Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлытау облысы бойынша есірткі жеткізудің контрабандалық арнасының жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаңтар айында ҰҚК оперативтері есірткі және психотроптық заттарды сатуға күдік бойынша Жезқазған және Сәтбаев қаласының 4 тұрғынын ұстады.

Тінту кезінде олардан 20 килограмм марихуана, 2 килограмм гашиш, 250 грамм "Альфа-PVP" психотроптық заты және ЛСД препаратының 30 "маркасы" тәркіленді.

"Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады ҰҚК.

Еске салсақ, Ақтау әуежайында 300-ге жуық есірткі контейнерін жұтып қойған екі шетелдік ұсталған еді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.