Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны аумағында мұнай төгілгені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: naked-science.ru

Бұл туралы Глобус орталығының атқарушы директоры Галина Чернова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Ғарыштық мониторингтің мәліметтері бойынша, 30 наурызда Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны аумағында мұнай төгілуі анықталды. Ғарыштық мониторингті жүзеге асырған топтың мәліметінше, "eуропалық Sentinel-1A радиолокациялық суретінде қазақстандық Қашаған мұнай өндіру алаңының маңында төгілген төгінді көрсетілген", – делінген жазбада. 

Чернова төгілген аумақ шамамен 7 шаршы шақырым екенін, төгіндінің Каспий теңізінің солтүстігіне қарай жылжығанын атап өтті. 

Атырау облыстық экология департаменті Қашаған кен орны аумағында мұнайдың төгілу фактілері негізінде мұнай өндіру орнында визуалды тексеру және сынама алу үшін теңізге шығатындарын хабарлады.

"Егер бұл фактілер расталса, қоршаған ортаны қорғау департаменті NCOC компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Нәтижелер қосымша хабарланады", – делінген хабарламада. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.