Жетісу облысында Алакөл жылу кәсіпорнының бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com

"Сот үкімімен "Алакөлжылу" ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", – делінген прокуратураның хабарламасында.

Облыстағы прокуратураның мәліметінше, қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған.

  • Сәтпаев қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

  • Алматының Жетісу ауданы әкімінің орынбасары пара алу ісі бойынша алты жылға сотталды

Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып,  тергеп-тексерілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2024 жылы 3 ақпанда "Тиолайн" компаниясы тең иелерінің бірі Виктор Долгалев жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланғаны үшін ұсталғанын жаздық. Сонымен қатар Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы 2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.