Политология/10. Региональные политические процессы Абдықалық А. А., с.ғ. к



жүктеу 48.37 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі48.37 Kb.

Политология/10. Региональные политические процессы
Абдықалық А.А., с.ғ.к.

Алматинский университет энергетики и связи, Казахстан
Әлеуметтік қорғау қоғам тұрақтылығының кепілі
Қазақстан Республикасының Конституциясында біздің еліміз әлеуметтік мемлекет деп жарияланған[1]. Әлеуметтік қорғау адам құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін және  әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыратын шаралар жүйесі.

Әлеуметтік саясат пен әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары халықаралық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдаудан туындайды. Осыған байланысты нарық жағдайларына сәйкес келетін және тұрақты ақылы еңбекке ынталандыруды қалыптастыратын, әкімшілік шығындары төмен, халықты қамту деңгейі неғұрлым жоғары жүйе құру көзделуі тиіс. Жаңа жүйенің мақсаты адам өмірінде кездесуі мүмкін негізгі қатерлерден сақтандыратын, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге арналған ынтымақты және дербес жүйелердің, міндетті және ерікті сақтандырудың элементтерін қамтитын аралас жүйені орнату.

Тәжірибелік негізде әлеуметтік саясат пен әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері экономикалық өсуді қолдау элементтерін қамтуы, қатерлі жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарға қорғау көрсетуде әділ болуы, тиімді жұмыс істеуі және халықты неғұрлым толық қамтуы тиіс. Әлеуметтік қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Халықтың басым көпшілігі жұмысшылар, ал олардың жалғыз немесе негізгі кірісі еңбекақысы болғандықтан, экономикалық тұрғыдан әлсіз болып табылады. Сол себептен де, әлеуметтік қорғау бағыты өте қажетті болып саналады. Сонымен қатар, кез-келген мемлекетте еңбекке жарамсыз және еңбекке қабілеті төмен жандардың саны басымдау түсіп жатады, сондықтан да олар мемлекет тарапынан үнемі қадағалауды талап етеді.

Қазіргі кезде Қазақстан – Халықаралық Еңбек ұйымының толық мүшесі, аталмыш ұйымға мүше болған елдерде, оның негізгі қағидаларының орындалуын талап етеді және сол бағытта ауқымды іс-шараларды жасайды. Мысалы, тұрақты төленетін еңбек әрекетіндегі ынталандыру шаралары: негізгі әлеуметтік төтенше жағдайларда, әлеуметтік сақтандыру механизмдерінің көмегімен кіріс бөлігін компенсациялау және алдын алу; әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын халықтың әлсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсету; білім және медициналық көмек алуда азаматтардың басты құқықтар мен қызметтерге қолын жеткізуі. Халықтың әлеуметтік қорғалу жүйесінің құрамында республикалық және жергілікті деңгейлер, сонымен қатар әр түрлі әлеуметтік топтар мен категориялар бар.

Елімізде жүргізіліп жатқан реформаның негізгі мақсаты елдегі тұрақтылықты нығайту, қол жеткізген жетістіктерімізді қазақстандық қоғам үшін, өмірлік өлшем ретінде қалыптастыру болды. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен қамтуды кеңейту және әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін әлеуметтік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесіне көшу жүзеге асырылды. Яғни, базалық әлеуметтік төлемдер, олар кәрілік, мүгедектікке тап болған, не асыраушысынан айырылған жағдайда еңбек өтілі мен жалақысының мөлшеріне қарамастан төленеді. Еңбекке қабілетін жоғарылатуды және асыраушысынан айырылуды сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматтар, мемлекет кепілдік берген әлеуметтік жәрдемақылардан басқа, әлеуметтік сақтандыру қорынан ай сайын төлемдер алып отырады. Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің, кәрілікте және әлеуметтік қатерлер басталған жағдайда өзінің қамын ойлайтын азаматтардың ерікті жарналары әлеуметтік қамтамасыз етудің үшінші деңгейі үшін негіз құрайды. Мемлекет лайықты кәрілікті және әлеуметтік қатерлер басталған жағдайда қажетті молшылықты қамтамасыз ету мақсатында басқа да шаралар қабылдайды: әлеуметтік қорғау мен мүгедектерді оңалту қамтамасыз етіледі; әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі дамиды; әлеуметтік көмек көрсету жетілдіріледі[2]. Экономикалық мүмкіндіктер артқан сайын қоғамның ең аз қамтылған мүшелерінің тұрмысын лайықты қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қабылдануда.

Жалпы, баянды дамудың аса маңызды құрамдас бөлігі – күшті әлеуметтік саясат жүргізу. Оның мынандай басымдықтары бар: халықтың экономикалық және әлеуметтік жағынан әлсіз жіктеріне мемлекеттік тиімді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету; экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту яғни, еңбекке жарамды халықтың неғұрлым жоғары тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін, табыс табуына мүмкіндік беретін экономикалық жағдай жасау; медициналық қызмет көрсету мен жалпы білім алудың оңтайлылығын және халықтың берілетін игіліктер мен көрсетілетін қызметтің түрлерін таңдап алу мүмкіндіктерін, олардың сапасын қамтамасыз ету. Бұл мақсаттардың бәрі де маңызды, өйткені, олар қоғамдық татулықтың айқындаушы факторы болып табылатын орташа таптың ауқымды жігін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға жәрдемдеседі. Жоғарыда атап өткен басымдыққа айналған қадамдарды толықтыра кетсек, Қазақстан халқының міндеті – ұлтаралық қатынастардың мәдени, тілдік, жалпы ұлттар теңдігінің үйлесімділігі, екінші мәселе, ол қоғамда бай мен кедей топтарына ажырап кетпеуіне орай, барлығына тең мүмкіндіктерді орнату. Соңғысы экономикалық ахуалдың тұрақтануы мен өндірістік күштердің құрылуына байланысты шағын және орта деңгейдегі меншік иелерінің пайда болуына сәйкес ел байлығының өніп-өркендеуі үшін тұрақтандырушы фактор іспетті жұмыс істейді.

Осы ретте, Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасының негізгі бағыттарында мынадай жүйелер ұсынылып отыр: әділ – әлеуметтік қорғау құқығын іске асыра алушылар үшін жеңіл, қол жетерлік болуы тиіс. Мемлекет кепілдік берген ең төменгі жәрдемақылар көлемі, бірдей әлеуметтік қатер туындаған кезде еңбек өтілі мен жалақысынан тәуелсіз төлемдердің кең деңгейін ұсынуы тиіс.

Сонымен бір мезгілде, қосымша қорғау деңгейі әрбір нақты адамның қатысуының ұзақтығы мен мөлшеріне байланысты болуы керек; әрбір азаматтың мемлекетке тәуелділігін емес, оның жеке жауапкершілігін ынталандыруы тиіс. Тұтастай алғанда, барлық еңбекке қабілетті азаматтар өзінің жеке басының болашағы мен өз отбасының әл-ауқаты үшін жауапты болуға ұмтылуы тиіс; Жүйенің негізгі компоненттері икемді реттелуі қажет; қол жетерлік, яғни белгілі бір мерзім ішінде халықтың барынша толық қамтылуын қамтамасыз етуі тиіс [3].

Әлеуметтік сала кез-келген қоғамның әлсіз тұсы болып есептеледі. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту да күн тәртібіндегі мәселе болып қалады. Яғни, жалпы халықтың кедейшілік деңгейін төмендетуге, жоқшылықты жоюға, жұрттың өзін-өзі қорғау дағдысын қалыптастыруға бағдар ұсталынған. Бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырып, халықтың өмір сүруін жақсартуға, тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Еңбек нарығын ұйымдастыруда халықаралық нормаларды негізге ала отырып, еңбеккерлер мен қызметкерлерге жасалатын әлеуметтік қолдаудың жүйесін, нормаларын бекіту өте қажетті іс болып табылады. Сол жағдайда ғана мемлекетіміздің әлеуметтік қауіпсіздігіне және қоғамның тұрақтылығына кепілдік жасалады.

Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Қазақстан Республикасы Конституциясы (30 тамыз,1995 ж.). Астана, 2007.

2. Қарақұсова Г. Ана, бала, аға ұрпақ – қамқорлыққа ділгер үш санат // Егемен Қазақстан. - 2006.- 27 желтоқсан.



3. Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 886 қаулысымен мақұлданған // Заң.- 2001.-22 тамыз.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Тошкент давлат иқтисодиёт университети ҳузуридаги фан доктори илмий даражасини берувчи
2019 -> Программа работы направлений XXVII международных рождественских образовательных чтений
2019 -> Община бяла
2019 -> Базовый курс аналитической психологии, или Юнгианский бревиарий
2019 -> Редкие и исчезающие виды животных и растений Республики Башкортостан


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет