Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ұлттық балаларды оңалту орталығының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Жаңа басшыны ұжымға денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова таныстырды.

Ажар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын "дәрігер-педиатр" мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері" мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін "МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.

1994 жылдан 1999 жылға дейін — Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі, дəрігер-инфекционисті.

1999-2001 жылдары — Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

2001-2005 жылдары — Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2005-2006 жылдары — Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2008-2017 жылдары — денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.

2017-2020 жылдары — Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің медициналық орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2020-2022 жылдары — денсаулық сақтау вице-министрі.

2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Еске салсақ, 2024 жылдың 6 ақпанында мемлекет басшысының жарлығымен денсаулық сақтау министрі лауазымына депутат Ақмарал Әлназарова тағайындалған еді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.