Қарағанды облысында көлік жүргізушісіне шабуыл жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Нұра ауданынан Астанаға барар жолда көлік тоқтатқандар рөлдегі азаматты пышақтап тастаған.

Жүргізішінің беті, мойны мен қолдары тілінген. Ол шаруасымен Астана қаласына кетіп бара жатқан. Тас жолдың бойындағы ауылдың бірінде екі адам көлік тоқтатып тұрған. Жолаушылар жүргізушіден Астанаға ала кетуін сұрапты. Бірақ әңгімесі жараспай жанжалдасып, 30 жастағы ер адам жүргізушіге пышақ ала жүгіріп, денесін кескілеп тастаған. Көліктің іші де қанжоса. Көлікті тоқтатқан екі адам анасы мен баласы екен. Полиция күдіктіні ұстады. 

“Полиция қызметкерлері ізін суытпай, аудан тұрғынына пышақ салған күдіктіні ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр”, – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.