Жер сілкіні кезінде аэродром алаңына 5 әуе кемесі қонуы керек болған. Алайда соның ішінде 1 ұшақ қонып үлгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"23 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.10-да Алматыда жер сілкінісі болды, ол әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесінің "мұнарасында" айтарлықтай сезілді. Аэродром ауданында қонуға бет алған 5 әуе кемесі болды, cоның ішінде 1 ұшақ қонып үлгерді. 4 әуе кемесі жер сілкінісі туралы хабардар етілді және әуе қозғалысын басқару органдарына тапсырумен аэродром аймағында күту ұйымдастырылды. Осыдан кейін аэродромды басқару орталығының басшысы мұнарадан эвакуациялауға шешім қабылдады", – делінген Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Комитеттің мәліметінше, аэродром орталығында әуе қозғалысын басқару 20 минутқа созылған. Одан әрі жерасты дүмпулері тоқтаған соң, аэродромды басқару орталығы қайтадан жұмысын бастады.

Қонуға тиіс 4 ұшақтың бірі – Астана-Алматы бағытындағы Эйр Астананың КС-856 рейсінің ұшағы Түркістанның қосалқы аэродромына қонды. Қалған үшеуі еш қиындықсыз Алматы әуежайына қонды.

Сағат 00:39-дан бастап әуежай штаттық режимде жұмыс істеді. Қосалқы аэродромға аттанған КС-856 рейсі Түркістаннан 02.32-де Алматыға ұшып, 03.34-те сәтті қонды. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.