ІІМ Шымкент пен Павлодар қалаларынан оқу орындары мен жатақханаларда әлімжеттік көрсетіп, несие алдырған және қамап ұстап ақша бопсалаған бір топ жастар ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет Polisia.kz-тен

Полицияның мәліметінше, 23 қаңтарда Шымкент және Павлодар қалаларында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бопсалау, тонау, алаяқтық, бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша екі жастар тобы ұсталды.

Олардың бірі Павлодар облысында 18 бен 23 жас аралығындағы бес жас жергілікті тұрғындар болып шықты.

“Күдікті адамдар криминалдық идеологияның ықпалымен өздерінің құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында қорқыту және күш қолдану арқылы онлайн-қосымшалар арқылы несиелер ресімдеуге мәжбүрлеген. Содан кейін ақша және тауарларын алған. Оларға бопсалау, тонау және алаяқтық қылмыстары бойынша айып тағылды. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

  • "Есік пен терезе сынған": Қызылордалықтар сауда орнындағы жеңілдік үшін бірін-бірі таптап кете жаздады (видео)

  • "Адамдар таптап, жамбас сүйегі сынған": Алматылықтар жер сілкінісі кезінде бастан кешкендерін айтып берді

24 жасқа дейінгі алты адамнан тұратын тағы бір қылмыстық топ Шымкентте анықталды.

“Фигуранттар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, өздерінің құрбандарын қорқыту, ұрып-соғу және бас бостандығынан заңсыз айыру арқылы ірі көлемдегі қаражат бопсалаған. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деді Қуандық Алпыс.

Көрсетілген фактілер бойынша Шымкент қаласы және Павлодар облысы полиция департаменттерінің тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Ұсталған адамдарға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.