Щучинск қаласында 1997 жылы туған қыздың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі aqmolive Instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Кокшетау сегодня

Мәйіт 11 наурыз күні таңертең "Балдәурен" лагері бағытындағы шлагбаумның жанынан табылды. Басылымның мәліметі бойынша, қайтыс болған Ресей азаматы Татьяна Михайлова екені анықталды. Кейінгі екі жыл ол Щучинск қаласында жігітімен бірге тұрған.

Алдыңғы күні түскі ас кезінде ол қаңғыбас иттерді тамақтандыруға кеткен. Жігіттің айтуынша, Татьяна кешкі сағат 19:00-де қоңырау шалып, қатты жаурап қалғанын айтып, оған ыстық ванна дайындауды өтінген. Сонымен қатар қазір үйге баратынын айтты. Алайда осыдан кейін байланысқа шықпады. Ол алкоголь ішпеген, есепте жоқ.

Ақмола облысының полиция департаменті мәйітті алғашқы тексеру кезінде қандай да бір дене жарақаты анықталмағанын, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Сараптама нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады. Алдын ала ақпарат бойынша, өлімге үсіп қалғаны себеп болған.

Бұған дейін Көкшетауда белгісіз біреулер 2-сынып оқушысын ұрлап кетпек болғанын жаздық. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.