Алматының орталық клиникалық ауруханасында пациенттердің ВИЧ жұқтыру дерегі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас дәрігер мен оның ауруханадағы эпидемиологиялық жағдайға жауапты орынбасары қызметінен босатылды. Ал ота жасау кезінде стандартың сақталуын қадағаламаған екі мейірбикеге тәртіптік жаза қолданыпты. Тексеріс қорытындысы құзырлы органдарға жолданған. 

“Былтыр шілде айында Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада үш пациенттің ВИЧ жұқтырғаны анықталды. Тексеру жүргізген комиссия бұл сұмдық жағдай адами фактормен, атап айтқанда, орта медперсоналдың инвазивті манипуляция жүргізу кезінде операциялық процедура стандарттарын бұзуымен және олардың қызметіне бақылау болмауымен байланысты деген қорытындыға келді. Қазір ВИЧ-инфекция жұқтырған үш пациент СПИД орталыққа диспансерлік есепте тұр. Сондай-ақ жеке емдеу схемасы бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілген. Оларға жергілікті бюджет есебінен барлық қажет медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр”, – дейді денсаулық сақтау министрлігі, санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов.

Еске салсақ, маусым айында Алматыдағы орталық ауруханаға түскен 5 науқас ем алу кезінде АИТВ жұқтырып алғаны туралы жазған болатынбыз.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.