Постановление Правления 2015 жылғы Алматы қаласы № город Алматы



жүктеу 1.04 Mb.
бет1/5
Дата04.03.2018
өлшемі1.04 Mb.
түріПостановление
  1   2   3   4   5



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2015 жылғы _____________


Алматы қаласы



№ _________


город Алматы


«Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер белгілеу кодтарының тізбесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларында:

11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Экономика секторы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес экономика секторының кодына сәйкес қойылады.

12. Төлемді белгілеу коды Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қойылады.»;

18-2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«18-2. Мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық), екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – банктер), «Қазпочта» акционерлік қоғамы, бас банктің төлемдер мен ақша аударымдарын, оның ішінде еншілес банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып депозиторлардың бас банкке «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген банк шоттары бойынша жүзеге асыруымен байланысты аударым операцияларын Ұлттық Банктің лицензиясынсыз жүзеге асыратын, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға (бұдан әрі – бұрын еншілес банк болған заңды тұлға) ұсынады және Ұлттық Банк Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға сәйкес қалыптастырады.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Мәліметтерді:

1) Орталық – есепті айдан кейінгі айдың жетінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей;

2) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға – есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей ұсынады және Ұлттық Банк қалыптастырады;

3) бас банк және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк, қосылатын банк, сондай-ақ Банктер туралы заңға сәйкес қосылу жүзеге асырылатын банк – есепті айдан кейінгі айдың жиырма бірінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей ұсынады.

Егер Мәліметтерді ұсыну мерзімі жұмыс емес күніне сәйкес келсе, одан кейінгі жұмыс күні Мәліметтерді ұсыну күні болып саналады.»;

мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:

«21. Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген ұйымдар:

1) есепті айда Мәліметтерде көрсетілетін төлемдер және ақша аударымдар болмаған кезде бұл туралы Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей хабарлайды;

2) бұрын ұсынылған Мәліметтерден қателер анықталған жағдайда қателерді түзетеді және дәйекті Мәліметтерді Ұлттық Банкке Мәліметтерді ұсыну үшін Қағидалардың 20-тармғында белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады;

3) Қағидалардың 20-тармағында көзделген мерзімдерді бұзғаны үшін, сондай-ақ жаңартылған Мәліметтерді осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген мерзімдер аяқталғаннан кейін ұсынғаны үшін 2014 жылғы
5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде белгіленген тәртіппен жауапкершілік атқарады.»;

2 және 3-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жазылсын.

2. Төлем жүйелерiн дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен:


  1. Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

  2. осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

  3. осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

5. Осы қаулы, осы қаулыға 1-қосымшаның Төлемдер белгілеу кодтарының жан-жақты кестесінің жаңа редакцияда жазылған, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 014, 031, 089, 090, 093, 098 және 099 төлемдер белгілеу кодтары операциялары атауларының өзгерістерін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

Ұлттық Банк

Төрағасы Д. Ақышев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитетінің төрағасы

Ә. Смайылов ________________________

2015 жылғы «____»________________

Қазақстан Республикасы


Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы _______________
№ _____ қаулысына

1-қосымша

Экономика секторларының және

төлемдер белгілеу кодтарын қолдану

және төлемдер бойынша оларға

сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларына



2-қосымша

Төлем белгілеу кодтарының жан-жақты кестесі


Төлем белгілеу кодтары

Операциялардың атауы

0-бөлім «Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар»

002

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің сомасынан, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының оның активтері сомасынан түскен комиссиялық сыйақы

003

Инвестициялық шотқа аударым

004

Зейнетақы төлемдері шотына аударым

005

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған өсімпұл сомаларын қайтаруы

006

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушының комиссиялық сыйақысы

007

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақысы

008

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды қайтаруы

009

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұл

010

Міндетті зейнетақы жарналары

011

014 төлем белгілеу коды бойынша зейнетақы төлемдерін қоспағанда, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері

012

Міндетті әлеуметтік аударымдар

013

Ерікті зейнетақы жарналары

014

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері

015

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары

016

Банктің қаржыландырылған зейнетақы қаражатын және базалық зейнетақы төлемдерін қайтаруы

017

Міндетті әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

018

Инвестициялық кіріс,




оның ішінде:




«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының инвестициялық қызметінен алынған инвестициялық кіріс

019

Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

020

Зейнетақылардан және жәрдемақылардан сомаларды ұстау, зейнетақылардан және жәрдемақылардан ұстап қалу сомаларын қайтару

021

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қате есептелген төлемдерді қайтаруы

022

Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар

023

Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару

024

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында аудару

025

2016 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдар, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ әскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған тұлғалардың пайдасына бюджет қаражат есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан елу пайызды қайтару

026

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының міндетті әлеуметтік ақша аудару бойынша қате есептелген немесе артық төленген сомаларды қайтаруы

027

Еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаражатынан төленетін әлеуметтік төлем

028

Еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару

029

Жергілікті бюджеттерден трансферттер

030

Республикалық бюджеттен трансферттер,




оның ішінде:




Зейнетақы төлемдерін алушыларға мемлекет кепілдіктерінің сомаларын міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамында нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша инфляция деңгейін ескере отырып төлеу




Бір жасқа толғанға дейін бала күтіп-бағуға байланысты табысты жоғалтқан жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын әлеуметтік төлемдерді алушыларға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан субсидиялау




Бір жасқа толғанға дейін бала күтіп-бағуға байланысты табысты жоғалтқан жағдайда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын әлеуметтік төлемдерді алушыларға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан субсидиялау

031

Банктің қате төлемдерді, басқа да төлемдерді қайтаруы




басқа да төлемдерге мыналар жатады:




Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыны қайтару




оралмандарға бір жолғы төлемдерді қайтару




банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдерді қайтару




мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті қайтару




тұрғын үй көмегін қайтару

032

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды қайтаруы

033

Зейнетақылар

034

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар

035

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды қайтару

036

Асыраушысынан айрылған жағдай бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар

037

Асыраушысынан айрылған жағдай бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды қайтару

038

Жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар

039

Жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды қайтару

040

Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған төлемдерді алушыларды, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерді бар өзге тұлғаларды жерлеуге арналған жәрдемақылар

041

Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған төлемдерді алушыларды, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерді бар өзге тұлғаларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды қайтару

042

Жер асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды жұмыста және өте ауыр жұмыс жағдайларында жұмыс істеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақылар

043

Жер асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды жұмыста және өте ауыр жұмыс жағдайларында жұмыс істеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды қайтару

044

Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар төлеу

045

Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды қайтару

046

Асыраушысынан айрылған жағдайда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдер

047

Асыраушысынан айрылған жағдайға арналған әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару

048

Жұмысын жоғалтқан жағдайда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдер

049

Жұмысын жоғалтқан жағдайға арналған әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару




050-топ «Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар»

051

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына

052

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне

053

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға

054

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға

055

Ұлы Отан соғысында қайтыс болған әскерлердің жесірлеріне

056

Қайтыс болған әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына

057

Қайтыс болған соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушылардың әйелдеріне (ерлеріне)

058

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғаларға

059

Анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақылар




060-топ «Арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару»

061

Ұлы Отан соғысының қатысушылары бойынша

062

Ұлы Отан соғысының мүгедектері бойынша

063

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар бойынша

064

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар бойынша

065

Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесірлері бойынша

066

Қайтыс болған әскери қызметшілердің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары бойынша

067

Қайтыс болған соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушылардың әйелдері (ерлері) бойынша

068

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғалар бойынша

069

Анасына немесе әкесіне, баланы (қызды) асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақыны қайтару







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет