Ақтөбеде полицейлер өздерін видеоға түсірген тұрғынды билік өкілдеріне қарсылық көрсетті деп төрт тәулікке қамауға алған. Ешқандай заң бұзбағанын дәлелдеген тұрғын сотта жеңіп, полицейлерден моральдық зиян үшін 1 миллион теңге талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық сотта 39 жастағы Олжас С. бір күн бұрын көлік жуу орнынан қайтып келе жатқанында өзін жеті полиция қызметкері қоршап алғанын айтады. Агрессивті әңгіме кезінде ер адам өзін қорғау үшін телефондағы камераны қосып, не болып жатқанын бейнеге түсіре бастаған. Бірақ соңында оны жерге құлатып, қолына кісен салып, полиция бөліміне алып кеткен.

Олжас С. полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан. Салдарынан ер адам төрт күнге қамалып, істі сотқа жіберілген.

Алайда сотта тұрғынның еш кінәсі жоқ екені анықталды. Облыстық сот алқасының судьялары учаскелік инспектордың баяндамасында Олжас С.-ның қандай талапты орындамағанын нақты жазбағанын атады. Ер адам түсірген кадрларда оның заңсыз ештеңе жасамағанын көруге болады. Полицейлер тұрғынның құқығын шектеп, тоқтау себебін түсіндірмеген. Сонымен қатар өздерін оларды камераға түсірмеуін талап еткен.

Сот алқасы полицияның видео түсіруге қарсы шығу талабын заңсыз деп шешті. Заң бойынша полицейлерді төтенше жағдай режимі жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақта тергеу әрекеттері кезінде ғана видеоға түсіруге болмайды.

  • Атырауда тұрғын сот арқылы әкім қаулысының күшін жойды

  • Батыс Қазақстанда күйеуімен мүлікті бөліскісі келмеген әйел оны өлтіретін адам жалдаған

Сондай-ақ, олар азаматты дәлелсіз қамап, әкімшілік іс қозғаған полиция қызметкері Олжас С. — ны адвокатпен қамтамасыз етпеген. Басылымның хабарлауынша, ұсталған адам тіпті өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бірақ оны жедел жәрдем бригадасы құтқарып қалған.

Сот алқасы оның іс–әрекеттерінде құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты істі тоқтату туралы қаулы шығарды. Сонымен қатар Олжас С. — ға әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту салдарынан алынған моральдық зиян үшін өтемақы талап ету құқығын берді. Тұрғын мемлекеттен моральдық зиян үшін 1 миллион теңге талап етті. Сот оның талабы заңды деп шешті. Алайда Қаржы министрлігі оған 200 мың теңге төлеуге міндеттелді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.