Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Ақмола облысында тас жолда 11 көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аршалы аудандық полиция бөліміне Екатеринбург-Алматы тас жолының 1318 шақырымында, Бірсуат,ауылының маңында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болғаны туралы ақпарат түскен.

Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, сонымен қатар жылдамдықты асырып, Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқан.

  • Петропавлда жолдың сапасына шағымданған көлік жүргізушілері әкімдікті сотқа бермек
  • Төрт адам жансақтау бөліміне түскен: Жамбыл облысында болған ірі жол апаты салдарынан 25 адам зардап шекті (видео)

Оқиға салдарынан барлығы 11 көлік пен бес адам зардап шеккені айтылады. Олардың барлығы түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.

Toyota көлігінің екі жолаушысы мен Volkswagen Polo жолаушысы үйлеріне шығарылды, Toyota жүргізушісі мен оның жолаушысы ауруханаға жеткізілген.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.