Постановление Правления алматы қаласы город Алматы Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы



жүктеу 69.78 Kb.
Дата14.03.2018
өлшемі69.78 Kb.
түріПостановление

Жоба


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

Алматы қаласы




город Алматы



Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы


30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы __ қарашадағы

№ ___ қаулысына

қосымша

Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу

қағидалары

1. Осы Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) макропруденциялық реттеуді іске асыру шегінде қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды.

2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жүйе құраушы банк – тұрақты жұмыс істеуіне елдің тұтастай қаржы жүйесінің немесе оның жекелеген сегменттерінің тұрақтылығы байланысты болатын банк;

2) жүйе құраушы инфрақұрылымдық қаржы ұйымы – тұрақты жұмыс істеуіне бағалы қағаздар нарығының тұрақтылығы байланысты болатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

3) инфрақұрылымдық қаржы ұйымы – бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтердің мына түрлерін жүзеге асыратын ұйым:

бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыруды;

депозитарлық қызметті;

қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клиринг қызметін;

бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн жүргізу жөніндегі қызметін.

3. Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерінің деңгейін төмендету және олардың басталуын алдын алу қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу критерийлерін белгілеудің мақсаты болып табылады.

Қағидаларда бекітілген критерийлерге сәйкес келетін екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) және инфрақұрылымдық қаржы ұйымдары жүйе құраушылардың қатарына жатқызылған қаржы ұйымдары болып танылады.

4. Банкті жүйе құраушы банк қатарына жатқызу үшін мына критерийлер қолданылады:

1) банктің мөлшері;

2) банктің қаржы нарығының қатысушыларымен өзара байланысы;

3) банктің өзара алмасуы;

4) банк жүргізетін операциялардың кешенділігі (күрделілігі).

5. Мыналар:

1) банк активтерінің банктердің жиынтық активтеріндегі үлесі (К1);

2) банк міндеттемелерінің банктердің жиынтық міндеттемелеріндегі үлесі (К2) банктің мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады.

6. Мыналар:

1) банктің банктерге қатысты банкаралық активтері, шартты талаптары (бұдан әрі – банкаралық активтер) және банктің еншілес ұйымдарына инвестициялары сомасының банктердің банкаралық активтерінің және еншілес ұйымдарға инвестицияларының жиынтық көлеміндегі үлесі (К3);

2) банктің банктер алдындағы банкаралық міндеттемелері, шартты міндеттемелері (бұдан әрі – банкаралық міндеттемелер) және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының банкке салымдарға және банк шығарған бағалы қағаздарға инвестицияланған зейнетақы ативтері сомасының банктердің банкаралық міндеттемелерінің және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының банктерге салымдарға және банктер шығарған бағалы қағаздарға инвестицияланған зейнетақы ативтерінің жиынтық көлеміндегі үлесі (К4);

3) жеке тұлғалардың банкте орналастырылған «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) кепiлдiк беруі тиісті салымдары сомасының жеке тұлғалардың банктерде орналастырылған Қор кепiлдiк беруі тиісті салымдарының жиынтық көлеміндегі үлесі (К5) банктің қаржы нарығының қатысушыларымен өзара байланысын сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады.

7. Мыналар:

1) банктің банкаралық ақша аудару жүйесі, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының клиринг жүйесі арқылы жүргізген төлемдерінің, электрондық банктік қызметтер нарығындағы (банк жүйесінде) төлемдерінің, халықаралық ақша аударымы жүйесі арқылы, банк пен оның қарсы агенттері арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргізілген төлемдері мен аударымдары (бұдан әрі – қолма-қол ақшасыз төлемдер) жалпы сомасының банктердің қолма-қол ақшасыз төлемдерінің жиынтық көлеміндегі үлесі (К6).

2) банктің несие портфелінің банктердің жиынтық несие портфеліндегі үлесі (К7);

3) банктің кастодиандық қызметті көрсетуге қабылдаған активтерінің банктердің кастодиандық қызметті көрсетуге қабылдаған активтерінің жиынтық көлеміндегі үлесі (К8) банктің өзара алмасуын сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады.

8. Банк жүргізетін операциялардың кешенділігін (күрделілігін) сипаттайтын көрсеткіштер:

1) банктің туынды қаржы құралдары және шетел валютасы бойынша шартты талаптары сомаларының банктердің туынды қаржы құралдары және шетел валютасы бойынша шартты талаптарының жиынтық көлеміндегі үлесі (К9);

2) банктің туынды қаржы құралдары және шетел валютасы бойынша шартты міндеттемелері сомаларының банктердің туынды қаржы құралдары және шетел валютасы бойынша шартты міндеттемелерінің жиынтық көлеміндегі үлесі (К10);

3) банктің әділ құны бойынша пайда немесе шығын арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарының және сату үшін банкте бар бағалы қағаздарының жалпы сомаларының банктердің әділ құны бойынша пайда немесе шығын арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарының және сату үшін банктерде бар бағалы қағаздарының жиынтық көлеміндегі үлесі (К11) болып табылады.

9. Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген көрсеткішті қоспағанда, Қағидалардың 5, 6, 7, және 8-тармақтарында көрсетілген көрсеткіштерді есептеу тоқсанның бірінші күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.

Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген критерийлерді есептеу тоқсан үшін жүзеге асырылады.

Көрсеткіштердің орташа мәнін есептеу кезеңіне есептеу күнінің алдындағы қатарынан төрт тоқсан кіреді.

10. Банктің жалпылама көрсеткіші (ЖК) мына формула бойынша есептеледі:



,

мұндағы:


ЖК – банктің жалпылама көрсеткіші;

Кij – j-көрсеткішінің (К111) i-тоқсаны үшін пайыздық мәні

Скj – j-көрсеткішінің (К111) жалпылама көрсеткіштегі салмағы және ол мына мәнді құрайды:

Ск1 = 20%;

Ск2 = 20%;

Ск3 = 5%;

Ск4 = 5%;

Ск5 = 10%;

Ск6 = 10%;

Ск7 = 7%;

Ск8 = 3%;

Ск9 = 5%;

Ск10 = 5%;

Ск11 = 10%.

11. Егер Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептелген банктің жалпылама көрсеткіші 10 пайызды құраса және одан асса, банк жүйе құраушы банктердің қатарына жатады.

12. Егер Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептелген банктің жалпылама көрсеткіші 5 пайыздан асса, бірақ 10 пайыздан кем болса, мұндай банк келесі бағалау жүргізу нәтижелері бойынша жүйе құраушылар қатарына жатқызылуы мүмкін әлеуетті банктердің тізіміне (watch-list) қосылады.

13. Инфрақұрылымдық қаржы ұйымы бірегейлік критерийіне сәйкес келген жағдайда жүйе құраушылар қатарына жатады.

Егер инфрақұрылымдық қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызметтерді жеке-дара жүзеге асыратын ұйым болып табылатын болса, инфрақұрылымдық қаржы ұйымы бірегейлік критерийіне сәйкес келеді.

14. Инфрақұрылымдық қаржы ұйымы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген критерийге сәйкестігіне қарамастан, жүйе құраушы болып танылуы мүмкін.

15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жылына бір рет тиісті жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша осы тізімді қалыптастырған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін жүйе құраушылар қатарына жатқызылған қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастырады.



16. Жүйе құраушылар қатарына жатқызылған қаржы ұйымдарының тізімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орнындағы адам бұйрығысымен тиісті жылғы 1 қыркүйектен кешіктірілмейтін мерзімде бекітіледі.

17. Қаржы ұйымын жүйе құраушылар қатарына жатқызылған қаржы ұйымдарының тізіміне қосу туралы, сондай-ақ банкті келесі бағалау нәтижелері бойынша жүйе құраушылар қатарына жатқызылуы мүмкін әлеуетті банктердің тізіміне қосу туралы ақпарат осы қаржы ұйымдарына Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген тізімді бекіткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет