Адамдар мінген автобустың Павлодар облысындағы жұмыс істемейтін "Майқайың алтын" АҚ шахтасына құлап кеткен сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

4 қаңтарға қараған түні шақыртуға шыққан құтқарушылар мінген автобустың жер астына түсіп кеткен сәті видеоға түсіп қалған. 
Автобустың ішінде кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші болған. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды.

Автобус салонында болған төрт адамның екеуі өлі табылды. Басқа құтқарушылар мен автобустың өзін іздеу 10 күннен бері тоқтаған жоқ. 

Бұған дейін құтқарушылар "Майқайың алтын" шахтасы аумағында түтін пайда болғаны туралы шақыруға шыққаны хабарланған. Олар жолда тазарту кеңістігіне құлап кеткен. Жолдағы шұңқырдың тереңдігі 150 метр екені белгілі болды. 

7 қаңтарда опырылып түскен жерді геосканер көмегімен сканерлеу арқылы автобус бес метр тереңде болуы мүмкін деген болжам жасалды. 

 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.