Танымал әнші, отандық музыкалық байқаулардың жүлдегері Айқын Төлепберген жаңа үйін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Бейбіт Әлібековтың "По домам" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Бағдарламадан скриншот

Эстрада жұлдызы 340 шаршы метр үйінің құрылысына қанша ақша жұмсағанын есептей алмады. 

“Кейінгі кезде алматылықтарды әбігерге салған жер сілкінісіне үйіміз төзімді. Өзіміз Таиландта болсақ та, үйде қалған ата-анамызға ештеңе сезілмеген. 10 соттық жерімізге іргетасынан бастап салдық. Содан бері құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әлі де ұсақ-түйек шаруасы көп. Қонақ бөлменің төбесіне шаңырақ орнату керекпін. Үйімнің бір бұрышынан өнер жұлдыздарының тұтынған бұйымдарынан музей жасағым келеді. Мейрамбек ағамыздың домбырасын, Мақпал апайымыздың сәукелесін, Роза Рымбаеваның сахналық бұйымын қойғым келеді. Қонақтар келіп, ән әлеміндегі жұлдыздардың заттарын көзбен көргенін қалаймын”, – деді әнші. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Өнер иесі зәулім үйін екі жылда салып біткен. Сәулетші немесе интерьер-дизайнер жалдамай-ақ, өзі жасаған көрінеді. 

Фото: Видеодан кадр

Сондай-ақ әнші үйіндегі орналасқан ерекше ағашты көрсетті. Оның сөзінше, бұл үйге қоюға арналған Қазақстандағы ең ұзын ағаш көрінеді. 

Фото: Видеодан кадр

Оған қоса өнер иесі шығармашылықпен айналысатын бөлмесін де көрсетті. Ол жерде ұлы екеуі ән жазып, музыка шығарып, концертке дайындалады екен.

Одан кейін өнер иесінің әйелі, әнші, “Кешью” тобының экс солисі Жұлдыз Өмірғалидың да бөлмесін көрсетті. Әнші бос уақытында өз бөлмесінде киім тігумен айналысады екен. 

Фото: Видеодан кадр: 

Эстрада жұлдызының айтуынша, ата-анасы бірге тұрады. Әрқайсысының жеке-жеке бөлмесі бар көрінеді. 

  Фото: Видеодан кадр: 

Өнер иесі болашақта үшінші қабаттан терраса жасап, отбасылық кешкі ас ішуді армандайды. Бірақ дизайны қалай болатынын әлі ойластырмаған. 

Фото: Видеодан кадр: 

Сонымен қатар отбасылық өнер иелері сахналық киімдері жиналған бөлмені де көрсетіп, отандық дизайнерлердің қолынан шыққан туындыларды ғана киетінін жасырмады. 

Фото: Видеодан кадр:  

Еске салайық, Айқын Төлепберген екінші рет шаңырақ көтергенде үйлену тойын жасамағанын айтқан еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.