Әлем чемпионатының қола жүлдегері Әбиба Абужақынова әлемдік рейтингте ең үздік 5 дзюдошының қатарына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жақында ғана Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Grand Slam турнирінде күміс медаль иеленген Әбиба Абужақынова әлемдік рейтингтің көшін бастауға жақын. Ол әлемдік рейтингте алдына италиялық Ассунта Скуттоны, француз Ширин Букли мен жапон Нацуми Цуноданы жіберіп, 5184 ұпаймен 4-орында тұр. 48 келіде белдесетін отандасымыз рейтингтің көшін бастап тұрған Ассунта Скуттоға 2023 жылы Дохада өткен әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдесуде есе жіберген еді.

Айта кетейік, Әбиба Абужақынова жыл басынан бастап екі бірдей үлкен додада үздіктер қатарынан көрінді. Әуелі Бакудегі додада үздік үштікке ілінсе, артынан Ташкенттегі турнирде күмісті жүлде жеңіп алды.  


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.