Бір күн бұрын ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы

ҰҚШҰ таратқан ақпаратқа қарағанда, кездесу барысында "ұйым қызметінің өзекті мәселелері, 2023 жылғы 23 қарашада Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының шешімдерін орындау барысы" талқыланып, сондай-ақ 2024 жылғы маусымда өтетін ҰҚШҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына дайындық барысы" пысықталған.

“ҰҚШҰ-ның Ұжымдық бітімгершілік әлеуетін БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне біріктіру мәселелеріне, тәжік-ауған шекарасының учаскелерін нығайту жөніндегі Мемлекетаралық нысаналы бағдарламаны іске асырудың нәтижелеріне, сонымен қоса Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекарасын демаркациялау және делимитациялауға көңіл бөлінді”, – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, Иманғали Тасмағамбетов Ресей СІМ қызметкерлеріне ҰҚШҰ марапаттарын табыс еткен.

  • Тасмағамбетов: Батыстың қару-жарақ жеткізуі бейбіт келіссөздердің болатынын жоққа шығарады
  • Ресей 2022 жылдың қаңтарында Қазақстанға ҰҚШҰ әскерлерін жөнелту кезінде шешуші рөл атқарған

Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.

Биыл Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етуші ел болды. 10 қаңтарда Марат Сыздықов ұйымның Тұрақты кеңесін басқарды. Ұйым 2024 жылға дейін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда жеті бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізуді жоспарлаған.

Бұған дейін Тасмағамбетов "ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгершілік әлеуеті өзінің тиімділігін 2022 жылдың қаңтарында Қазақстандағы дағдарысты жағдайды жеңілдету кезінде көрсетті" деп мәлімдеген.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.