12 жасар Кәусар Ғалымжанқызы Лондонда шетелдіктерге қазақ тілін үйретіп жүр. Сондай-ақ "Balapan" телеарнасы арқылы қазақстандық балаларға ағылшын Тұманды Альбион еліне алғаш көшіп барғанда небәрі үш жаста болған қыз Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінің тумасы. Ата-анасы қазақстандық "24.kz", Qazaqstan телеарналарының Ұлыбританиядағы тілшілері болып жұмыс істейді. Кәусар Лондондағы тыныс-тіршілігін Stan.kz тілшісіне айтып берді. 

Фото: @misskaussar Instagram парақшасынан алынды

Мақсатым шетелдіктердің елімізге деген сүйіспеншілігін ояту

Кәусардың айтуынша, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіне Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жиналып, қазақ тілін үйренгісі келетіндерін айтқан.  

"Мені өте мазмұнды кешке шақырды. Сол кезде алғаш кішкентай мұғалім болып, ана тілімізді үйреттім. Фан-клуб мүшелері Димаштың әндерін қазақша орындады. Ұлттық тағамдарымыздан дәм татты. Dears-тар Қазақстанға қайырымдылыққа 1 миллион теңге аударды. Бұл ақшаға Балалар ауылының тәрбиеленушілері музыкалық аспаптар сатып алады", — деді Ғалымжанқызы.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Кәусар Ғалымжанқызы Қараман (@misskaussar)

Сондай-ақ оған Исландия, Катар, Пәкістан, Малайзия және басқа да мемлекет өкілдері ұлы Абай тілін үйренгісі келетінін айтқан.

"Елшілікке жиналған нәзікжанды қауымға яғни, Лондондағы шетелдік дипломаттардың әйелдеріне де сабақ бердім. Сөздік қоры 2,5 миллион сөзден тұратын қазақ тілін бір мезетте меңгеру мүмкін емес екендігін олар мойындайды. Бірақ алғашқы қадамдарын жасап үлгерді. Сабақтар күрделі емес. Тереңдетіп оқыту мақсат емес. Мақсат — шетелдіктерге елімізді, жерімізді таныту, сол арқылы сүйіспеншілігін ояту", – дейді ана тілін жанындай жақсы көретін Кәусар. 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Ғалымжан Қараманұлы (@qaramanuly)

Ағылшын достарыма еліміздің әдеп-ғұрпы жайлы жиі әңгімелеп беремін

Кәусардың отбасымен бірге Лондонда тұрып жатқанына жеті жылға жуықтаған. 

"Анам мен әкем мені қосқанда 4 бала тәрбиелеп отыр. Үйдің үшіншісімін. Лондонға көшіп келгенімде небәрі 3 жаста болдым, қазір он екідемін. Алғашында өзге елдің әдеп-ғұрпы, тілі мен ділі таңсық көрінді. Мектеп табалдырығын да имене аттадым. Бірақ ағылшын тілін тез үйрендім. Ешқандай қиындықты сезбедім. Бүгінде ағылшын және орыс тілдерінде еркін сөйлеймін. Сыныптас достарым да көп. Бәрімен ағылшын тілінде сөйлесемін. Өзге елде жүрсем де, өз Отаныма деген сүйіспеншілігім ерекше. Ағылшын достарыма да еліміздің тілі, әдеп-ғұрпы жайында жиі әңгімелеп беремін", – дейді Кәусар Ғалымжанқызы.

  • "Босанғаннан кейін үш мезгіл ас-тамағыңды беріп, балаға қарауды үйретеді": Кәріс жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы өзге елдегі тыныс-тіршілігін айтып берді
  • "Кез келген жерде кіші әжеттерін өтей береді": Камерундағы ақтөбелік жігіт өзге елге қалай үйреніскенін айтып берді

Айтуынша, Balapan телеарнасынан шығатын "Мисс Кәусар" бағдарламасының авторы әрі продюсері – өз әкесі Ғалымжан Қараманұлы. Кәусар бастапқыда ютуб желісіндегі шетелдік, америкалық, британиялық блогерлерге еліктеп блогтар түсіріп жүрген кезде әкесі қабілетін байқап, бағдарламаға түсуді ұсынған екен. 

Фото: @misskaussar Instagram парақшасынан алынды

"Видеоға түсіріп жүргенімді сырттай бақылап жүрген әкем бір күні бағдарлама туралы айтып, ұсынысын білдірді. Қуана келістім. Себебі ағылшын тілін тек өзім білім алып қана қоймай, елдегі балалардың үйренуіне сеп болғым келді. Сөйтіп, әкем Balapan телеарнасының басшылығына ұсынысын айтып, жоспарымызбен таныстырды. Олар қабылдады. Осы жылы "Мисс Кәусардың" үшінші маусымын жалғастырдық. Інім Мистер Алмасбек екеуіміз жүргіздік. Алдағы уақытта "Балапан" телеарнасынан шығатын ситуациялық-комедиялық сериал түсіргіміз келеді. Егер телеарна ұжымының көркемдік кеңесі бекітсе, сол жобаға кірісеміз", – дейді Кәусар.

Кәусардың әкесі Ғалымжан Қараманның айтуынша, қызы Лондонда балаларға арналған драма мектебіне барып, актерлік өнерді меңгеріп жүр. Онда кәсіби мамандар Кәусарға сахнада өзін қалай ұстау қажеттігін үйретеді екен. 

"Кәусар 3 жасынан бастап ағылшын тілін үйренді. Бастапқыда балабақшаға барып, жаңа ортаны жатырқағаны рас. Жүзе алмайтын адамды суға лақтырып жібергендей болдық. Бірақ біз оның тілді меңгеріп, әлеуметтенгенін қаладық. Әлі есімде кішкентай Кәусар анасынан су ағылшынша қалай болады деп сұрағаны бар. Жаттап алу үшін балабақшаға дейін “water, water” деп бірнеше рет қайталап барды. Драма мектебінің агенттері британиялық сериалдар түсуге мүмкіндік беретін кастингтерге қатысуға көмектеседі. Бұйырса, Қазақстанның атын шығаратын әлем жұлдызы болады деген зор үміттеміз", – деді әкесі.

Кәусар Ғалымжанқызы қазіргі таңда Лондонда қыздарға арналған Элизабет Гаррет Андерсен орта мектебінің 7-сыныбында оқиды. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.