Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова басына түскен ауыр оқиғасын еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Adal adam youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhanar_aizhanova/

Әншінің алғашқы жолдасы қайтыс болғанда қызы шақалақ күйінде қалған. 

“Баяғыда бір қызық оқиға болған. Сол кезде қатты қорланып едім. Қазір күліп еске аламын. Жолдасым қайтыс болған уақыт. Қызым қырқынан шығып та үлгермеген. Бір күні үйге ауылдағы өзімнен 4-5 жас кіші жігіт келді. Намаз оқитын молдалықтан хабары бар еді. Өзі сақал өсіріп алған. Онысы 4-5 дана ғана, соны аузына салып отыр. Күйеуімнің қайтыс болғанына жыл да толған жоқ. “Жанар, сен күнәһарсың. Күйеуі өлген әйел 90 күннен кейін күйеуге шығуы керек” деп соғып отыр. Мен қатты қорланып, үйден қуып шықтым. Сонда маған “байға ти” деп ақыл айтуға келген. Дәстүрлі діннен адасқан адамның түрі”, – деп еске алады әнші.  

 

  • Елімізде дін туралы заң қатаңдатыла ма – Ақпарат министрі жауап берді
  • Танымал блогер хиджабын шешіп тастады

Сонымен қатар өнер иесі әріптестерінің арасынан дінге бет бұрып, кейін қалыпты өмірге оралғандарды да жасырмады. 

“Атын айтпай-ақ қояйын, бір танымал әншімен көрші тұрдық. Күн сайын үйге діни кітаптарды әкеле берді. Бір күні ренжісе де, “айналайын, маған дініңді тықпаламай-ақ қой, өз дініме адалмын. Сен ұстанатын дін жолыңмен жүре бер” деп айттым. Дауысы керемет әнші болғанымен, дінге кетіп қалды. Бірақ кейін діннің табынушысы болып кеткенін түсініп, өнерге бет бұра бастады. Өнерде жүрген мұндай әріптесім көп. Қайбір жылы республикаға гастрольге шықтық. Бізді әр қаланың арасына автобуспен алып жүрді. Сол кезде де бір танымал әншіміз ақ матаға Құранды орап алып, оқып жүрді. Арасында бізге уағыз да айтып қояды. Ұстанатын дініңді әркімге тықпалау дұрыс емес”, – деп түсіндіреді өнер иесі. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.