Түркістанда базар күзетшілері кәмелетке толмаған цирк әртістерін соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
CMN.KZ басылымының жазуынша,Түркістанда ағайынды немістерден құралған "Ағайынды Гертнер" циркінің гастрольдік сапары үзілген. Себебі 26 наурызда жас өнерпаздар төбелесіп, нәтижесінде жарақат алып қалған.
"Алтын бұлақ" базарында болған қақтығыс кезінде неміс өнерпаздарының бірінің қолы, екіншісінің жақ сүйегі сынған. Медициналық көмек көрсеткеннен кейін Германия азаматтары ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Ағайынды Гертнерлердің бірі 15 және ал екіншісі17 жаста екені айтылады.
- Түркістан облысында 11 жастағы қызды зорламақ болған ер адам 15 жылға сотталды
- Алматыда ер адам өзінің 3 баласына қорлық көрсетті деген күдікке ілінді
Қақтығыстың не себепті болғаны белгісіз.
Полицейлер цирк әртістерін соққыға жыққан екі күзетшіні ұстады. Олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалса, екіншісі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Бұған дейін Ақтауда "25744" әскери бөлімінің командирі әскерге шақырылған жігіттің басынан орындықпен ұрғаны туралы хабарланған.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.