ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова елімізде 2023 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел мен 7 бала қайтыс болғанын мәлімдеді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Депутаттың Facebook парақшасында бір жыл ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 99 мыңнан астам өтініш түсіп, балаларға қатысты 2 452 қылмыс жасалғанын жеткізді. Ешкімді бей-жай қалдырмаған бірнеше атышулы істер болғанын да атап өтті. 

Оның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы дайын және ол кез келген күні Мәжілісте талқыланатын болады. 

  • "Досымның әйелі үйден кетіп қалды": Әнші Индира Расылхан Роза Әшірбаеваны отбасылардың ажырауына себепкер деп кінәлады

  • Қазақстандық косметика дүкені әйелдерге соққы ізін қалай жасыруға болатынын айтып, видео түсірді

"Алайда, мемлекет басшысы атап өткендей, агрессия мен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қоғам толықтай бас тартпаса, қандай заңнамалық өзгерістер болса да тиімді болмайды. Отбасы институтын нығайту, адам мен тұлға құқығын құрметтеуге, ішкі өзара сыйластыққа тәрбиелеу – осы құрамдас бөліктердің барлығы тепе-теңдікте болса, адам құқығы деген институттың құрылысы басталады. Адамның барлық құқықтарын конституциялық түрде бекітіп, мемлекет тарапынан қорғап, жүзеге асыру біздің қолымызда", — деді ол.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.