Үкімет қаулысымен Әбілхайыр Тамабек ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол басқа жұмысқа ауысады.

Тамабек 1994 жылы 5 шілдеде Жамбыл облысында дүниеге келген. 2015 жылдан бері ұлттық экономика министрлігінде, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде, Жамбыл облысы әкімдігінде, ауыл шаруашылығы министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

  • Вице-премьер Дүйсенова Ажар Ғинияттың жұмыстан не себепті босатылғанын айтты
  • Қайрат Сатылбалдыұлының қылмыстық ісіне қатысты 44,6 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды

2022 жылдың сәуірінде ол Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында вице-министр Тамабек пен мәжіліс депутаты, "Республика" партиясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров арасында кикілжің орын алған еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.