Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин Дохадағы әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Катар астанасы Дохада су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин сәтсіз өнер көрсетіп, жарыстың жыртылай финалына шыға алмады. Отандасымыз 100 метрге еркін мәнерде жүзуден 49:45 уақытты көрсетіп, мәре сызығын отыз бірінші болып кесті. Бұл сайысқа 108 спортшы қатысып, солардың үздік 16-сы жартылай финалға өтті. 

Қазақстан құрамасы мәнерлеп жүзуден тарихи жеңіске қол жеткізді

Айта кетейік, бұған дейін Егор Попов 100 метрге арқамен жүзуден жартылай финалға шыға алмаған еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.