5 наурыз күні сағат 06:45 шамасында автобус Сүйінбай мен Шолохов көшесіндегі көпірдің бетонына соғылып, бес жолаушы зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Сүйінбай мен Шолохов көшелерінің қиылысында 85-маршруттың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылған. Зардап шеккен бес жолаушының екеуі бас ми және басқа да ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

“Екі науқас түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Барлық қажет манипуляциялық әрекеттер жасалды. Қазір науқастардың жағдайы тұрақты”, – дейді Алматы қаласы №4 қалалық клиникалық ауруханасының жедел қызмет бөлімінің жетекшісі Магадин Хайроев.

Автобус жүргізушісі де жол апатының салдарынан аяғын сындырып алған. Дәрігерлер оған шұғыл ота жасады. Қазір жағдайы қалыпқа келді. Құқық қорғау органдары апаттың себебін анықтап жатыр.

Жол апатына қатысты Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

“Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды”, – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алматылықтар мұндай апаттардың жиі қайталанатынын айтып, шағымданып жатыр.

“Мұндай жағдайға жүргізушілердің өзін-өзі ұстай алмауы себеп. Олар жылдамдық шегін сақтамайды. Қолдарынан телефон түспейді. Сонымен қатар бұл жерде жол апаты жиі болады. Көшеден шыға сала бұрылады. Бір-бірін өткізбейді. Бұрылыс жасау үшін Красногвардейскийден келеді. Кейбіреуі көтерілуге тырысады. Бұрылыс ыңғайсыз. Олар бар жылдамдықпен келіп соғылады”, – дейді тұрғындар. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.