Постановление Правления 2015 жылғы Алматы қаласы № город Алматы


Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты



жүктеу 1.04 Mb.
бет5/5
Дата04.03.2018
өлшемі1.04 Mb.
түріПостановление
1   2   3   4   5

Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты


1.

Әзірлеуші бөлімше

Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті

2.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Жоба төлемдер кодын тізбесін оңтайландыру үшін арналған және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысын Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 89 (бұдан ары - № 89 Нұсқаулығы) бұйрығына сәйкес келтіру.

3.

Нормативтік құқықтық актінің қысқаша сипаттамасы

Қаулы жобасына сәйкес:

1) ТБК қайталауларын қысқарту есебімен Төлем белгілеу кодының жан-жақты кестесі (Қағидаларына 2-қосымша) жаңа редакцияда баяндалады, сонымен қатар көбінесе 1 «Арнайы аударымдар», 3 «Салымдар (депозиттер)», 4 «Қарыздар», 7 «Тауарлар және материалдық емес активтер», 8 «Қызметтер»;



2) «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарына сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер» есеп нысаны №89 Нұсқаулығының талаптарына сай келтіріледі;

3) Төлемге бастама жасаған елдің не төлем жіберілген елдің кодын «ел» бағанында көрсете отырып корреспонденттік шоттар арқылы шет елге жіберілген/шет елден алынған төлемдер және ақша аударымдары бойынша есептілік беруі көзделеді (қолданыстағы ақша жөнелтушінің және бенефициардың резиденттігі (азаматтығы) елін қою тәртібінің орнына).

4.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын Ұлттық Банктің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарымен және/немесе өзге мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Қаулысының жобасы Ұлттық Банк мүдделі бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетімен, «ЗТЖМО» РМҚК-мен, «БЖЗҚ» АҚ-мен, «Қазпочта» АҚ-мен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен келісілді.



5.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қаржы ұйымдарымен, өзге де мүдделі заңды тұлғалармен келісу туралы мәліметтер

Қаулысының жобасы Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығымен келісілді.

6.

Сараптама кеңесінің және Ұлттық Банк аккредиттеген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) қарауына жіберу туралы мәліметтер

«Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-ның 2015 жылғы 1 қыркүйектегі №2/01/3108 сараптамалық қорытындысы (ескертулері мен ұсыныстары жоқ).

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2015 жылғы 14 қыркүйектегі № 10928 сараптамалық қорытындысы (ескертулері мен ұсыныстары жоқ).


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің 2015 жылғы 8 қазандағы № 68 хаттамасы.

7.

Ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу үшін Сарапшыға жіберу туралы мәліметтер

Ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу үшін Сарапшыға жіберу талап етілмейді

8.

Нормативтік құқықтық актінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулардың нәтижелері

Нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты шығындар болған жоқ.

9.

Өзге мәліметтер

Жоқ.




Төлем жүйелерін

дамыту және басқару департаментінің директоры


Р. Мұсаев

Орындаған.: Ниязова Д.А., Федорова О.О.

тел. 8 7272 704-613, 8 7272 704 839




«Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және

төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының

қаулысының жобасына салыстырмалы кестесі

(нормативтік құқықтық акті жобасының атауы)





р/с



Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін жобаның құрылымдық элементі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме/түсініктеме

Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидалары



11 тармақ

11. Экономика секторы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сай экономика секторының кодына сәйкес қойылады.

11. Экономика секторы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес экономика секторының кодына сәйкес қойылады.

Редакциялық түзетулер.



12 тармақ

12. Төлемді белгілеу коды осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес қойылады.

12. Төлемді белгілеу коды Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қойылады.

Редакциялық түзетулер.



18-2-тармақтың бірінші абзацы

18-2. Ұлттық Банкке мәліметтерді «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық), екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - банктер), «Қазпочта» акционерлік қоғамы, бас банктің төлемдер мен ақша аударымдарын, оның ішінде еншілес банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып депозиторлардың бас банкке «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген банк шоттары бойынша жүзеге асыруымен байланысты аударым операцияларын Ұлттық Банктің лицензиясынсыз жүзеге асыратын, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға (бұдан әрі - бұрын еншілес банк болған заңды тұлға) ұсынады және Ұлттық Банк Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес қалыптастырады.

Бенефициар банк Мәліметтерде бенефициар кодының және шет елден түскен төлемдер бойынша төлем мақсаты кодының дұрыстығын тексереді.

Банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы және бұрын еншілес банк болған заңды тұлға Мәліметтердің дәйектілігін растау үшін Ұлттық Банкке оның сұратуы бойынша жүргізілетін төлемдер бойынша ақпаратты, оның ішінде төлем құжаттарының көшірмелерін ұсынады.

18-2. Мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық), екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – банктер), «Қазпочта» акционерлік қоғамы, бас банктің төлемдер мен ақша аударымдарын, оның ішінде еншілес банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып депозиторлардың бас банкке «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген банк шоттары бойынша жүзеге асыруымен байланысты аударым операцияларын Ұлттық Банктің лицензиясынсыз жүзеге асыратын, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға (бұдан әрі – бұрын еншілес банк болған заңды тұлға) ұсынады және Ұлттық Банк Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға сәйкес қалыптастырады.

Бенефициар банк Мәліметтерде бенефициар кодының және шет елден түскен төлемдер бойынша төлем мақсаты кодының дұрыстығын тексереді.

Банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы және бұрын еншілес банк болған заңды тұлға Мәліметтердің дәйектілігін растау үшін Ұлттық Банкке оның сұратуы бойынша жүргізілетін төлемдер бойынша ақпаратты, оның ішінде төлем құжаттарының көшірмелерін ұсынады.

Статистика агенттігі төрағасының «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 89 бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында.

  1. 5

20 тармақ

20. Мәліметтерді:

1) Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесі (бұдан әрі - банкаралық жүйе) және клиринг жүйесі (бұдан әрі - клиринг жүйесі) арқылы жүргізілген төлемдер бойынша Орталық ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 7-сінен кешіктірмей;

2) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға ұсынады және Ұлттық Банк есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей қалыптастырады;

3) бас банк пен «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы заң) сәйкес оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк, қосылатын банк, сондай-ақ Банктер туралы заңға сәйкес оған қатысты қосылу жүзеге асырылатын банк есепті айдан кейінгі айдың 21-інен кешіктірмей ұсынады.

Есепті кезеңде Мәліметтер болмаған жағдайда, банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы және бұрын еншілес банк болған заңды тұлға бұл туралы Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.

Егер Мәліметтерді ұсыну мерзімі жұмыс емес күніне сәйкес келсе, одан кейінгі жұмыс күні Мәліметтерді ұсыну күні болып саналады.



20. Мәліметтерді:

1) Орталық – есепті айдан кейінгі айдың жетінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей;

2) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға – есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей ұсынады және Ұлттық Банк қалыптастырады;

3) бас банк және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк, қосылатын банк, сондай-ақ Банктер туралы заңға сәйкес қосылу жүзеге асырылатын банк – есепті айдан кейінгі айдың жиырма бірінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей ұсынады.

Егер Мәліметтерді ұсыну мерзімі жұмыс емес күніне сәйкес келсе, одан кейінгі жұмыс күні Мәліметтерді ұсыну күні болып саналады.


Редакциялық түзетулер.



21 тармақ

Болмаған

21. Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген ұйымдар:

1) есепті айда Мәліметтерде көрсетілетін төлемдер және ақша аударымдар болмаған кезде бұл туралы Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей хабарлайды;

2) бұрын ұсынылған Мәліметтерден қателер анықталған жағдайда қателерді түзетеді және дәйекті Мәліметтерді Ұлттық Банкке Мәліметтерді ұсыну үшін Қағидалардың 20-тармғында белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады;

3) Қағидалардың 20-тармағында көзделген мерзімдерді бұзғаны үшін, сондай-ақ жаңартылған Мәліметтерді осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген мерзімдер аяқталғаннан кейін ұсынғаны үшін 2014 жылғы


5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде белгіленген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

Мәліметтерде қателерді тапқан кезде есеп беруші есептердi қайта жiберудiң тәртiбiн ұйғару мақсатында.



1-қосымша




Қаулының жобасына 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалған.

Төлемдер белгілеу кодтарының тізімін қысқарту және қайта қарау (оптимизациялау) жұмыс істеу шеңберінде.



2-қосымша




Қаулының жобасына 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалған.

Статистика агенттігі төрағасының «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 89 бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында.



Төлем жүйелерін дамыту және басқару

департаментінің директоры Р. Мұсаев

Орындаушы: Ниязова Д.А., Федорова О.О.



тел. 8 7272 704-613, 8 7272 704-839




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет