Әлеуметтік желіде отбасылық вайн түсіріп танымал болған Ақшораевтар әулетінің келіні Динара Сайлаубайқызын жұлдызды қайынатасы жылатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

"Келінім маған пранк жасап еді, енді мен оған пранктің қандай екенін көрсетейін", – деп жазды актер. Ол шай дайындап жүрген келініне шүйлікті. 

“Шайың неге қайнамай кетті? Қашан қайнайды, тасбақаға жүн шыққанда ма? Осы, келін, айналайын, блогерлікті қойшы! Ығырымыз шығып кетті. Бір емес, екі емес, күніге сол, адамды шаршатып… Елдің әңгімесі анау, артымыздан неше түрлі сөз айтып жатыр. Өзің “қатырамын, әдемі болады” деп айтып едің, енді бөтен біреулердің әңгімесін естіп жүрміз!", – деп қатты ашуланған кейіп танытады актер.

  • "Жемқорлықтың кесірінен үйімнен қуып шықты": Досаевпен кездесу кезінде тұрғындардың бірі есінен танып қалды

  • "Ешқашан тастаған емеспін": Мейрамбек Беспаевтың әйелі отбасылық фотоларын жариялады

Атасының әзілін түсінбей қалған келін, көз жасына ерік берді. Кейін Жүсіп Ақшора мұның пранк екенін айтып, келінінің алдында билеп жібереді.

“Жүрегім қатты соғып, жылап жібердім ғой. Атам бұрын бұлай ұрыспаған ғой, әлі жаман болып жүрмін. Атамның маған пранк жасап тұрғанын білсем, мен де ойнатып жіберер едім. "Жауабы" қатты болды, шын сеніп қалдым. Енді мен атама қандай "жауап" қайтарсам екен?! Идея болса айта отырыңыздар", – деп оқырманнан көмек сұрады блогер келін.  

Еске салайық, блогер келін жұлдызы қайынатасының үйде қандай адам екенін айтқанын жазған едік. 
 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Динара Сайлаубаевна | КЫЗ УЗАТУ | БЛОГЕР (@dinara_sailaubaikyzy)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.