Биыл көктемгі су тасқыны біраз елді мекендерге қауіп төндіруде. Соның ішінде Қаратөбе, Теректі аудандарында және Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы облыс бойынша тасқын су салдарынан 5 көпқабатты, 400-ден астам тұрғын үй және 17 әлеуметтік маңызы бар нысанды су басты. Атап айтсақ, Орал қаласы, Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Қаратөбе аудандары. Елді-мекендердегі тұрғындар эвакуациялық пункттерге көшіріліп, үй жануарлары қауіпсіз аумақтарға айдалды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар тіркелмеген.

Бұдан басқа, 19 автожолдардың (1 респ, 3 облыстық, 15 аудандық), 28 учаскені су шаю фактілері анықталды. 

Табиғи апат айтып келмейді, жан-жақтан келген еріген қар суы лық толып, еш мүмкіндік бермеді. Абырой болғанда адамдар дін аман.

"АMANAT" партиясының бастауыш ұйым төрағалары мен мүшелері, партияның белсенді азаматтары оқиға орнында халықпен бірге болып көмек көрсетуде. 

Жастар рухы белсенділері тәулік бойы кезекшілікте жүрген төтенше жағдай департаменті қызметкерлеріне ауызашар уақытында ыстық тамақ үлестіріп, қолдау білдірді. 

Ағын су салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында партияластардан гуманитарлық көмек жиналуда. Сонымен қатар облыстық, қалалық мәслихат депутаттары облыстық партия жанына ашылған есепшотқа материалдық көмек ретінде қаражат аударып, барлық деңгейдегі партия филиалдарының қызметкерлері біркүндік жалақыларын аударып көмек көрсетуді. Гуманитарлдық көмектің бірінші партиясы бүгін түске дейін Қаратөбе ауданы орталығына жеткізілетін болады. Жиналған көмек барлық төтенше жағдай режимі жарияланған аудандарға жеткізілетін болады. 

Сонымен қатар, төтенше жағдай режимі жарияланған бірқатар аудандардағы елді-мекендердің тұрғындарымен кездесіп, олардың арыз-тілектерін тыңдап, су басқан үйлердің жағдайымен танысу үшін облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Жастар рухы белсенділері және облыстық партия филиалы қызметкерлері барды. 

Партия басшылығының шешіміне сәйкес, AMANAT партиясының бірқатар облыстық филиалдары тарапынан Батыс Қазақстан облысы халқына материалдық және жөндеуге қажетті материалдармен көмек көрсетілетін болады.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.