты жағдай болып тұр ғой?!. 80-90 жылдары ата-анамыз базар жағалап жүргенде, үйдің бүкіл тірлігін жасадық. Одан жаман болғанымыз жоқ. Қазір баланы ұрып-соғып жұмсай алмайтынын бәріміз білеміз. Ең күшті әдіс – балаға ұрыспай, қайта-қайта айта беру”, – деп кеңес айтты журналист. 

Еске салайық, Ләйлә Сұлтанқызы 3 жастағы сіңлісінің ерекше қасиеті барын айтқан еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.