Елімізде тұрғын үй нарығы өскен сайын, халықтың жиһаз жасатуға деген сұранысы артуда. Сол себепті соңғы жылдары осы қызмет түрін ұсынатын отандық компаниялар көбейген. Алайда армандаған ас үй жиһазы мен әдемі шкафтың орнына алаяқтардың арбауына түсіп, ақшасын қайтара алмай жүргендер де баршылық. "Жиһаз жасап береміз" деп елдің сеніміне кіріп, ақшаларын алуын алып, жоғалып кететіндер де бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: Видеодан алынған скрин

Алматылық тұрғын жазда алған үйіне жиһаз жасатамын деп аузы күйген. Жиһаз компаниясын жарнамалық сайттан тауыпты. Бір қарағанда еш күмән келтірмейтін кәсіпкермен дереу келісім-шарт жасасқан. Тіпті алдын ала төлемін де жіберген. Алайда келісілген уақыт өткен соң азаматтар жауап беруді қойды дейді. 

"Форма киген екі жігіт келіп, өлшеп, келісім жасап кеттік. Күнді белгіледік. Сонымен келіскен күні келіп, әкеліп беру керек болған. Хабарлассаң әне міне жеткіземіз деп жүргенде екі аптадай өтті. Ғаламтордан сондай нәрселерді іздесем бұл алаяқтардың сондай схемасы екен", — деді ол. 

Нарықта 20 жылдан бері жиһаз жасаумен айналысатын компания директоры Алдияр Бүкенов алаяқтар мен жарнамасы жер жаратын, бірақ уәдесінде тұрмайтындардың арбауына түсіп қалмаудың жалғыз жолы компанияны жіті тексеру дейді. Нарықта ұзақ жыл істеген, абырой беделін биәк қоятын кәсіпкерлерді асықпай саралап іздеуге кеңес береді.

"Бірінші кеңес, компанияны толығымен тексеріп алсаңыз болады. Ол бізде ашық түрде. Арнайы сайтына кіріп, қарызы бар ма, сотқа берілгенбе, қай жылы ашылған, бүкіл ақпаратты қарап шықса болады. Екіншіден, компанияның, мысалы достарыңыз, туыстарыңыз, таныстарыңыз компанияға заказ берді ме, қандай пікір білдірілген бәрін біліп алсаңыз болады. Үшіншіден, өнімін барып көріңіз. Қай жерде жұмыс істейді, жұмыс орны, құралдары қандай? Бәрін зерттеп білу керек. Сосын толық төлемді ешқашан алдын ала жасамаңыз. Қаражатты жиһазды жасалу кезеңіне қарай бөліп төлеген дұрыс", — деді Алдияр Бүкенов. 

Ал егер жиһаз компаниясы белгіленген уақытынан кешіксе, келісім шарт негізінде өсім жүріп, оны ұстап қалуға болады.

"Бізде келісім бойынша әр кезде пения деген бар, 00,1 пайыз жүреді. Мысалы күн сайын просрочкадан өсім жүреді. Бұл клиентке байланысты, ол ақшасын бермеген жағдайда пения оған жүреді", — деді Алдияр Бүкенов. 

Ал заңгерлер екі мәселені бір-бірінен ажыратып алған дұрыс дейді. Бірі, ешқандай компаниясы жоқ, адамдарды алдап арбайтындар олардан зардап шеккендердің саны оннан асса қылмыстық жауапкершілікке тартуға болады. Расымен де компаниясы бар, жұмыс істейтін, бірақ тапсырысты мерзімінен кешіктіретін не толық орындамайтындар. Бұл жағдайда тұтынушы арыз жазып, ақшасын заң бойынша екі айда қайтаруына болады екен. Бірақ қайтару мерзіміне келген кезде қиындықтар барын жасырмайды. 

"Уақытында алып келмегені үшін тұрақты түрде айыппұл салуға болады. Болмаса келісім шартты бұзып соманы қайтаруға болады. Оның да екінші мәселесі бар. Келісім шарттардың заңды күші бар. Оған сотқа беріледі, соттың шешімі шығады. Оның да заңды күші белгіленеді. Бірақ ары қарай сот орындаушыға барған кезде оның орындалу орындалмауы бөлек нәрсе. Әуелі сотқа дейін шағым білдіреді, егер ол сотқа шағым көрсетілген уақыттарын орындамаса ары қаарй сотқа жүгінуге, келісім шартты бұзып ақшаны қайтаруға құқылы", — деді заңгер Азат Ербаян.

Тіпті қолхаттың да күші бар дейді заңгер. Мессенджерлердегі хат алмасуды, чекті де дәлел ретінде қолдануға болады. Сондықтан бәрін сақтап қойған жөн. 

"Уақытын белгілеп, бағасын белгілесе, негізгі шарттар орындалса оның да заңды күші бар. Кез келген қолхат болсын бәрінің заңды күші бар. Алаяқтық бап деген негізі жартылай қылмыстық, жартылай азаматтық деуге болады. Бұл жерде тергеу орындарының қылмысты саралауына байланысты", — деді заңгер. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.