Түркістанда баланы ұрған балабақша қызметкеріне полицейлер қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде аспаздың бүлдіршінді жұлқылап, ұрғаны тарады.

Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі балаға қол көтерген аспаз емес, тәрбиеші екенін мәлімдеді. 

"Оқиға Түркістандағы жекеменшік балабақшаның бірінде болған. Аталған жағдай бойынша құзырлы органдар айналысуда. Қазіргі таңда тәрбиешінің көмекшісі өз өтініші негізінде жұмыстан босатылды", – делінген ведомство ақпаратында. 

Тәртіп сақшылары сәбидің ата-анасы жазған арыз негізінде қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. "Баланы ұру" дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. 

"Баланың анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық мәнжай анықталып жатыр", – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Түркістандағы балабақшаның бірінде әйелдің баланы ұрып жатқан сәті видеоға түсіп қалғаны айтылды. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.