19 наурызда үкімет кулуарында қаржы министрі Мади Такиев Наурызды тойлау үшін республикалық бюджеттен бір теңге де бөлінбейтінін айтқан еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: korenovsk-rc.ru

Алайда Мәди Такиевтің сөзін мемлекеттік сатып алулар сайты растамады.

“Бізде Наурызды тойлауға бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Жаппай қыдыру демеушілердің есебінен жасалатын болар, бірақ бюджеттен емес. Бюджеттен бір теңге де шықпайды”, – деген еді министр. 

19 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік сатып алулар сайтында кем дегенде 15 жаңа лот бар. Бұл облыстық мемлекеттік органдардың мерекелік шараларды қаржыландыратынын растайды.

Мәселен, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұлттық ойындарды өткізуге және безендіруге 13 миллион теңге, Сәтбаев қаласында безендіруге 21 миллион теңге бөлген.

Еске салайық, бұған дейін Қаржы министрі Мәди Такиев Наурыз мейрамын тойлауға республикалық бюджеттен қаржы бөлінбейтінін айтқан еді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.