Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Қазгидромет ел аумағы бойынша наурыз-мамыр айларына арналған маусымдық ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: unsplash

Наурыз айында Қазақстанның солтүстік облыстарында суық ауа райы сақталады. Қар жауып, бұрқасын, көктайғақ пен тұман кболады. Бұл күндері температура фоны төмен түсіп, түнде аяз 15-25 градусқа дейін жетеді. 

Елдің солтүстік, орталық және шығысында бірінші онкүндікте ауа температурасы күндіз 2-7 градусқа дейін жылы болады. Айдың үшінші онкүндігінде ауа райы 5-15 градусқа дейін жылынады. 

Ал наурыз айында Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс өңірлерінде жауын-шашын жиі жауады. Ауа температурасы түнде 0-10 градустан +3+8 градусқа дейін, күндіз 0+10 градустан +10+18 градусқа дейін жетеді. 

  • "Минус 30 градус аяз": Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
  • "38 градусқа дейін аяз болады": Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Наурызда бір айдағы орташа ауа температурасы Қазақстан аумағының басым бөлігінде қалыпты болады. Елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде — нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс бөлігінде норма шамасында болжанады.

Сәуір және мамыр айларында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде, тек мамырда елдің солтүстік-батыс жартысында температуралық фон нормаға жуық болады.

Мамандар сәуір айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады деп отыр. Солтүстік-батысында жауын-шашын аз, елдің оңтүстік, оңтүстік – шығыс, шығысының таулы аймақтарда жиі болады. Мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады деп болжануда.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатқаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.