Ішкі істер министрі ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің шартты түрде сотталғанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл ақпаратты мәжіліс алаңында ішкі істер министрлігінің басшысы Ержан Сәденов растады.

"Үкім мәселесі судьялардың еншісінде. Біздің құзырымыз бойынша бұл азамат қазір пробациялық бақылауда. Тәртіп бар, иә, тұрғылықты жерінің аумағынан кетуге құқығы жоқ, яғни шартты түрде сотталған . Үкімде осының барлығы көрсетіліп, "елден кетпеуі керек, тұрғылықты жерінде отыруы керек" делінген, – деді Ержан Сәденов.

19 наурызда мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қаңтар оқиғасы бойынша Самат Әбіштің шартты түрде сегіз жылға сотталғанын хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін Самат Әбішке қатысты "Қаңтар оқиғасы" кезінде билігін және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айыппен сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы жазған едік. 2024 жылдың 15 қаңтарында Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.