Премьер-Министру



жүктеу 54.19 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі54.19 Kb.


«Индустриялық-инновациялық

қызмет субъектілерінің өндірістік

қызметін (технологиялық процесін)

жер қойнауын пайдаланумен

байланысты қызмет

(технологиялық процесс) деп тану

қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің 2015 жылдың

31 наурызындағы № 380

бұйрығына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына


сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет(технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылдың

31 наурызындағы № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10758 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдай операциядан тыс, және келісімшартпен көзделген, тиісті индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру барлық мерзімі, сондай-ақ басқа тұлғаға (басқа тұлғаларға) жер қойнауын пайдалану құқығын беруді тапсырудан немесе өтуден тыс, қызмет жер қойнауын пайдаланумен байланысты индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен (технологиялық процесін) тікелей келіссөздер негізінде конкурс өткізбей жасасқан жер қойнауын пайдалану келісімшартын іске асырудың барлық мерзім бойы тұрақты болып саналады.»;

3-тармақтың екінші бөлігінде:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) өндірістік қызметті (технологиялық процесті) барлауға, өндіруге және бірлесіп барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін жеткілікті және негізді көлемдердегі шикізатпен және (немесе) отынмен қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдалану келісімшартын жасасу қажеттігінің жазбаша негіздемесі;»;

мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 25 мамырындағы № 675 қаулысымен бекітілген Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық жобаларға арналған жоба бойынша ақпарат расталуға тиіс.»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Жұмыс органы өтінімді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде, ол осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда, оны қорытынды беру үшін:

1) уран мен көмірді қоспағанда, жер асты сулары мен емдік балшық, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде –индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтына (бұдан әрі- ұлттық даму институты);

2) көмірсутек шикізаты, уран және көмір бөлігінде – осы Қағидалардың
5-тармағының төртінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес қорытынды даярлау үшін және өтінімді алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жіберу үшін Комиссия белгілеген индустриялық-инновациялық даму саласындағы мамандандырылған ғылыми ұйымдарға және (немесе) сарапшыларға.

Ұлттық даму институттары жасалған шарттар негізінде Жұмыс органы үшін уран мен көмірді қоспағанда, ұлттық даму институтына өтінім мен қорытынды жер асты сулары мен емдік балшық, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде қорытынды даярлау кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық даму саласындағы мамандандырылған ғылыми ұйымдарды және (немесе) сарапшыларды тартады.

Осы Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ұлттық даму институтымен өтінімдерді сараптауға тартылатын мамандандырылған ғылыми ұйымдар және (немесе) сарапшылар сараптама жүргізуді талап ету бойынша осы салада 3 (үш) жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі болу қажет.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану туралы қорытынды еркін нысанда жасалады және мынадай:


1) өтінім беруші экономиканың басым секторында индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатын;
2) мәлімделген жоба экономиканың басым секторларында жүзеге асырылатын индустриялық-инновациялық қызметке (технологиялық процесс) жататын;
3) экономиканың басым секторларында жүзеге асырылатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің өндірістік қызметі (технологиялық процесс) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) болып табылатын негізгі бағыттар бойынша қорытындыларды қамтуға тиіс.

«Ұлттық даму институты қорытындыны дайындау мерзімі өтінімді алған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспауы тиіс, ұлттық даму институты, көмірсутек шикізаты, уран мен көмір бөлігінде жиынтық қорытындыны дайындау мерзімі Комиссия белгілеген мамандандырылған ғылыми ұйымдардан және (немесе) сарапшылардан қорытынды алған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспауы тиіс».

Өтінім осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, жұмыс органы бес жұмыс күні ішінде өтінімді қабылдаудан дәлелді бас тартуды дайындайды және Өтінім берушіге жібереді. Өтінімді қабылдаудан бас тарту, өтінімді қабылдаудан бас тартуда көрсетілген бұзушылықтар жойылған жағдайда, өтінім берушіні қайта жүгіну құқығынан айырмайды.».

7-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Комиссия шешім қабылдаған кезде қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерді, ұлттық даму институты қорытындыларымен және мынадай өлшемдері:».

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрінің

міндетін атқарушы Ж. Қасымбек






«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі
__________ В. Школьник

2016 жылғы «___»_________




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет