Танымал кәсіпкер, блогер Фариза Төреәлі тұрмысқа шыққан жылдарын еске алды. Не себепті ұзақ бала көтере алмағанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Тұрмысқа шыққанына 4 жылға жуық уақыт болған блогер, биыл ғана тұңғышын дүниеге әкелді. 

“Ата-ана болу – өте үлкен жауапкершілік. Кішкентай ғана періштені Алла саған аманат етіп қояды. Сен толықтай оған жауаптысың. Ертең не нәрсе үйретіп, қандай тәрбие бергенімізге едйін сұраламыз. Бұл рөл оңай емес. Ал ата-ана болуды ешкім үйретпейді. Толық меңгеріп, ата-ана болу да мүмкін емес нәрсе. Дегенмен, салғырт қарауға рұқсат жоқ”, – дейді жас ана. 

 

  • "Түнде кезектесіп қарап шығамыз": Фариза Төреәлі бала бағуға көмектескен күйеуін мақтады

  • "Әпкесінен бұрын босанған сияқты:" Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы ана атанды

Сондай-ақ кәсіпкер тұрмысқа шыққаннан кейін жүкті бола алмауының себебін айтты. 

“Ерте 18 жасымда тұрмысқа шыққанымды білесіздер. Өзім бала едім. Ана болуға дайын болмадым. Себебі әлі жауапкершілік алғым келмеді. Балаға көп нәрсе бере алмайтынымды түсіндім. Біраз есею керек еді. Алла сол нәрсені жүрегіме салып қойды ма, көпке дейін сәби күтіп жүрдік. Бірде күнделігме былай деп жазып қойыппын: “Сен аманат еткен пендеңе қашан лайық түрде ана болуға дайындайсың, сол кезде перзент бер” дедім. Менің тілегім қабыл болды”, – дейді Фариза. 

Айтуынша, қазір өмірі мен ойлау жүйесі өзгерген. Тіпті денсаулығына төнген қатерлі ісікті де жеңіп, өзін толықтай бала тәрбиесіне арнаған көрінеді. 

“Бала “қуыршақ” емес. Ойы мен санасы, тәні бар адам. Ештеңе түсінбейді деп ата-ана баланың алдында өзін қалай болса солай ұстайды. Бұл дұрыс емес. Бала ананың құрсағына жатқанда да бейсаналы түрде миына бәрін жазып алады. Ол кейін болашағына әсер етеді. Сондықтан баланың алдында ата-ана үлгі болып жүруі керек”, – деп ақыл айтады блогер. 

Еске салайық, Фариза босанғаннан кейін, қатерлі ісікке күдік пайда болып, Түркиядан емделіп келгенін жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.