Танымал актриса, әнші, кәсіпкер Айжұлдыз Адайбекова алғаш ана атанған сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Теңдессіз дұға” подкастына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Подкастан скриншот

Бүгінде актриса Назар есімді ұлын жалғыз өзі өсіріп отыр. 

“Ұлым дүниеге келерде өте көп қиналдым. Жүктіліктің тоғызыншы айында соқырішек болып ауырып, үш рет ота жасады. Өзімнен басқасының бәрі жылап жүр. Дәрігерлер де “баланың аман қалу-қалмауы белгісіз” дегенді көп айтты. Бірақ соны естей тұра, мен ұлымның атын тумай тұрып-ақ ойластырып қойдым. Өзім ғана оның ерекше бала болатынын сездім. Түйсігім алдамады. Әкесі жанында болған жоқ. Бірақ менің тарапымнан ол кісілерді жамандап, “Астарлы ақиқатқа” барып, жұртты шулатпадым. Бар ойым – баламды дүниеге аман-есен әкелу еді. Аяғым ауыр кезде өте көп күйзеліске түстім. Сол кезде түсіме бір кісі келіп, ақ шапан жаба беретін. Ақ түс жақсылықтың нышаны деп жоритын едім. Қазір бәріне шүкір деймін. Ұлым 2 жастан асты. Тілі ағылшынша шықты. Үйде ешкім ағылшынша сөйлемейді. Қазақша да сөйлеп, түсінеді. Үлкен адамдар секілді ойлайды. Осының бәрі үздіксіз дұға етуімнің нәтижесінде болған шығар. Ес білгелі сүре оқып келемін”, – дейді актриса. 

  • Жетісу облысының 43 жастағы тұрғыны оныншы сәбиін дүниеге алып келді

  • Ақмолалық әйел жаңа туған сәбиіне қарлы боран кезінде оны құтқарып қалған ер адамның есімін қойған

Сонымен қатар актриса бала күнінде атасының о дүниелік болар сәтінде  жанында отырып Фатиха сүресін оқыған көрінеді. 

“Ол кезде 5 жастамын. Әлі күнге дейін көз алдымда. Жалпы, біздің отбасының бәрі дінге жақын. Үйде өте жиі Құран оқылады. Марқұм атамның жаны шығарк езінде қолын ұстап отырып, “Фатиха” сүресін оқыдым. Өлім деген дүниемен сол кезде алғаш рет бетпе-бет келдім. Атам күліп көз жұмды. Мен үздіксіз білетін дұғаларымды оқи бердім. Анам маған қарап жылап отырды. Бір кезде атамның жаны шығып, бәрі үнсіз қалды. Маған тек сақалына тиіспе деді. Мен жаны шыққан кеудеден қолымды ақырын ғана алдым”, – деп сол күнді есіне алды өнер иесі. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.