Алматы әуежайының ескі терминалын жөндеуге 10 млн доллар жұмсалмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pinterest.com 

Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының президенті Алп Эр Тунга Ерсой мәлімдеді.

"Біз жаңа халықаралық жолаушылар терминалының құрылысына 200 миллион доллардан астам қаражат жұмсадық, сонымен қатар біз тек ішкі рейстерді қабылдайтын қолданыстағы ескі терминалды жаңартуға шамамен 10 миллион доллар жұмсауды жоспарлап отырмыз", – деді әуежай басшысы.

Қолданыстағы терминал жаңартылған соң Алматы халықаралық әуежайының жалпы өткізу қабілеті жылына 14 миллион жолаушыға дейін артпақ.

2023 жылы әуежай 9,5 миллион адамға қызмет көрсеткен. Жаңа терминалдың телескопиялық көпірлері ұшақтың көлеміне байланысты бір уақытта жеті ұшақты қабылдай алады.

"Жаңа халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы 87 пайызға аяқталды", – деді Алп Эр Тунга Ерсой.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әуежайында автотұрақ тарифі көтерілгені туралы жазған едік.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.