Қазақстанда әуежай маңындағы заңсыз ғимараттар жаппай сүріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар әуе кемелерінің қауіпсіз ұшып-қонуын қамтамасыз етеді.

Министрлік әуежайға тым жақын салынған ғимараттардың санын анықтауды бастап кеткен. Ережені жан-жақты талқылаған комиссия мүшелері сүрілуге жататын нысан қожайындарына қанша өтемақыны берілетінін әлі шешпепті. Сондай-ақ жаңа өзгерістер әуежай аймағында биік ғимараттар мен егіс алқаптарының мүлдем болмауын көздейді.

“Әуежай маңында ауыл шаруашылық фермалары, құс өсіретін фабрикалар орналаспауы тиіс. Яғни нысанның жұмысына ештеңе кедергі келтірілмеуі керек. Санитарлық-қорғаныс аймағы болып есептелгендіктен, бұл маңда жер үй құрылысына рұқсат етілмейді. Қайта-қайта ұшақтардың ұшуынан ауаға бөлінетін қалдықтар әуежай маңында тұратын адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін”, – деді "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ аэродромдар департаментінің инспекторы Мұхтарбек Тұрлыбеков.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.