Постановление Правления 2015 года Алматы қаласы № город Алматы


Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты



жүктеу 470.62 Kb.
бет2/2
Дата07.09.2018
өлшемі470.62 Kb.
түріПостановление
1   2

Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты


1.

Әзірлеуші бөлімше

Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті

2.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Жоба ҚБЕО Банкаралық ақша аудару жүйесін (бұдан әрі – БААЖ) Халықаралық есеп айырысу банкінің Төлемдер және нарықтық инфрақұрылымдар жөніндегі комитеті (ТНИК) мен Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның халықаралық ұйымының Техникалық комитеті әзірлеген Қаржы нарығының инфрақұрылымдарына арналған қағидаттардың (бұдан әрі – ҚНИ үшін Қағидаттар) талаптарына сәйкес келтіруді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Аталған Қағидаттар ҚНИ-ды, оның ішінде төлем жүйелерін құру және дамыту кезінде директив ретінде қолданылады.

Жоба Қазақстан төлем жүйелерінің Ұлттық Банк пен ҚБЕО жүргізген ҚНИ үшін Қағидаттарды, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің сарапшысы 2013-2014 жылдары өткізген сыртқы бағалауды (Төлем жүйелерінің Қағидаттарға сәйкес келуін техникалық бағалау) сақтауына өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша әзірленді.

Ұсынылған жобаға сәйкес қолданыстағы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулардың көп көлемін (қолданыстағы тармақтар мен нормалардың 50%-нан көбі) енгізу қажеттілігіне қарай Банкаралық ақша аудару жүйесінде ақша аудару қағидалары жаңа редакцияда ұсынылды.


3.

Нормативтік құқықтық актінің қысқаша сипаттамасы

Жобада мыналар көзделеді:

1) ҚНИ үшін 1 «Құқықтық негіз», 7 «Өтімділік тәуекелі», 8 «Есеп айырысулардың аяқталуы», 13 «Қатысушының орындалмайтын міндеттемелеріне жататын қағидалары мен рәсімдері» Қағидаттардың:

- «кері қайтарылмайтын төлем» ұғымын енгізу;

- бағалы қағаздармен мәмілелердің нәтижелері бойынша БҚОД төлемі немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқауларды өткізу тәртібін сипаттау;

- пайдаланушыда өтімділікті есептеу үшін олар жеткіліксіз болған кезде кезекке қойылмайтын төлем хабарламаларының түрлерін анықтау (ҚБЕО-ның орындамастан қайтаруы): бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша БҚОД төлем нұсқаулары бөлігінде орындау;

- пайдаланушы бастамашыға қарсы шығарған жеделдетілген оңалту рәсімін, оңалту рәсімін қолдану немесе борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін алғанға дейін пайдаланушылар жүйеге бағыттаған төлемдер мен ақша аударымдары кері қайтарылмайтын және түпкілікті болып табылатын ұйғарым ретінде орындалуы және аяқталуы тиіс;

2) төлем жүйесін пайдаланушылар мен БААЖ операторы арасындағы мүдделер қақтығысын басқару рәсімін анықтайтын талаптармен Қағидаларды толықтыру жолымен ҚНИ үшін 2 «Басқару» Қағидатын орындау;

3) ҚНИ үшін 3 «Тәуекелдерді кешенді басқару жүйесі», 17 «Операциялық тәуекел» Қағидаттарын:

- Қағидаттарда пайдаланылатын тәуекелдер тізбесін ҚНИ үшін қағидаттарда, ТЕИК терминдерінің глоссарийінде белгіленген тәуекелдер тізбесіне сәйкес келтіру;

- тәуекелдерді басқару әдістерін анықтау;

- тәуекелдерді басқарудың пайдаланылатын әдістерін екі жыл ішінде кемінде бір рет ҚРҰБ мен ҚБЕО-ның міндетті түрде талдау жүргізуі туралы талаптарды белгілеу;

- операциялық тәуекелді басқару тәсілдерін анықтау;

- БААЖ-да операциялық тәуекелді басқару жөнінде ҚБЕО ҚРҰБ-мен бірігіп құжат әзірлейтін талаптарды белгілеу арқылы орындау.

4) ҚНИ үшін 4 «Кредиттік тәуекел» және 7 «Өтімділік тәуекелі» Қағидаттарын:

- өтімділік тәуекелін, жүйелік және кредиттік тәуекелдерді басқарудың қолданылып жүрген әдістерін регламенттеу;

- кезекте тұрған төлем құжатының басымдылығын өзгертуді пайдаланушы-бастамашы төлем құжатын қайтарып алмай, тиісті хабарламаны жүйеге жіберу арқылы жүзеге асыратын өзгерістерді енгізу жолымен орындау;

5) БААЖ арқылы трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын өткізу тәртібін айқындау;

6) Қағидаларға жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша Қағидалардың мәтіні бойынша редакциялық және өзге де түзетулер енгізу.

Сондай-ақ, жобада Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларына 33-тармақты алып тастау (аталған қаулының мәніне жатпайды, өйткені БААЖ-дағы төлемдер БААЖ-да ақша аудару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады) бөлігінде өзгеріс енгізіледі.


4.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын Ұлттық Банктің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарымен және/немесе өзге мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Қаулы жобасы Ұлттық Банктің мүдделі бөлімшелерімен, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК-мен келісілді.

5.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қаржы ұйымдарымен, өзге де мүдделі заңды тұлғалармен келісу туралы мәліметтер

Қаулының жобасы «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-мен және ҚБЕО төлем жүйелерін пайдаланушылармен келісілді.

6.

Сараптама кеңесінің және Ұлттық Банк аккредиттеген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) қарауына жіберу туралы мәліметтер

«Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-ның 2015 жылғы 28 тамыздағы № 2/01/3095 сараптамалық қорытындысы (ескертулері мен ұсыныстары жоқ).

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 10882 сараптамалық қорытындысы (ескертулері мен ұсыныстары жоқ).


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің 2015 жылғы 7 қазандағы № 66 хаттамасы.


7.

Ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу үшін Сарапшыға жіберу туралы мәліметтер

Ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу үшін Сарапшыға жіберу талап етілмейді

8.

Нормативтік құқықтық актінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулардың нәтижелері

Нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты шығындар болған жоқ.

9.

Өзге мәліметтер

Жоқ.




Төлем жүйелерін

дамыту және басқару департаментінің директоры


Р. Мұсаев


Орынд.: Ниязова Д.А.

тел.: 8 727 2 704 613

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының

«Банкаралық ақша аудару жүйесінде ақша аудару қағидаларын бекіту және

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасына салыстырмалы кесте

(нормативтік құқықтық акті жобасының атауы)




р/с



Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін жобаның құрылымдық элементі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме/түсініктеме

Қаулы жобасының 2-тармағы. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9247 тіркелген, 2014 жылғы 15 сәуірде № 53 «Заң газеті» газетінде жарияланған) өзгеріс енгізу

1.

33-тармақ

Төлем жүйелеріндегі банктің/банктік емес ұйымның төлемдері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 711 тіркелген «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1212 тіркелген «Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 16 маусымдағы № 273 қаулысында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Алып тасталсын

Аталған қаулының мәніне жатпайды, өйткені БААЖ-дағы төлемдер БААЖ-дағы ақша аударымы қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады, ал ҚРҰБ Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату тәртібін айқындайды. Бұл тармақтың редакциясы, жалпы алғанда, мағыналық жүктеме атқармайды және белгілі бір іс-әрекетті регламенттемейді, өйткені ұсынылған қаулы жобасының шеңберінде күші жойылды деп танылатын Қағидалардың қолданыстағы редакциясына сілтеме жасамайды.



Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаментінің директоры


Р. Мұсаев













Орынд.: Ниязова Д.А.

тел.: 8 727 2 704 613




Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет