46 жастағы Гүлден Актауова 13 жыл бойы белгісіз сырқатпен күресіп, дертіне дауа таба алмай келеді. Қызы анасының жиі есінен танып, талма ауруына шалдыққанын айтады. Анар анасына мыстанның қарғысы өтіп, жын кірген деп күдіктенеді. Енді бірі жай ғана денсаулығындағы ауытқушылықтың салдарынан кейіпкердің ессіз адамның күйін кешіп жүр деп санайды. Денсаулығына шағымданбаған адамның аяқ асты ауыр хәлге түсуінің себебін “Астарлы ақиқат” бағдарламасына келген сарапшылар анықтап, көмектесуге тырысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі France 24 телеарнасына сілтеме жасап, хабарлайды. 

Фото: Видеодан скирн

Гүлден Актауова – бір қыз, екі ұлдың анасы. Қызы Анар бүгінде анасының бабын жасап, денсаулығын жақсарту үшін барын салып жүр. Анардың айтуынша, анасының аурушаң болып қалуына орыс кейуананың қарғысы себеп болған. 

“Біздің отбасы, анамның құрбысы қызымен бір үйді жалдап тұрдық. Ол үй әдемі еді, бірақ бағасы арзан. Үй иесі орыс әйел болатын. Бірде үйге келіп баласының сотталып кеткенін айтып, ішімдік ішіп отыр екен. Біз бала болғандықтан онысына мән бермедік. Сөйтіп балалармен үйдің артына барғанда орыс әйелдің жерден сынық кесені алып, ішінен әлденені оқып, көрші үйдің ауласына лақтырып жібергенін көрдік. Қателеспесем, арада біраз уақыт өткен соң сол үйдің ұлы қайтыс болды. Үйде ыдыс-аяқ сылдырлайды, есік ашылып, жабылады. Өзіміз үйде жалғыз қалуға қорқатынбыз. Үйде ит, мысық асыруға тырыстық. Бірақ 2-3 күннен соң олар өліп қалатын”, – дейді Анар. 

Бағдарламаның түсірілім тобы сол үйді іздеп, Қаскелеңге барды. Қазір ол үйдің ізі де жоқ. Жаңа тұрғындар жерді сатып алған соң ол үйді бұзып, орнына үлкен әрі жайлы баспана тұрғызған. Үй иелерінің айтуынша, оларды ешкім де, ештеңе де мазаламайды. 

“Ит те, көгершін де асыраймыз. Айналамыз да, үйдің іші де тыныш. Жазда балалар түн батқанша ойнайды”, – дейді көшіп келген жаңа отбасы.

Үйдің аумағын тексеріп көрген жас экстрасенс, медиум Әли Хайдаров үй иесінің қара магиямен айналысқанын сезгенімен, одан айтарлықтай қауіптеніудің қажеті жоқ екенін айтты. 

Анасын емдетпек болған Анар  “іштегі жынын шығару” үшін арнайы мамандардың көмегіне жүгінген. Мұндай қадамға амалсыздан барған ол анасын аяққа тұрғызу үшін бәріне баруға дайын. Әлеуметтік желіден өзін жын шығаратын маман ретінде таныстырған Фархат есімді азамат Анарға көмектесуге келісті. Бірақ бір шартпен ғана. Ол Анарға жанына бір адамды ертіп келетінін ескерткен.

Ол үйге кіре салысымен отбасы тұрып жатқан үйдің таза емесін, әлдебір дүниелер жүргенін кесіп айтты. Сондай-ақ олар көпшілікке жүздерін көрсетуден бас тартты. Тіпті түсірілім тобына да жұмыс барысын толық түсіруге рұқсат етпеді. Видеодан жын шығару барысында видеодан Гүлденнің емес, екі ер адамның дауыстары шығып жатқанын анық байқауға болады. Түсінгеніміздей, бірі жын шығарса, енді бірі шыққан жынды өз бойынан өткізеді екен. Анар бөлмеде екі жын шығаратын адам мен анасы қалған кезде не болғанын баяндап берді.

“Олар анама “көзіңді жұм да, денсаулық тіле” деді. Мен болған жағдайды бақылап отырдым. Анам ештеңе сезбеген, мен де мүлдем қорқыныш болған жоқ. Дұрыс па, жоқ па, білмеймін. Бірақ менің ойымша, бұл керемет орындалған актерлік қойылым”, – дейді Анар.  

Осы тұста дінтанушы Ернар Нартайұлы мұндай нәрсеге сенудің қажеті жоқ дейді. Сондай-ақ жын шығарудың ешқандай оқуы жоқ, арнайы маман да болмайды.

“Біз ғайып әлеміне байланысты мәселеде тек Аллаға және дәлелді нәрсеге ғана сенеміз. Ал ғайыппен айналысатын, нумеролог, экстрасенстерге сенуге болмайды. Ислам ойшылы Ибн Хальдуннің айтуынша, олар – ақыл-санасы дамымаған адамдарды арбайтын, өзінің жолына тартатын адамдар. Жын екі жолмен кіреді. Біріншісі, жын адамға өзі кіреді, екінші жағдайда біреу біреуге жын салуы мүмкін. Біреу салған жынның адамға кіру себебін анықтап, салдарын жойғанша оның адамнан шығуы қиын. 

Жын шығару оқытылатын мамандық емес. Жын шығарушыға қойылатын талап:

  • Ол Құранды толық жатқа білуі тиіс;
  • Құранды жаттап қана қоймай, қасиетті кітаптағы дүниелерді өз бойынан өткізіп, ұстанатын тақуа адам болу керек;
  • Жын шығару – ғайып сала. Осы салада тәжірибесі болуы шарт. 

Ескере кететін жайт: Алла сынақ қылып адамға жын кіргізуі мүмкін, сондай-ақ жын тек Алланың қалауымен шығады. Адам жын шығармайды, ол тек Құран оқиды. Қазір әлеуметтік желіде жын шығарып жатқан адамдардың жынмен тілдесіп жатқан видеолар көп. Оны ғұламалар мақұлдамайды. Құран оқиды, жын шығады. Шықпайтын болса онымен сөйлесіп, арғы жаққа баруға болмайды. Ол ғайып әлем. 

Жын шығарудың жолдары бар. Имам тікелей адамнан жын шығарады. Одан бөлек, жын тікелей байланысқа түспейтін жағдайлар болады. Жын бірден сөйлеп кетпеуі мүмкін. Оған уақыт керек. Бұл жағдайда азаматтың өзімен бірге ертіп келген адамның ішінде жын бар. Ол осы ер адам мойындатқан жын. Сол арқылы науқастың ішіндегі жынмен байланысқа түседі. Бірақ ғалымдар жынның сөзіне сенуге болмайтынын айтады. Бір жынды шығарамын деп екінші жынды шығаруға болмайды”, – дейді Ернар Нартайұлы.

Алайда Гүлденнің өзі ішіне жын кіріп кетті немесе біреудің қарғысы өтті дегенге сенбейді. Дертіне тек медицина ғана көмектесе алады деп санайды.

“Қазір жағдайым нашар. Ай сайын есімді жоғалтып, құлап қаламын.  Қазір есімнен танып қалуым жиіледі. Құлаған сәт пен оянған кездегі аралықта ештеңе есімде қалмайды. Есте сақтауым да нашарлады. Маған тек дәрігер көмектесе алады деп ойлаймын. Менде айтарлықтай күйзеліс болған жоқ. Бар ойым балаларды аяққа тұрғызу болды. Соңғы кездері қатты ыстықтаймын. Аяқтарым, мойным, басым, құлағым ауырады. Артымнан иттермен адамдар қуып келе жатқандай болады”, – дейді Гүлден Актауова. 

Бағдарлама барысында экстрасенс, медуим Әли Хайдаров Гүлдан ханымның ішінде жынның бар-жоғын тексеріп көрді. Алайда оның айтуынша, әйелден ешқандай сиқырдың ізін немесе жынның барын көрмеген. 

Психолог Салтанат Сапар келіншекте ешқандай жын да, қарғыс та жоқ дейді. Бұл белгілер денсаулықта қандай да бір кінәраттың барын білдіуі әбден мүмкін деп санайды.

“Менің ойымша, егер бұл кісі талып қала берсе, жүйкесі тозса гормонда проблема болуы мүмкін. Адамның ағзасында кортизол мөлшері жоғары болғанда ол үнемі бір қорқынышта, үрейде жүреді. Ондай кезде кез келген адам жануарға айналып кетеді. Егер сізде эпилепсия, гепоксия болатын болса, жын шығару емес, жақсы емханаға барып, толық тексеруден өту керек”, – дейді психолог.

Осылайша Алматыдағы психикалық сауықтыру орталығының басшылығы Гүлден ханымның құжаттар реттелісімен бірден ем-шара жасауға кірісетінін айтып, уәде берді.

“Науқас облыстық ауруханада есепте тұр екен. Диагнозы қойылған. Егер науқас қалалық психикалық сауықтыру орталығында емделіп, қаралғысы келсе, қалалық тіркеуге тұрып, бізге тіркелуге құқы бар. Алдағы уақытта біздің орталықтың бақылауында болады. Оның дәрі-дәрмекті тегін алуға мүмкіндігі бар. Толық тексеруге өту үшін дүйсенбі күні орталыққа келуге шақырамыз”, – деді орталық директорының орынбасары Жанна Жолдыбаева.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.