Ақмола облысында такси жүргізуші есірткіге мас күйінде жолаушы тасымалдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: polisia.kz

Есірткіге мас күйінде минивэн жүргізушісі бес адамды тасымалдап, олардың өміріне қауіп төндірді. Оның марихуананы пайдаланғаны анықталды. 

"Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды облыстық патрульдік полиция батальонының 4-взводының қызметкерлері анықтады. 22 қаңтарда "Автобус" және "Тасымалдаушы" жедел-алдын алу іс — шаралары аясында полиция қызметкерлері Жақсы – Есіл-Бұзылық автожолында Қостанай қаласының 34 жастағы тұрғынының басқаруында Toyota Alphard маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеріс барысында полицейлер жүргізуші танымал мобильді қосымшаны пайдалана отырып, елордадан Қостанайға жолаушыларды жеке тасымалдаумен заңсыз айналысқанын анықтады. Сонымен қатар, жолға шығар алдында және жолда ер адам "марихуана" есірткі затын қолданды, осылайша тоқтатқан кезде салонда болған бес жолаушының өміріне қауіп төндірген”, – деп мәлімдеді полиция департаментінің өкілдері. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.