Елімізде букмекерлік кеңселер мен лотерея ұйымдастырушыларды әр ойын мен оның қатысушылары туралы барлық деректі Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) беруге міндеттемек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет: Simple

Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне мына мәліметтерді өткізуге тиіс:

қатысушының ЖСН нөмірі, қатысушының ойын сессиясының басындағы ақша сомасы, бәс тігудің мөлшері, нәтижесі, құмар ойынының немесе оқиғаның әрбір нәтижесі контекстіндегі бәстің есептелген ұтыстарының немесе ұтылыстарының сомасы, есептелген жеке табыс салығы. Қатысушының ойын сессиясының соңында төленген сома және ақша сомасы Қаржы министрлігінің бұйрығының жобасынан туындайды.

Ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, алынған ақпараттың сақталуын және құпиялығын қамтамасыз етеді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.